КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖОЛДАР ҚАРДАН ТАЗАРТЫЛУДА

Келес ауданында көлік қозғалысын күшейту мақсатында жолды қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде.Қазіргі таңда коммуналдық қызмет өкілдері арнайы техникамен жол бойындағы қарды тазалап, көктайғақтың алдын алу шараларын қолға алуда. Басты мақсат жол-көлік оқиғаларының алдын алу, түрлі апаттардың болмауына жағдай жасау және тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету.

Түркістан облысының Жетісай ауданында магистральды каналдар 40 жылдан кейін алғаш рет тазартыла бастады

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жетісай ауданындағы магистральды каналдарды тазалау жұмыстарының барысы мен нәтижелері туралы есепті тыңдады.

ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ ОРТАҚ МІНДЕТ

Келес ауданында қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі — жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбы кең көлемде талқыланды. Арнайы ұйымдастырылған форумда дәрігерлер, құқық қорғау органдары мен жергілікті билік өкілдері бас қосып, бұл мәселенің салдары мен алдын алу жолдарын ашық айтты. Осыған байланысты ерте жүктіліктің алдын алу бағытында қандай шаралар қолға алынбақ?

ЕРТЕ ЖҮКТІЛІК: БІР СӘТТІК ШЕШІМ – ӨМІРЛІК ЖАУПКЕРШІЛІК

Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының ұйымдастыруымен «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» атты аудандық форум өтті. Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу, репродуктивті денсаулық туралы дұрыс ақпарат беру және жастардың жауапты шешім қабылдауына ықпал ету. Форум барысында дәрігерлер мен психологтар жас буынға ерте жүктіліктің медициналық және психологиялық салдары жайында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.