«Ashyq» жобасының тигізер пайдасы қандай?

«Ashyq» жобасына қатысқан нысан есіктері сіздерге таңғы 7:00 -ден түнгі 12:00-ге дейін айқара ашық болады. Ал қосымшаға қатыспағандары сағат нешеге дейін жұмыс жасайды? Аталған пилоттық жобаның артықшылығы қандай? Жалпы Келес ауданы бойынша қанша нысан жобаға тіркелген? Толығырақ әріптесім Халима Мақсатқызының бейнематериалында.

Қызылжарлықтардан Маңғыстауға көмек

Биыл елімізде жаз мезгілі қолайсыз боп жатқаны белгілі. Әсіресе, Маңғыстау өлкесі қуаңшылықтан зардап шегуде. Салдарынан, дала шөпсіз, қора малсыз қалып жатыр. Қызылжарлық тұрғындар да бұл жағдайға бей-жай қарамай, өз көмектерін көрсетті. Толығырақ Халима Мақсатқызы тарқатады.

Әкім кім болмақ?

Барша жұрт асыға күткен сайлау науқаны да жетті. Таңғы сағат 7:00-ден бастап жергілікті тұрғындар ауылды көркейтіп, жандандыратын кандидатқа өз дауыстарын беруде. Келес ауданындағы Абай ауылы, Алпамыс батыр ауылдық округіне ат басын бұрып, сайлау қалай өтіп жатқанын біз де көріп қайтқан болатынбыз. Толығырақ Халима Мақсатқызының бейнематериалында.

Маңғыстауға көмек…

Жұт – біріксек, жеңілдейді. Осыған дейін Маңғаз өлкедегі шаруаларға көмек ретінде келестік жастар шөпті орып жатқандығын, кәсіпкерлер де бей-жай қарамай, көмек қолын созғанын айттық та, көрсеттік те. Енді ерікті жастардың вагонға тиеген сығымдалған шөптері Маңғыстауға жөнелтілді. Толығырақ Халима Мақсатқызы тарқатады.

Қала көркі – жасыл-желек

Саялы Сарыағашта көркейту, абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қалаға кіре беріс тұстағы жол жиегіндегі ағаштарды аптаның 2 күнінде міндетті түрде суарады. Сондай-ақ, жауапты мекеме шаһарды жиналған күл-қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізеді. Біз айтқан жұмыстарды жандандыру мақсатында жергілікті әкімнің бастауымен арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Толығырақ Халима Мақсатқызы тарқатады.

Халық болашақ үшін таңдау жасайды

Ел президенті өзінің кезекті жолдауында ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап, халық ауыл әкімдерін өздері сайлайтынын айтқан болатын. Енді жергілікті тұрғындар өз тұлғасын сайлайды. Осы орайда, Жібек жолы ауылдық округі әкімі болуға үмітті Асқарбек Сейтжапбаров «Елім үшін аянбай тер төгемін, сенімін ақтаймын», – деп аталған округ азаматтарын өзін қолдауға шақыруда.

Ел үмітін әкім ақтар

Елімізде халықты елең еткізген сайлау науқанына байланысты әр ауыл тұрғынының көкейінде өңір басшысын дұрыс таңдау мәселесі тұр. Алпамыс батыр ауылдық округі әкіміне үміткер Ерлан Адилханов халық арасында сайлауалды бағдарламасын таныстыру жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Ел-жұрттың көңілінен шығатын аталған округке басшы кім болмақ?

«Құмар – әкім болуға әбден лайық»

Әне-міне дегенше 4 күннен соң, елімізде халық жаппай ауыл әкімдерін сайламақ. Кандидаттар сайлауалды бағдарламасымен тұрғындарды таныстыруда. Алпамыс батыр ауылдық округі әкіміне үмітті Құмар Құлмұратқа халық қаншалықты сенім артып отыр? Толығырақ Халима Мақсатқызы тарқатады.

Әкімдікке әркімнің бар таласы

Баршамызға белгілі, халық 25 шілдеде ауыл әкімдерін сайлайды. Әр өңірге ие болатын, жақсылыққа бастайтын жанашыр да іскер әкім керек. Ал Қызылжар ауылдық округі әкімі болуға үміткер – Әбдіжаппар Рахымбердиев тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр.

50 отбасыға 50 ұсақ мал берілді

Зекет – береке кілті. Ертең барша мұсылман қауымы Құрбан айт мерекесін тойлайды. Мереке қарсаңында Самал ықшам ауданында жағдайы төмен 50 отбасына ұсақ мал тарту етілді.