Қайта жанданған дәстүр

Жарты төбе ауылдық округіндегі «Асыл әжелер» ансамблінің ұйымдастыруымен ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерімізді қайта жандандыру мақсатында іс-шара болып өтті. Осылай қолданыс аясынан шығып бара жатқан дәстүрлерді өскелең ұрпақ бойына сіңіру – біздің басты міндетіміз дейді әжелер. Аталған шарада жас келінге күміс топтама тағудың жөн-жорығын түсіндіріп, сахналық қойылым көрсетті.
Теңбіл доп додасы

Тәуелсiздiк – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетiн арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. Биыл ел тәуелсіздігіне – 30 жыл толды. Осыған орай, жастар арасында «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ!» атты футболдан аудандық жарыс болып өтті.
Еңбегі еленген ардагер жаттықтырушы

Келес ауданында футболдың дамуына сүбелі үлес қосқан ардагер ұстаз «Раушан Зупаровтың жүлдесі» үшін ересектер арасында турнир ұйымдастырылды. Аталмыш сайысқа көршілес аудандардан да командалар қатысты. 8 команданы 1 шаршы алаңға біріктірген таласты ойын нәтижесі толығырақ алдағы бейематериалда.
Мүлік және жер салығын төлеп үлгердіңіз бе?

Келес ауданының салық басқармасы көлік, мүлік және жер салықтарын уақытында төлеуге шақыруда. Осы орайда, төлем жасаушыларға біршама тиімді тұстар да қарастырылды. Ендеше салықты қалай, қай уақытқа дейін төлеуге болады? Нақтырақ алдағы бейнематериалда.
Газға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Табиғи газ – адамға берілген ұлы игілік! Сарыағаш ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары осыдан 1 ай бұрын көгілдір отын берілген Бағыс ауылы6 сонымен қатар Жемісті ауылдық округінде жылыту маусымына байланысты тұрғындар арасында түіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақсаты – газға улану секілді келеңсіз жайттардың алдын алу.
«Әр отбасы мүшесіне 204 190 тг беріледі»

Оңтүстіктен теріскейге көшсеңіз, «Еңбек бағдарламасы» шеңберінде әр отбасы мүшесіне 204 190 теңгеден беріледі. Иә, өміріңізді жақсарту үшін сізге тек батыл қадам жасау керек. Сарыағаш аудандық жұмыспен қамту орталығында «Nur Otan» партиясымен бірлесіп солтүстікке қоныс аудару мәселесі бойынша «Ашық» күні ұйымдастырылды. Толығырақ тілші тарқатады.
Бал арасын өсіруді қолға алған

Келес ауданында кәсіптің ерекше түрімен айналысатын кәсіпкер бар. Мемлекет тарапынан қолдау тауып, «Бастау бизнес» бағдарламасы аясында арнайы грантты жеңіп алған Қайырғали Жарқынбаев, бал арасын өсірумен айналысады. Қызығы мен шыжығы мол омарташы жұмысын біз де көзбен көріп қайтқан болатынбыз.
Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата заң

Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Қошқар ата ауылдық мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тірегі – Ата заң» атты салтанатты жиын болып өтті. Аталған жиында Келес ауданына еңбегі сіңген, ел дамуына сүбелі үлес қосқан түрлі сала мамандары аудан әкімінің марапатын алды. Толығырақ алдағы бейематериалда.
Қазақстанда карантин жеңілдетіледі

Елімізде карантин талаптары жеңілдетіледі. Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөнінде ведомствоаралық комиссияның отырысы өткен болатын. Жиын қорытындысы бойынша қандай өзгерістер енгізілді? Әріптесім тарқатады.
Ойдағы мәселе талқыға түсті

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дархан Мыңбай мен Елнұр Бейсенбаев Келес ауданында қоғамдық қабылдау өткізді. Өздеріңіз білетіндей, өңірде қордаланған проблемалар жетерлік. Түйткілді мәселелердің түйіні қаншалықты оң шешімін таппақ? Нақтырақ Халима Мақсатқызы тарқатады.