Жарты төбедегі сенбілік

Ауыл тазалығы – халық айнасы. Әр аптаның сенбісінде Жарты төбеде тазалық жұмыстарын жүргізу дәстүрге айналған. Осының нәтижесінде, өңірдің бұдан да әсем, таза, көрікті болғаны көрген көзге жақсы емес пе? Аталған ауылдық округтегі сенбілікті біз де көріп қайтқан болатынбыз. Нақтырақ алдағы бейнематериалда.
Қайта оралған әліппе!

Әліппе қайта оралады. Биылғы оқу жылындағы жағымды жаңалықтардың бірі – осы. Мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған оқушылардың қолына әліппені ұстату бұрыннан, 2015 жылға дейін дәстүр болып келген еді. Ағымдағы жылдың 1-қыркүйегінен бастап аталған дәстүр өз жалғасын табады.
Қылмыстық процестің жаңа форматы – үш буынды модель

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында адам құқын қорғауға бірден-бір жауапты – полиция, прокуратура мен сот өкілеттіліктерінің аражігін нақты ажыратып беретін үш буынды модель құруды тапсырған болатын. Президент тапсырмасынан кейін елімізде қылмыстық процестің үш моделі енгізілді. Бұл жаңашылдықтың тиімді тұстары қандай? Осыған байланысты Келес ауданындағы жұмыстар қандай деңгейде атқарылуда?
«Saryagash Super cup 2021»

Әуезов мектебі түлектерінің ұйымдастыруымен жастар арасында кіші футболдан турнир болып өтті. Мақсаты – жасөспірімдерге спортты насихаттау, шағын футболды дамыту. Екі күнге ұласқан сайыста оқ бойы оза шапқан қай командалар және теңбіл доптың теңдессізі кімдер болды? Нақтырақ Халима Мақсатқызы тарқатады.
«Той тойлаудың ауылы алыс емес»

Індет өрши бастаған тұста шектеу шараларына қарсылық танытатындар көбейді. Жиын, той-томалақтарды жасырынып тойлайтындардың қатары артты. Ал Келес ауданының кәсіпкерлері елдегі эпидахуал тұрақталғанға дейін мерекелік іс-шаралардан бас тартуға шақырды.
«Халық санағы – 2021»

Елімізде халық санағы тәуелсіздік алған тұстан бастап 3-рет өткізіліп жатыр. 2021 жылғы ұлттық халық санағының ұраны – «Қазақстанда әркім маңызды!». Осыған орай, Келес ауданында қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Пневмонияға шалдыққандардың саны көп

Елдегі эпидахуал тым күрделі. Оған қоса пневмония да өршіп тұр. Ауруды жұқтырғандардың көбі – адам көп жиналатын орынға барғандар. Сондай-ақ вакцина салдырмаған жандар. «Келес ауданында күніне 15-тен көп адам пневмонияға шалдығып, ауруханға түсіп жатыр» дейді ақ халаттылар. Науқастардың халі қалай? Нақтырақ тілші материалында.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы
13 елді мекенге табиғи газ жеткізілді

Бұқаралық ақпарат құралдарында жыр болған, аудан тұрғындарына мұң болған «Таскескен» автоматтандырылған газ тарату стансасы іске қосылды. Жалпы ауданда газдандыру жүйесі АГРС қосылғанға дейін 50,7 пайызды көрсетсе, енді аталған көрсеткіш 66 пайыздан асуда. Көгілдір отын берілген жергілікті халықтың қуанышында шек жоқ. Нақтырақ алдағы бейнематериалда
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ерлан Сәрсенбеков
Адамзаттың Абайы

Бүгін қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына – 176 жыл. Осыған орай, Сарыағаш ауданының орталық кітапханасында ұлы тұлғаға арнап көрме бұрышы ашылды. Аталған кітапхананың қызметкерлері баршаны рухани мерекемен құттықтап, оқырмандар Абай қалдырған мұрадан өлең жолдарын оқыды.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ерлан Сәрсенбеков
Елге төрт жүлдемен оралды

Шілденің 29 мен тамыздың 3 жұлдызы аралығында Қырғызстан Республикасында спорттың кикбоксинг түрінен Азия чемпионаты болып өтті. Аудан намысын қорғап, байрақты бәсекеге «Қажымұқан атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» кикбоксингтен құрама командасы қатысып, 1 емес 4 жүлденні ел қоржынына салды. Абыройды асқақтатқан егіз оғландар жайында толығырақ алдағы бейнематериалда.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы