Қазыбек би ескерткішінің маңы қоқысқа толы

Өскелең ұрпақтың бойына даналықты, даралықты сіңіретін – ол үш бәйтерегіміздің қанатты сөздері. Қаланың қақ ортасында бой көтерген Қазыбек би ескерткішінің ауласы жасыл-желекке көмкеріліп, таза боп тұрғандығы көрген көзге жақсы. Алайда жергілікті тұрғындар рухани баюдың орнына, ескерткіш маңына қоқыстарды толтырып тастаған. Жауапты мекеме қала тазалығын неліктен жіті бақылауда ұстамайды?
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы
Келестің дарабоз дарындары

Бесқұбыр ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Келестің дарабоз дарындары» атты аудандық термешілер мен халық әндері байқауы болып өтті. Аталған сайыста жұлдызы жанып, өнердің төріне шыққан кімдер? Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Дінислам Тәліпбай
Ретсіз сауда қашан тоқтатылады?

Дәулет және Көк базар маңындағы белгіленбеген жерде сауда жасайтындардың жыры әлі де бітер емес. Олар көбіне жаяу жүргіншілердің жолына кедергі келтіреді. Саудагерлердің заңды бұзуына не себеп? Жергілікті әкімшілік осы жағдайға байланысты қандай шаралар қолданды? Нәтиже бар ма? Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы
Мектеп формасын кию міндеттеле ме?

Пандемия салдарынан мектеп формасын шығаратын фирмалар едәуір шығынға ұшырады. Себебі, өткен жылы балалар сабақты қашықтан оқу жүйесі арқылы бастағандықтан, арнайы киімді киюге қажеттілік болмады. Ал 4-тоқсанда оқу дәстүрлі форматта болып, министрліктегілер ата-аналардың әлеуметтік жағдайын ескеріп, еркін киініп келуін айтқан болатын. Биыл жаңа оқу жылындағы ережелер қандай болмақ? Оқушыларға мектеп формасын кию міндеттеле ме? Нақтырақ алдағы бейнематериалда.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ерлан Сәрсенбеков
Вакцина қалай сақталады?

Әдепкі өмірге қайтудың бір ғана жолы — екпе деп медицина ғалымдары дабыл қағып жатыр. Ал ауданға келетін мыңдаған вакцинаның дозасын қалыпты температурада сақтамаса, ол өзінің пайдалы әсерін кемітеді екен. Бізге келген екпені жергілікті ауруханадағылар қалай сақтап жатыр? Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Аман Асылбек
Карантиндегі той

Індет өрши бастаған тұста аудан тұрғындары той тойлауды әлі де тоқтатар емес. Адамға абыройдан бұрын денсаулық керек екендігін түсіне қоймаған-ау, шамасы. Өткен аптаның сенбісінде арнайы құрылған мобильді топпен бірге біздің арна да рейд шараларына қатысқан болатын. Нақтырақ алдағы бейнематериалда.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ерлан Сәрсенбеков
Дерттің дендеп кетуіне кім кінәлі?

Тәж тажалмен күресіп жатқанымызға, міне 1,5 жыл уақыт өтті. Елде вирус қайта өрши бастады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қауіпті індетті жұқтырғандардың саны – 7691. Оның ішінде Түркістан облысынан 124 адамның ПТР тестілеуі оң нәтижені көрсетті. Дертті неге ауыздықтай алмай отырмыз?
Сovid-19 қарсы екпе егу жұмыстары жалғасуда

Құркелес ауылдық округінде коронавирус індетіне қарсы халықты вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ дәрігерлер тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын да жүргізуде. Осы уақытқа дейін аталған округ бойынша қанша адам екпе қабылдады? Ал күні бүгін вакцинаның 2-компонентін алған 73 жастағы әжейдің хәлі қалай?
Елдегі эпидахуал күрделі

Коронавирус бойынша елдегі эпидахуал өте күрделі. Тек Түркістан облысы сары, ал қалған өңірлер қызыл аймақта. 23 шілдеде облысымыздың бас санитария дәрігерінің №17 Қаулысы жарияланған болатын. Нақтырақ алдағы бейнематериалда.
Токио 2020

23 шілдеде Жапония астанасы Токиода бүкіл әлем асыға күткен 32 ші жазғы Олимпиада ойындары басталды. Аламан бәсекеде Қазақстанның намысын қорғап, спорттың 27 түрінен 95 спортшы қатысуда. Оларға қолдау көрсету мақсатында аудынымыздағы көше бойларына суреттері бейнеленген баннерлер ілінді.