Ибрахимге өмір сыйлайық!

Сәби күнінен тағдырдың тауқыметін көріп келе жатқан Шәріп Ибрахим Жандарұлына Түркия елінде ем алуы үшін 25 миллион тг қаржы керек. Диагнозы: Анапластикалық эпиндимома. Басында қатерлі ісігі бар кішкентайдың тосыннан бір ғажайып болып, аяққа тік тұрып кетуіне ана жүрегінің сенімі мол. Ақ жүректі, мейірімді, жанашыр жандардан батыр жігіттің тез сауығып кетуі үшін көмек қолын созуын сұраймыз.
Әкім болсам…

Елімізде алғаш рет тәуелсіздіктің 30 жылында болмаған сайлау науқаны болып өтеді. Енді тұрғындар жергілікті әкімдерді яғни халық қалаулысын өздері таңдайды. Құркелес ауылдық округі әкіміне үмітті Қанат Қайсарбеков сайлауалды бағдарламасын сайлаушыларға ұсынып, алдағы 4 жыл ішінде округтің көркеюіне, жан-жақты дамуына бар күш-жігерімді саламын деді.
Қош бол, балабақшам

Қабланбек ауылдық округіне қарасты «Балеркем» балабақшасының «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндері мектепке қадам басқалы тұр. Осыған орай, аталған бөбекжайда «Қош бол, балабақшам» атты салтанатты кеш болып өтті.
Маңғыстауға көмек жалғасуда

Маңғаз өлкедегі шаруалардың жағдайы мүшкіл. Биылғы аптап ыстық пен қуаңшылық зардабынан мал қырылуда. Мал азығын өңіріміздің жастары алғаш болып Маңғыстауға жіберген болатын. Шөп жинау акциясын келестік еріктілер де бей-жай қарамай, жалғастыруда. Ал жақсы істі жалғастырған Ошақты аулының жеке кәсіпкерлері де қол қусырып қарап отырмай, қолдау көрсетіп жатыр.
Жеті сала маманы халықты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшуді ұсынған болатын. Осыған орай, бүгін ауданымыздағы Халыққа қызмет көрсету орталығында қоғамдық қабылдау болып өтті. Қабылдауда қандай мәселелер қаралды? Толығырақ тілші материалында.
Биыл Құрбан айт мерекесі қалай аталып өтеді?

Құрбан айт – барша мұсылман қауымының қасиетті мерекесі. Елдегі эпидахуалдың нашарлауына байланысты құрбандық шалу екі түрлі жолмен өтеді. Онлайн құрбандық шалудың ерекшелігі неде? Айт намазы карантин режімінде жамағатпен қалай оқылады? Арна тілшісі біліп қайтқан болатын.
Вакцина қабылдағандардың саны – 37000 жетті

Екпе алу – коронавирусты тоқтатудың тиімді жолы. Жалпы ұжымдық иммунитет қалыптаспай, қалыпты өмірге келуіміз мүмкін емес. Медицина мамандары осылай дейді. COVID-қа қарсы вакцинаны кімдер алмайды? Балаларға екпе салына ма? Ауданымызда қанша адам өз денсаулығына бей-жай қарамай екпе салдырды? Толығырақ Халима Мақсатқызы тарқатады.
«Мен қазақша сөйлеймін» акциясының ІІ кезеңі өз мәресіне жетті

ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясатының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Мен қазақша сөйлеймін» акциясының 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері арасындағы ІІ кезеңі өз мәресіне жетіп, жеңімпаздары анықталды. Аталған акцияға өңірімізден түрлі ұлт өкілдері де қатысты. Байқау нәтижесі қандай? Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Сайлауалды жол картасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда

Игі істердің бастауы – Жарты төбеден басталды. Бүгін аудандық әлеуметтік сала жөніндегі комиссия мүшелері өңір әкімі және ауыл ақсақалдарымен, жеке кәсіпкерлермен кездесті. Іс-шара барысында шешімін таппаған әлеуметтік мәслелер талқыланды. Жиын соңында сарыағаштық депутаттар қайырымдылық жасады.
Шектеу шаралары күшейтілді

Түркістан облысының бас санитарлық дәрігері Нұрбек Нышанов өңір аумағында шектеу шаралары жөнінде жаңа қаулы қабылдады. Осыған орай, Сарыағаш ауданы әкімдігі, кәсіпкерлік палатасы және аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы бірлесіп, баспасөз конференциясын өткізді. Шектеу шаралары қандай болмақ? Екпені міндетті түрде алу керек пе? «ASHYQ» жобасының халыққа пайдасы қандай? Осы сұрақтардың жауабы алдағы бейнематериалда.