ТӨЛЕГЕН ТӘЖІБАЕВҚА 116 ЖЫЛ

Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округіндегі «Төлеген Тәжібаев» атындағы мектепте қазақтың тұңғыш психолог-ғалымы, қоғам және мемлекет қайраткері Төлеген Тәжібаевтың туғанына 116 жыл толуына орай спорт, білім, өнер қамтылуымен кең көлемді жиын өтті. Басты мақсаты – жас ұрпаққа ғалымның өмір жолын, ғылым мен білім саласына қосқан зор үлесін таныстыру болды.

БІРЛІК ПЕН АЛҒЫС МЕРЕКЕСІ

Шұқырсайда шынайы ризашылық пен құрметтің мерекесі аталып өтті. 1-наурыз – «Алғыс айту» күніне арналған салтанатты жиын ел бірлігі мен татулықтың символына айналды. Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев, этномәдени бірлестік өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысып, өзара сыйластық пен ризашылықтың маңызын айшықтады.

АУЫЛДАСТАРЫ МАРҚҰМ ҰЛДАНА МЫРЗУАНҒА АРНАП ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТТЫ

Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты Үтіртөбе елді мекенінде Астанада жарақат алған науқастарға шұғыл көмек көрсету барысында ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмған марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанға арнап ескерткіш тақта орнатылды. Туған ауылының ақсақалдарының бастамасымен ауыл амбулаториясына орнатылған ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Нұркен Әлмеш пен аудандық мәслихат депутаты Олжас Қаныбеков, Түркістан облыстық жедел жәрдем станциясының басшысы Бақыт Мырзагельдиев пен «Асықата» ауруханасы басшысының орынбасары Ерғали Сопбеков, Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Ишанқұлқызы мен туыстары, ұстаздары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеидің қазасынан кейін оның қызметін уақытша діни және саяси қайраткер Әли-Реза Арафи атқарады.

Оған ресми сайлауға дейін Ислам Республикасы басшысының міндеті жүктелді. Ол сондай-ақ Иран Конституциясы сақшылар кеңесінің құрамына заңгер ретінде кірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына алаңдаушылық білдіріп, Әмірліктердің басшылығы мен барша халқына шынайы құрметін, қолдауы мен тілектестігін жеткізді.

ҮШ ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫН ДӘРІПТЕГЕН СЕМИНАР

Құркелес ауылдық округіне қарасты Нұрлы Жол елді мекеніндегі №50 «Болатбек Омаров» атындағы жалпы білім беретін мектепте «Бүгінгі ата, әке, бала – осы ғасырдағы үш ұрпақтың мойнындағы ұлы міндет» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды. Тағылымды шараның басты мақсаты – ұрпақ сабақтастығын нығайту, отбасы құндылықтарын дәріптеу және жас буын тәрбиесіндегі ата мен әкенің рөлін айқындау.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ИСПАНИЯЛЫҚ КОМПАНИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Испанияның «Aqualia» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Басқосуда өңірдің инвестициялық әлеуеті таныстырылып, ауыз су саласындағы өзара әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.