ДНҚ арқылы 90-жылдардағы ауыр қылмыстардың 10-нан астамы әшкереленді

«Павлодар және Қарағанды облысында адам өлтіру деректері әшкереленді. Аса ауыр қылмыстар заманауи ДНҚ-талдау әдістері арқылы анықталды. Күдіктілер сот шешімін күтуде», – деді ІІМ Жедел-криминалистикалық департаментінің бастығы Сергей Стихеев.
Қызылордада атракционда оператор болып жұмыс істейтін жігіт екі аяғынан айырылды

Қызылорда қаласындағы «Арай» ойын-сауық паркінде қайғылы оқиға болды. Аттракционда жұмыс істейтін 19 жастағы жігіт америкалық роликті төбешіктің рельсіне қысылып қалып, екі аяғынан айырылды.
Облыс жастары Сарыағашта бас қосты

Сарыағаш қаласындағы «Мамыр ата» спорт кешенінде Сарыағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ – нің ұйымдастыруымен «Жастар есірткіге қарсы» атты облыстық футболдан кіші турнир өткізілді. Бұл жарыс жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, есірткіге қарсы берік ұстаным, сондай-ақ спортқа деген қызығушылықты арттыруға негіз болмақ. Сайыс қортындысы қандай болды? Ойын алаңынан арнайы тілшіміз ақпарат таратсын.
Трамптың 80 жылдығы: Ақ үйге байлар мен чемпиондар жиналды, кіру құны – 1 млн доллар

80 жасқа толған Трамп Ақ үйді октагонға айналдырды. АҚШ- тың қарт президенті Дональд Трамп 80 жасқа толуына және ел тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай Ақ үйде аралас жекпе-жектен жарыс ұйымдастырды.
Конгода эбола құрбандарының саны 181 адамға жетті

Сонымен қатар қатерлі дертке 782 тұрғын шалдыққан. Қазір эболадан өлу көрсеткіші 20 пайызға артып отыр. Жергілікті дәрігерлер жұқтыру деңгейін дер кезінде анықтай алмай жатыр.
Текеліде көпбалалы ана күйеуін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Қайғылы оқиға 10 маусымға қараған түні қаладағы жекеменшік үйлердің бірінде болған. Жергілікті полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Чикагода Қазақстан азаматы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

24 жастағы Әсет Құралбай соңғы рет 2 маусымда байланысқа шыққан, ал 7 маусымнан бері телефоны өшірулі. Құжаттары мен банк карталары үйде қалған.
Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына – 101 жыл

15 маусым – Кеңес Одағының Батыры, мерген Әлия Молдағұлованың туған күні. Ұлы Отан соғысы жылдарында Отаны үшін отқа түсіп, ерлігімен ел есінде қалған қазақтың қаһарман қызының биыл туғанына 101 жыл.
Астанадағы Amanat партиясының маңдайшасы «Әділет» деп өзгерді

Жаңа атау Amanat-тың орталық аппаратының ғимаратына қойылды. Мұндай өзгерістер еліміздің басқа қалаларында да жүзеге асып жатыр екен.
Жеке үйдегі есірткі зертханасы жойылды

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысының Қарасай ауданында жасырын есірткі зертханасы анықталып, жойылды. 29 жастағы күдікті жеке үйді синтетикалық есірткі өндіретін зертханаға айналдырған.