Мексика 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында әлемдегі ең үлкен футбол сабағы бойынша Гиннес рекордын орнатты

Мексикада жексенбі күні әлемдегі ең үлкен футбол сабағын өткізіп, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл шара елдің алдағы уақытта үшінші рет қабылдайтын 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының алдында ұйымдастырылды.
Дубай әуежайы дрон апатынан кейін жабылды

Әуежайдың жанармай бактарының бірі өртеніп кетті.
Маңғыстау облысында референдум күні туған балаға Атазаң деген есім қойылды

Ол – отбасындағы тоғызыншы перзент. Ұл бала 4130 грамм салмақпен, 57 сантиметр боймен өмірге келді.
Шетелдегі қазақстандықтардың 88,6%-ы дауыс берді

Шетелдердегі референдумға арналған барлық 71 учаскелік комиссия өз жұмысын аяқтады.
Тарихи нәтиже!

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде 2-орынға көтерілді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты

«Қазмедиа орталығының» студиясында экзит-полл нәтижелері таныстырылғаннан кейін Мемлекет басшысы мәлімдеме жасады.
– Бүгін – Қазақстан үшін тарихи күн! Еліміздің азаматтары конституциялық реформаны қолдап, референдумға белсенді түрде қатысты. Отанымыздың болашағын ойлап дауыс берді. Бұл – өте жақсы оқиға. Қазір ғана экзит-поллдың нәтижелері шықты. Соған сәйкес қазақ елі түбегейлі тарихи таңдауын жасады. Халқымызға шынайы ризашылығымды айтқым келеді. Бүгін жұртымыз дауыс беріп, Қазақстанның тарихын, тағдырын айқындады. Бұл шешім дүние жүзі тарихында мәңгі сақталады. Бұл мәселе бойынша ешқандай күмәнім жоқ. Өйткені бұл – азаматтарымыздың бойындағы нағыз отаншылдық нышаны. Енді жыл сайын 15 наурызды – Конституция күні, яғни, еліміздің ең басты мерекесінің бірі ретінде қарсы аламыз. Себебі Қазақстан халқы жаңару мен жаңғыру үшін дауыс берді. Бұл – біздің бәрімізге ортақ жетістік. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! – деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы: «Жаңа Конституция – Тәуелсіздік пен егемендік тірегі»

Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық референдум аса жоғары деңгейде өткенін, ашық әрі әділ болғанын айтты.
КЕЛЕС ТҰРҒЫНДАРЫ ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

Бүгін елімізде жаңа Конституцияны қабылдау мәселесіне қатысты республикалық референдум өтуде. Таңғы сағат 07:00-ден бастап ел бойынша дауыс беру учаскелері ашылып, тұрғындар өз таңдауларын жасап жатыр. Маңызды саяси науқаннан Келес ауданы да тыс қалған жоқ.
ЖЫРШЫНЫҢ ТАҢДАУЫ

Елімізде өтіп жатқан республикалық референдум аясында Келес ауданының ауылдарында да дауыс беру процесі белсенді жалғасуда. Маңызды саяси науқанда ауыл тұрғындарының белсенділігі байқалады. №347 дауыс беру учаскесіне келген азаматтар белгіленген тәртіпке сай дауыс беріп, ел болашағына қатысты өз пікірлерін білдіруде.
ХАЛЫҚ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде жаңа Ата заң жобасына қатысты жалпыхалықтық дауыс беру басталды. Саяси науқан аясында Сарыағаш қаласының орталығындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру қарқынды түрде өтуде.