Жүректен жүрекке

Бүгін Сарыағаш аудандық орталық кітапханасында жүректерге мейірім сыйлаған ерекше іс-шара өтті. «Жылулық – жүректе» тақырыбындағы кеш мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып, олардың өміріне қуаныш пен үміт әкелуді мақсат етеді.

Н.Келімбетов және қазақ руханияты

Келес ауданында ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Немат Келімбетовтың шығармашылығына арналған «Немат Келімбетов және қазіргі қазақ руханияты» тақырыбындағы ғылыми тәжірибелік конференция өтті. Бұл шараға аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев, Өзбекстан астанасы – Ташкент пен Қазақстанның түрлі қалаларынан ғалымдар мен сарапшылар қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Зияткер жастар сайысы

Сарыағаш ауданы әкімінің кубогы үшін ұйымдастырылған IQ батл зияткерлік сайысы биыл да жастарды интеллектуалдық бәсекеге жұмылдырып, олардың қабілеттерін шыңдайтын тамаша алаңға айналды. Ойын барысы толығырақ алдағы бейнесюжетте.

Тірі өлік

Бүгін Келес аудандық мәдениет үйінде «Келес халық театры» өз көрермендерін «Тірі өлік» спектаклімен қуантты. Байғали Есеналиевтің шығармасы негізінде қойылған бұл туынды көпшілікті терең ойға батырды. Спектакльді тамашалауға келген халықтың қарасы қалың болды. Толығырақ, тілші сюжетінде.

Рухани келісім күні мерекеленді

18 қазан – «Рухани келісім күні» мерекесіне орай аудан аумағындағы діни конфессиялар жетекшілері және өкілдері бас қосып, конфессияаралық қарым-қатынастарды нығайту мәселелерін кеңінен талқылады. Дін өкілдерімен жүздескен аудан әкімі Арман Абдуллаев дін өкілдерін айтулы күнімен құттықтады.

Қылмысты болдырмау мақсатында…

Былтырғы жылмен салыстырғанда пробация қызметінде тұрғандардың саны биыл 15-ке артып отыр. Бұл туралы бүгін Сарыағаш аудандық Полиция бөлімінің ғимаратында өткен жиында жауаптылар мәлім етті. Аудан прокуроры Махсат Мошқаловтың қатысуымен өткен жиын пробация қызметінде тұрған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу мақсатында өткізілді. Толығырақ, алдағы бейнесюжетте.

Көкөніс қоймасы салынбақ

Жібек жолы ауылдық округіндегі Зортөбе елді мекенінде ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында ірі жоба қолға алынуда. Жеке кәсіпкер Қалтаев 3 гектар жер учаскесінде лимон, 50 соттық жерде көкністер өсіруге арналған заманауи жылыжай және өнімді сақтайтын қойманың құрылысын жүргізіп жатыр. Бұл жоба ауыл шаруашылығында маңызды серпіліс жасайды деп күтілуде. Осы ретте аудан басшысы кәсіпкермен жүздесіп, нысан басында жүзеге асып жатқан тірліктерді көріп қайтты.

Шекараны реттеу мәселелері қаралды

Шекараны реттеу мәселелері кеңнен талқыланды. Облыс әкімінің бірінші орынбасарының Сарыағаш ауданына жасаған іссапар барысында ол аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге өңірдің маңызды нысандарының бірі – «Жібек жолы» кеден бекетінде болды. Бұл кеден бекеті Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық өткел болып саналады, сонымен қатар Орта Азиядағы ең ірі шекаралық өткізу пункттерінің бірі.

Жолдасовтың сапары

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен келіп, ауданның инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар маңызды нысандардың құрылыс барысымен танысты. Әкім орынбасары, ең алдымен, Сарыағаш қаласында салынып жатқан кәріздік тазарту қондырғысын аралап, құрылыс жұмыстарының барысын өз көзімен көрді.

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан еңбек мұрасы

Қыркүйектің соңғы жексенбісі – еңбектің мерекесі, адал тер мен маңдай тердің күні. Бұл күн барша жұмысшы жандарға, елдің дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарына арналады. Сарыағаш ауданында да еңбегімен ел абыройын асқақтатқан азаматтар аз емес. Бүгін біз солардың арасында ерекше орын алатын екі отбасы жайлы айтпақпыз.