ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛМЕК

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаевпен кездесті. Кездесуде өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялық жобаларды қолдау және институционалдық ортаны жетілдіру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Президент Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады.

Kazakhstan C командасы беделді турнирдің абсолютті жеңімпазы атанса, Kazakhstan A командасы жалпы есепте екінші орынға ие болды.

МҰҚАҒАЛИ – ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАСЫ

Сарыағаш аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай ісшара өтті. Басты мақсат – Мұқағали Мақатаевтың бай әдеби мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ БАСТАЛДЫ

Президенттің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Ақжар және Дербісек ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиын барысында аудан әкімі 2025 жылы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, 2026 жылға жоспарланған әлеуметтік-экономикалық жобалар мен алдағы міндеттерді таныстырды. Халықтың көтерген түйткілді сұрақтары мен қабылданған шешімдер қандай?

Тағы да әскеридің өлімі ашылмай қалды…

«Аягөзде оқ атылып ажал құшқан офицер Бақытжан Әріпжанның жақындары әділдік іздейді. Үш жыл бұрын әскери бөлімде мәйіті табылған марқұмға эксгумация жасалған», – деп хабарлайды stan.kz.

Тоқаевтың ChatGPT қазақстандық аналогына көңілі толмады

“KazLLM бағдарламасының іске қосылғанын хабарладыңыз, бірақ кейбір кемшіліктерге байланысты оған сұраныс аз екенін білемін. Адамдар GPT чатын пайдаланады, бірақ KazLLM-ді пайдаланғысы келмейді. Не болып жатыр?» – деп сұрады Тоқаев.