РЕФЕРЕНДУМ – ЖАУАПТЫ ҚАДАМ

Сарыағаш ауданында 15 – наурызға жоспарланған республикалық референдумға байланысты түсіндіру жұмыстары өтті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Жарлық негізінде жаңа Конституция жобасын қабылдау мәселесі кеңінен талқыланды.

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ДАЙЫНДЫҚ

Дербісек ауылдық округіне қарасты «О. Нарбаев» атындағы зияткерлік білім беретін мектебінде аудандық коалиция өкілдері, сала мамандарымен кездесу өткізді. Жиынға насихаттық топ мүшелері Делишев Нұржан, Тешебаев Ертай және Жамиля Жолдасбековалар қатысып, бұл саяси науқанның мемлекет болашағына тікелей әсер ететінін айтып, әр азаматтың таңдауы жауапкершілік пен саналылықты талап ететінін жеткізді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысында «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде іске асырылуда.

Алматыдағы тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды үш мәрте өткізу әрекеті тоқтатылды

Қала аумағындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне заңмен рұқсат етілмеген бұйымдарды алып кірудің жолы кесілген. Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері осындай үш жағдай тіркелген және олардың барлығы тергеу изоляторында болған. Өткен жылы қала мекемелерінде ұқсас 11 дерек анықталған.

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті қазақ-қырғыз қарым-қатынасының оң динамикасына тоқталып, оған тұрақты саяси диалог, екі ел үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді ықпалдастық септігін тигізіп отырғанын атап өтті.

ЖЫР ЖҮЙРІГІ – ЖАМБЫЛ

Сарыағаш ауданы, Қызылжар елді мекеніндегі №75 мектепте қазақтың ұлы жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты кең көлемді әдеби-танымдық жиын өтті. Мектеп ұжымы мұндай рухани шаралар жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулып, әдебиетке деген қызығушылығын арттыра түсетінін атап өтті. Рухани кештің барысы жайлы толығырақ келесі бейнематериалда.