Сарыағашта LADA автосалоны ашылды

Сарыағаштықтардың көлік таңдауға мүмкіндігі артты. Себебі өңірімізде LADA автосалоны ашылды. Шаһар тұрғындары енді облыс орталығына бармай-ақ, сапалы әрі қолжетімді көліктерді салоннан тікелей, тиімді бағамен сатып алуына болады. Айта кетсек, LADA дилерлік желісі Қазақстанның 16 қаласында ашылған, Сарыағаш та бұл қатардан тыс қалмады.

Дәрмен Есенгелді қола жүлде иегері атанды

Аудан абыройын асқақтатқан оғландар жайында айтудан жалықпаймыз. Шардара ауданында 2006 – 2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының Чемпионаты өткенінін айтқан болатынбыз. Аталмыш чемпионатта Дәрмен Есенгелді қола жүлдені қанжығасына байлап, Еуропадағы сайысқа жолдама алды.

Авторлар: Халима Мақсатқызы, Айдос Дәулет

Электр бағаналары жаңартылады

Келес ауданындағы 5 елді мекен осы уақытқа дейін тозығы жеткен электр бағаналарын пайдаланып келген. Енді жаңарту жұмыстарынан кейін аудан тұрғындары электр жарығынан таршылық көрмейтін болады. Себебі мұнда ескірген ағаш бағаналары жаңартылуда. Ал жөндеу жұмыстарын «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС өз қаражатына жүргізуде. Толығырақ тілші материалында.

Авторлар: Халима Мақсатқызы, Айдос Дәулет

Дзюдо күресінен топ жарған – Нұрбала!

Сарыағашта жаратылысы нәзік бола тұра, ерлерден кем түспей, бірдей жетістіктерге жетіп, ауданның намысын қорғап жүрген қыздар аз емес. Солардың бірі – Нұрбала Нұрсейітқызы. Ол ағымдағы жылдың 21 және 25 маусым аралығында Шардара ауданында дзюдо күресінен өткен ҚР Чемпионатында топ жарды. Нақтырақ тілші материалында.

Авторлар: Халима Мақсатқызы, Айдос Дәулет

Қазақ өнері үшін өмір сүрген – Кеңес!

Кеңес Дүйсекеев – қазақ музыка өнеріне өлшеусіз үлес қосқан композитор. Табиғи талантымен талайға таңдай қақтырған елдің біртуар азаматы. Сазгердің 75 жасқа толуына орай, Ақ үй ауылдық клубында «Туған жер» атты еске алу кеші болып өтті. Толығырақ алдағы бейематериалда.

Төртінші билік өкілдері марапатталды

Бүгін халықтың әл-ауқаты мен қоғам тынысынан хабар тарататын  бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің  мерекесі. Осыған орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында салтанатты жиын болып өтті.
Авторлар: Халима Мақсатілләқызы, Ережеп Тұрғанбайұлы

Доп додасында оза шапқандар кімдер?

Бүгін Келес ауданының мемлекеттік қызметшілері командасы арасында кіші футболдан сайыс болып өтті. Жарысқа барлығы 12 команда қатысты. Теңбіл доптан өткен жарыс 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні және 26 маусым – нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылды.

Ардагерлер есеп берді

Бар саналы ғұмырын еліміздің өсіп-өркендеуіне бағыттаған ауданымыздағы ардақты ақсақалдарымыздың өмір жолы көпке үлгі. Бүгін Қошқар ата ауылдық округінің мәдениет үйінде Келес аудандық ардагерлер кеңесінің ІІ-конференциясы болып өтті.