КЕЛЕС ТҰРҒЫНДАРЫ ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

Бүгін елімізде жаңа Конституцияны қабылдау мәселесіне қатысты республикалық референдум өтуде. Таңғы сағат 07:00-ден бастап ел бойынша дауыс беру учаскелері ашылып, тұрғындар өз таңдауларын жасап жатыр. Маңызды саяси науқаннан Келес ауданы да тыс қалған жоқ.

ЖЫРШЫНЫҢ ТАҢДАУЫ

Елімізде өтіп жатқан республикалық референдум аясында Келес ауданының ауылдарында да дауыс беру процесі белсенді жалғасуда. Маңызды саяси науқанда ауыл тұрғындарының белсенділігі байқалады. №347 дауыс беру учаскесіне келген азаматтар белгіленген тәртіпке сай дауыс беріп, ел болашағына қатысты өз пікірлерін білдіруде.

ХАЛЫҚ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде жаңа Ата заң жобасына қатысты жалпыхалықтық дауыс беру басталды. Саяси науқан аясында Сарыағаш қаласының орталығындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру қарқынды түрде өтуде.

Сарыағашта референдум күні Мемлекеттік рәміздерді дәріптеген суретшілер байқауы өтті

Сарыағаш қаласындағы №653 референдум учаскесінде 15 наурыз күні өткен жалпы халықтық референдум аясында Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға бағытталған тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Аталған бастама елдің Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының маңызын кеңінен дәріптеп, жастардың патриоттық рухын арттыруды мақсат етті.

Әжелерге құрмет көрсетілді

Сарыағаш ауданында Референдум учаскесіне келген әжелерге комиссия мүшелері сый-сияпат көрсетіп, құрмет білдірді.

Учаске заңға сәйкес уақтылы ашылды

Сәуле Жаңабаева, Сарыағаш қаласында орналасқан №653 референдум учаскесінде «ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясының өкілі. Сәуле Жанабаева, өз сөзінде «Учаске заңға сәйкес уақтылы ашылды, ашылған сәттен бастап бос жәшіктердің мөрленуін байқадым – барлығы ашық әрі заң талаптарына сай, ешқандай бұзушылық байқалған жоқ. Учаскеде жағдай тыныш, адамдар жақсы көңіл-күймен алғашқы дауыс берушілер келіп жатыр, комиссия мүшелері ұлттық киіммен сыпайы әрі көмектесуге дайын. Мүгедектігі бар азаматтар үшін де барлық жағдай жасалған: кіреберісте берік пандус орнатылған, ал іште арбадағы адамдарға оңай кіруге болатын арнайы кабина бар», – екенін айтты .

ҚОСЫМША ҚҰН САЛЫҒЫ КІМДЕРГЕ САЛЫНАДЫ?

Өткен жылы Сарыағашта 340 млн тг қосымша құн салығы өндірілген. Биылдан бастап Салық кодексіне біршама өзгерістер енді. Соның ішінде қосымша құн салығы едәуір артып 16 пайызға жетті. Ал енді жыл басынан бері 763 млн тг қаражат қазынаға құйылған. Өсім байқалады. Одан бөлек аталған тармақ бойыншада бірқатар өзгерістер бар. Айыппұл, ескерту тіпті кәсіпкердің шоттарын бұғаттау бойыншада орын алған жаңалықтарды салық мамандары жеткізді.

КӨРІСІ КҮНІ – ТАТУЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

Наурыз айының кіріп келуіне байланысты елімізде Наурызнама онкүндігі де басталды. Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін бұл күндердің әрқайсысы ерекше мазмұнға ие. Соның бірі – Амал мерекесі, яғни Көрісу күні. Осыған орай бүгін Сарыағаш аудандық орталық кітапханада ұлттық дәстүрді насихаттауға арналған мерекелік іс шара өтті.

КӨНЕ ӘШЕКЕЙ – ҰЛТ ТАРИХЫНЫҢ АЙНАСЫ

Сарыағаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде 18 наурыз – «Ұлттық киім» күніне орай «Әжемнің әшекейі» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарымыздың бір бөлігі саналатын әжелерімізден мұра болып жеткен әшекей бұйымдар мен көне жәдігерлерді көпшілікке таныстырып, олардың тарихи әрі рухани маңызын насихаттау.