Ыстанбұлда Қазақ киносының күндері өтті

Ыстанбұлда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы бірлесе ұйымдастырған Қазақ киносының күндері өтті. Іс-шара қала тұрғындарының, қазақ диаспорасы өкілдерінің және Ыстанбұлдың ресми құрылымдарының үлкен қызығушылығын тудырды.
Тұрғындарға тегін көмек көрсетілді

Заң мен тәртіпті нығайту, тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында Сарыағаш ауданының Алып сауда орталығында «Халық заңгері» атты кең көлемді қабылдау шарасы екінші рет ұйымдастырылды. Халықтың айтарлықтай түйікілді мәселелерін шешуге бағытталған шараға 33 түрлі сала мамандары қатысып, тұрғындарға ашық форматта кеңес ұсынылды. Ашық диалог барысында халық көтерген жағдайы қандай? Толығырақ, жиын барысында болып қайтқан тілшіміз жалғастырсын.
Келестіктерге қолжетімді құқықтық көмек

Келес ауданында тұрғындар үшін маңызды шаралардың бірі — «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Абай ауылындағы Әшірәлі Кенжеев атындағы аудандық Мәдениет үйіне жиналған азаматтар түрлі сала мамандарынан тегін құқықтық кеңес алды. Шараның негізгі мақсаты — тұрғындардың сұрақтарына нақты жауап беріп, құқықтық қолжетімділікті арттыру.
Жаңа ойын алаңшасы іске қосылды

Келес ауданында балаларға арналған тағы бір қауіпсіз әрі заманауи демалыс орны салынды. Біртілек ауылдық округінде жаңа ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына аудан басшылығы қатысып, тұрғындарды қуанышты жаңалықпен құттықтады.
САРЫАҒАШТА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Сарыағаш ауданында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Іс-шара Сарыағаш қаласындағы «Алып» сауда қалашығында ұйымдастырылды.
Оқушылардың ғылыми жобалары таныстырылды

Жаңа оқу жылы басталғалы оқушылар 56 марапатқа ие болды. Бұл – Келес ауданындағы №3 Әлия Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектептің білімге құштарлығы мен табанды еңбегінің жарқын нәтижесі. Аудан, облыс, республика көлеміндегі ғылыми жоба жарыстарында топ жарған оқушылар мен олардың жетекшілерінің жетістіктері арнайы есеп беру кешінде кеңінен таныстырылды. Толығырақ, келесі сюжетте.
Отбасылық құндылықтың өзегі – әке

«Әке — отбасының тірегі, жауапкершіліктің айқын үлгісі. Бала көбіне сөзден емес, әкенің ісінен өнеге алады. Осы бағытта Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №27 жалпы білім беретін мектепте «Әкенің баласына ғылым, адамгершілік және өнер үйрету парыз» атты аудандық семинар болып өтті. Іс-шараның мақсаты — әке тәрбиесінің мәнін ашып, ғылым-білім мен адамгершілікке баулудың маңызын түсіндіру.
Терме және халық әндерін орындаушылар

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында халқымыздың бай музыкалық мұрасын жаңғыртып, терме мен халық әндерінің мәнін, маңызы мен тәрбиелік құндылығын жас ұрпаққа жеткізу мақсатында ауданда дәстүрлі өнерді дәріптеуге бағытталған «Терме және халық әндерін орындаушылар» байқауы ұйымдастырылды. Шараға ауданға қарасты елді мекендерінен жиналған қатысушылар өз өнерлерін ұсынып, ұлттық мұраны насихаттауға үлес қосты.
«Абай» спектаклінің премьерасы өтті

Келес аудандық мәдениет үйінде “Келес” Халық театры Есенғали Раушановтың «Абай» спектаклінің премьерасы ұсынылды. Қойылымда ұлы ақынның өмір жолы ғана емес, Абай мен Құнанбай арасындағы терең қарым-қатынас мүлде жаңа қырынан ашылды. Көрерменге ұсынылған туынды — рухани тәуелсіздік пен әкелі-балалы тұлғалардың ішкі әлемін таразылайтын ерекше драмалық сахналау.
Кезекті қабылдау

Аmanat партиясы Сарыағаш аудандық филиалының ғимаратында кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Оған Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Нұрполат Талипов пен аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Құдірет Қыстаубаев қатысты. Қоғамдық қабылдауда Қапланбек ауылдық округінің тұрғыны Ақерке Мықтыбаева жеке тұрғын үйінің құжаттарын заңдастыру мәселесімен жүгінді.
Азаматшаның мәселесіне қатысты қандай шешім қабылданады? Толығырақ, тілші жалғайды.