Израиль өлім жазасын енгізді

Бұл заң жобасы нәсілдік негіздегі лаңкестік үшін сотталғандарға қатысты. Құжат бойынша үкім 90 күн ішінде орындалады және рақымшылық жасалмайды. Жергілікті басылымдар дарға асудан бөлек электр орындық және эвтаназия сияқты балама тәсілдерді де қарастырғанын хабарлайды. Заңдық тұрғыдан алғанда, Израильде мемлекетке сатқындық пен лаңкестік әрекет үшін өлім жазасы бар. Бірақ бұл тек 60 жылдай бұрын қолданылған.

СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Сарыағаш ауданында сенбілік жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Игі бастаманың негізгі мақсаты – қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастырып, тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндеу. Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Айдос дәулет

МӨЛДІР ӨНЕР МЕРЕКЕСІ

Сарыағаш ауданының орталық мәдениет үйінде халықаралық Театр күніне арналған «Мөлдір өнер» атты мәдени ойын сауық кеші болып өтті. Іс шараның басты мақсаты – театр өнерінің маңызын насихаттап, көрерменнің рухани дүниесін байыту, сондай-ақ сахна мәдениетін дәріптеу.

ҚАПЛАНБЕКТЕГІ ДУМАНДЫ КҮН!

Қабланбек ауылдық округінде Наурыз мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді. Аталған іс шараға Сарыағаш ауданының әкімі мен мәслихат төрағасы, ауылдық округ әкімі және елді мекен тұрғындары қатысты. Толығырақ мереке барысымен танысып қайтқан тілші жалғайды.

ДЕРБІСЕК АУЫЛЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Сарыағаш аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен өткен жиын Дербісек ауылдық округінде жалғасын тапты. Кездесу барысында тұрғындар сұрақтарын қойып, біршама мәселені көтерді. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Басы жұлынып кетті…

13 наурыз күні Қызылордада Тәуелсіздік даңғылы мен Есқараев көшесінің қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды. Үш көлік соқтығысып, салдарынан 45 жастағы ер адам көз жұмды. Оның соңында 6 баласы қалды. Ол апат болған күні ВАЗ-2104 көлігін басқарған.

Елімізде машина жасау өндірісін роботтандыру ісі күшейтіледі

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында машина жасау саласындағы инновацияларды дамыту шеңберінде өндірісті роботтандыру басымдықтардың бірі саналатынын мәлімдеді.