Ауғанстан Пәкістанға әуеден соққы жасады

Бұл туралы Талибан өкілдері мәлімдеді. Бұл — ауған қарулы күштерінің Пәкістанға қарсы ауқымды әскери операциясы. Ал осыған дейін Пәкістан Ауғанстандағы Нангархар, Пактика провинцияларына шабуыл жасаған. Соның салдарынан 13 бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұған жауап ретінде Ауғанстан шекара маңындағы блок-бекеттерге соққыларын үдетті. Оның 15-ін басып алды.
Шучинскте жарылыс болып, 6 адам қаза тапты

Бурабай ауданының Щучинск қаласында тұрғын үйдің астыңғы бөлігінде орналасқан «Центр плова» мейрамханасында газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шықты.
ЖАС ТАЛАНТТАР ЖАРҚЫРАҒАН КЕШ

Жастардың эстрадалық ән орындау шеберлігін шыңдап, қазақ композиторларының шығармаларын кеңінен насихаттауды мақсат еткен «Арай-2026» жас эстрада әндерін орындаушылар және мәдени іс-шара жүргізушілері байқауы өтті. Дәстүрлі өнер додасы биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі Кеңес Дуйсекеевтің 80 жылдығына арналды. Іріктеу кезеңіне 38 үміткер өтінім беріп, қазылар шешімімен 9 әнші мен 13 жүргізуші ақтық сынға жолдама алған.
АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНДЕ РЕФЕРЕНДУМ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық Ақсақалдар кеңесінің І тоқсандағы отырысы өтті. Жиында алдағы 15 наурызда өтетін республикалық референдум мәселесіне ерекше назар аударылды. Басқосуға аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Абрахманов қатысып, күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты.
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады

Ақорда резиденциясында ХХV Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын марапаттау рәсімі өтті.
Апелляциялық сот Айзат Жұманованың өліміне қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша соңғы шешімін шығарды

Сот барысында зардап шегушілердің адвокаты сотталушыға берілген жазаны қатаңдатуды сұраса, айыпталушының адвокаты керісінше, жазаны жеңілдетуді сұраған.
Германияда қазақстандық экс-судьяның өліміне қатысты тергеу уақытша тоқтатылды

Айгүл Сайлыбаеваның өліміне байланысты күйеуі Александр Донцов пен оның анасына халықаралық іздеу жарияланған. Сол үшін тергеуді тоқтатқан.
Т.ҚЫРЫҚБАЕВ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ТАРИХИ КЕЗЕҢНІҢ БАСТАМАСЫ»

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев Жаңа Конституция жобасын түсірдіру мақсатында сарыағаштықтармен бірнеше кездесу өткізді. Мәжілісмен “Арман” шипажайы, сондай-ақ, «И. Панфилов» атындағы ж.б.б.м. ұжымымен жүздесіп, референдум туралы кеңінен талқылады. Темір Базарбайұлы мен коалиция мүшелері «САРЫАҒАШ ТЕМІР ЖОЛЫ» жұмыскерлерімен де кездесіп, азаматтардың өзге де мәселелерін тыңдады.
АҒА БУЫН ТӘЖІРИБЕСІ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің негізгі мақсаты – республика ардагерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға және ақпараттық-мәдени қажеттіліктеріне жәрдемдесу. Осы ретте Сарыағаш ауданында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының IX конференциясы өтті. Конференция қорытындысында ардагерлер ұйымының алдағы кезеңдегі негізгі міндеттері айқындалып, жаңа жоспарлар бекітілді.
️Атырау облысында бір отбасының мүшелерін өлтірді деген күдікті Индонезияда ұсталды

“Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі “Кісі өлтіру” бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ер адамды ұстады”, – делінген мәлімдемеде.