ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

Созақ ауданындағы индустриялық аймақта орналасқан “UKO-S-STAR” ЖШС аумағында жалпыұлттық коалиция мүшелері өндіріс және кәсіпкерлік саласының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында елде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың мән-маңызы түсіндіріліп, оның өндіріс пен кәсіпкерлікті дамытуға беретін мүмкіндіктері кеңінен сөз болды.
КЕЛЕС – РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫН

15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында Келес ауданында дайындық жұмыстары пысықталуда. Аудандық референдум комиссиясы сайлау учаскелерінің дайындығын тексеріп, дауыс беру үдерісін ұйымдастыру шараларын жүйелеп жатыр. №1 Омар Есімов атындағы мектепте орналасқан учаскеде техникалық және ұйымдастырушылық әзірлік барысы таныстырылды.
ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҰЛЫҚТАҒАН ӘЖЕЛЕР БАС ҚОСТЫ

Сарыағаш ауданында «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен кезекті жиын Орталық медресе колледжінде өтті. Шараның басты мақсаты – ұмыт бола бастаған ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеп, қазақтың ұлттық киімдері мен мәдени мұрасын жастарға кеңінен таныстыру. Ұлттық құндылықтарды дәріптеген жиын жайлы толығырақ тілші тарқатады.
КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛДЕР ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ТОЛЫҚ ҚОЛДАДЫ

Елордадағы EXPO конгресс-орталығында «Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» ұранымен көшбасшы әйелдердің кездесуі өтті. Іс-шарада Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов және Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сөз сөйледі. Залда Қазақстанның барлық өңірінен келген мыңға жуық көшбасшы әйел – білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, ғылым, әлеуметтік салаларының және азаматтық сектордың өкілдері жиналды. Іс-шара аясында жаңа Конституцияны қабылдау бойынша 15 наурызда өтетін референдум талқыланды.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТІ ҮЙЛЕСТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен мәжіліс өтіп, үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының іс-шара жоспары жан-жақты талқыланды. Талқылауға жауапты басқармалармен қатар, Арыс қаласы, Келес, Сарыағаш, Сауран, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас, Созақ, Бәйдібек, Қазығұрт аудандарының әкім орынбасарлары, ауыл шаруашылығы бөлім басшылары, аумақтық инспекция басшылары мен мамандары қатысты.
Аңдыған және терезеден сығалаған: Атырау облысында «сталкинг» үшін үкім шығарылды

Елімізде Қылмыстық кодекстің 115-1 («Сталкинг») жаңа бабы өз күшіне енді.
Шымкенттегі көпқабатты үйдің үш бірдей пәтерінен тұрғындардың мәйіті табылды

Алдын ала болжам бойынша марқұмдардың барлығы газдан уланып ажал құшқан. Марқұмдардың ең кішісі 16 жаста болса, үлкені 32 жастағы келіншек.
Иран зымыраны Түркияның әуе кеңістігінде жойылды: Ердоған ашулы

Баллистикалық зымыран Ирак пен Сирияның әуе кеңістігін кесіп өткен. Оны НАТО-ның әуе қорғаныс жүйесі жойып жіберді.
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтың жұбайы екі әйелді ұрды деген күдікке ілінді

Қарағандыда екі тұрғын Олимпиада чемпионы, боксшы Данияр Елеусіновтің жұбайымен болған жанжалға қатысты полицияға арызданды.
АТА ЗАҢ – ЕЛ ТІРЕГІ

Қазақстан Республикасының Конституциясындағы өзгерістер елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталған. Айта кетсек 15 наурызда Республикалық референдум өтеді деп бекітті.Осы ретте Сарыағаш қаласында, халық көп шоғырланатын орында конституциялық реформаны қолдауға арналған ерекше қабырға суреті салынды. Бұл бастама – елдегі жаңа конституциялық реформалардың мәні мен маңызын кеңінен насихаттауға бағытталған.