«Алтын күз-2025» мерекесі өтті

Күз — еңбек пен берекенің, молшылық пен мерейдің мезгілі. Осыған орай, Келес ауданында «Алтын күз-2025» мерекелік шарасы өтті.
Дәстүрге айналған бұл жиында ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталып, бір жылдық еңбектің нәтижесі қорытындыланды. Мерекелік шара аудан тұрғындарының көтеріңкі көңіл-күйімен өтіп, еңбек адамдарына деген құрметтің айқын көрінісіне айналды.

Дербісектің даму бағыты баяндалды

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған тұрғындармен кездесуі Дербісек ауылдық округінде жалғасын тапты. Кездесу барысында аудан басшысы өңірде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндап, елді мекеннің әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына тоқталды. Кезекті есептік жиында ауылдағы жол, жарықтандыру, тұрғын үй және білім саласында жүзеге асқан жұмыстар егжей-тегжейлі айтылды.

Тұрғындар мәселесі назарда

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес, Сарыағаш ауданы әкімдігіне қарасты кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің ғимаратында тұрғындарды жеке қабылдау өткізілді. Кездесу барысында жылыжайға, мал шаруашылығына субсидия алу және жаңа салықтық өзгерістер, сонымен қатар қайтарымсыз гранттар мен жеңілдетілген несие алу мәселелері қозғалды. Толығырақ, алдағы бейне сюжетте.

ІІМ: Есірткі қылмысына тартылған 60-тан астам жасөспірім ұсталды

Мысалы, Абай облысында полиция қызметкерлері колледждің бірінші курс студенті, кәмелетке толмаған қызды психотроптық заттарды аса ірі көлемде заңсыз сақтағаны үшін ұстады. Тінту барысында одан 16 грамм синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді.

Римде тарихи мұнара опырылып түсті

Римде тарихи мұнара опырылып түсті: құтқарушылар қиранды астынан зардап шеккендерді іздеуде, – деп хабарлайды satmedia.kz тілшісі 24kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан мен Оман көлік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан-Оман үкіметаралық комиссиясының алдағы бірінші отырысына дайындық аясында Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматов Оман Сұлтандығының Көлік, коммуникациялар және ақпараттық технологиялар министрі Сәид Әл-Мауалимен кездесті.

Жүзу мектеп бағдарламасына енеді

Жүзу мектеп бағдарламасына енгізіледі: пилоттық жоба 2026 жылы Астана мен Алматыда басталады, – деп хабарлайды satmedia.kz тілшісі. Бұқаралық спортты дамыту, халықтың су спорт түрлерімен айналысуға тартылуын арттыру мақсатында жүзу сабағы дене шынықтыру бойынша мектеп бағдарламасына енгізілетін болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Qazaq Aquatics Федерациясының бас хатшысы Дмитрий Баландин мәлімдеді.

Қазақстанда шаруалар үшін кредиттік желілер тетігін енгізу жоспарлануда

Қазақстанда шаруалар үшін кредиттік желілер тетігін енгізіледі, – деп хабарлайды satmedia.kz тілшісі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында мәлімдеді. Ол Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыру тәжірибесі жалғасып жатқанын алға тартты.