ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ШЕТЕЛГЕ 60 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ЕТ ЭКСПОРТТАП, РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында және өз Жолдауларында ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне үнемі тоқталады. Осы ретте Түркістан облысында аталған бағыт бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің басшылығымен мал шаруашылығын дамыту үшін шаруаларды кооперативтерге біріктіру, жем-шөп, өңдеу және өткізу тізбегін қалыптастыру, ветеринариялық бақылауды күшейту және субсидиялау жүйесін цифрландыру сияқты міндеттер айқындалған.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН БИЫЛ 6 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ӘСКЕР ҚАТАРЫНА ШАҚЫРЫЛМАҚ

Түркістан облысына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов іссапармен келіп, шақыру комиссиясының мүшелерімен кеңес өткізді. Кеңеске Қорғаныс істері жөніндегі департамент, Полиция департаменті басшылары, денсаулық сақтау, білім беру, қоғамдық даму, жұмылдыру басқармаларының өкілдері, сондай-ақ аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары бейне байланыс арқылы қатысты.

ҚАБЛАНБЕКТЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған Халықтық Конституцияны қолдау жұмыстары Сарыағаш өңірінде қарқынды жалғасуда. Халықтық коалиция мүшелері ауданға қарасты ауылдық округтерді аралап, тұрғындармен кездесулер өткізуде. Жиын барысында жаңа бастамалардың маңызы түсіндіріліп, реформалардың ел дамуына ықпалы жан-жақты баяндалуда.

Үкімет Каспийді зерттеуге және сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді

Президенттің Каспийді кешенді зерделеу және сақтау, сондай-ақ өңірдің экологиялық тұрақтылығын қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет резервінен «Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ға 1,1 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

ДСМ: 70,5 МЛРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛГЕН ҚАРАЖАТ ХАЛЫҚТЫ ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігісатып алу жүйесін реформалаудың нәтижесіндеүнемделген 70,5 млрд теңгені азаматтарды қосымшадәрілік қамтамасыз етуге бағыттады. Босатылған қаражат онкологиялық, жүрек-қантамыр және аутоиммундықауруларды емдеуге арналған 7 инновациялық препараттытегін дәрілер тізібесіне енгізуге мүмкіндік берді.

САМАЛ 3-КЕ САПАЛЫ СУ ҚАШАН ЖЕТЕДІ?

Сарыағаш қаласының Самал-3 шағын ауданында ауыз су жүйесінің құрылысы қарқын алған. Арман Абдуллаев нысан басына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Аудан басшысы мердігерге сапа мен мерзім басты талап екенін ескертіп, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту кезек күттірмейтін мәселе екенін ескертті.