Әуесқой жастар кубогы

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, ауданымызда кіші футболдан турнир болып өтті. Алғаш рет Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан доп додасында командалар асқан шеберлікпен, тартысты ойынды көрсетті. Мықтылар дараланған жарыс барысын тілші жалғайды.

Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Қазақ халқы қашанда ардагерін ардақтап, қарттарын қадір тұтқан. 1-қазан асыл қазыналармыздың мерекесі қарсаңында Дарбаза ауылдық округінің әкімі Бақытсейіт Оразовтың ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара болып өтті. Қарияларды ерекше қуанышқа бөлеген жиын барысын тілші жалғайды.

Аудандық мәслихаттың кезекті XI сессиясы болып өтті

Жетінші шақырылымдағы Сарыағаш аудандық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясы болып өтті. Келелі басқосуға ауыл әкімдері, депутаттар, сондай-ақ түрлі сала мамандары қатысты. Іс-шара барысында өңір әкімі Мұхит Отаршиев 8 ай көлемінде атқарылған жұмыстарға есеп беріп өтті.

Тұмауға қарсы екпе

Күз, қыс мезгілдерінде адамдар арасында тұмау өрши түседі. Осы жағдайдың алдын алу мақсатында елімізде 15-қыркүйектен бастап, аталған жұқпалы ауруға қарсы екпе егу жұмыстары басталды. Қазіргі таңда Келес ауданына вакцинаның қанша дозасы жеткізілді? Белгіленген меже қандай? Кімдерге қабылдауға болмайды? Нақтырақ тілші баяндайды.

Улы газдан сақтаныңыз!

Жылыту маусымы жақындап келеді. «Қыстың қамын жаз ойла» дегендей, қазандықтар мен пештердің дұрыс жұмыс істеп жатқандығын күн суытпай жатып тексеріп алған дұрыс. Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығы және Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен қаламызда орналасқан көпқабатты үй тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Павлодарға жол тартты

Бүгін ауданымыздан теріскейге көшуге ниетті тұрғындар Павлодар өңірін көзбен көріп, толыққанды танысу мақсатында жолға шықты. Арнайы іс-шара аудан әкімдігі және «Ұлы көш» қоғамы төрағасы Жаңабай Ағабековтың қолдауымен ұйымдастырылды.

Жастарға жаңа жасыл алаң

Бірлік ауылдық округіндегі балалар мен жастар енді шаңды бұрқыратып, топырақта футбол ойнамайды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасының арқасында олар сырты қоршалған, табанына жасанды көгал төселген, стандартқа сай ашық алаңшада доп тебетін болады. Аталған нысанның құрылысы бітуге шақ.

Қала тазалығы баршаға ортақ!

Бүгін еліміз бойынша «Birge taza Qazaqstan» акциясы өтті. Өңір тазалығын – мәдениеттің өлшемі деп білетін Сарыағаш қаласының әкімдігі, аталған акцияға өз үлестерін қосты. Бұдан бөлек, әр аптаның сенбісінде аймақта көркейту, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырады.

Сарыағаштықтар 100% екпе алды

Бүгінгі таңда Сарыағаш ауданында екпе егу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Вакцинациялау жұмыстары 14 егу пункттері мен жылжымалы кешендерде жүргізілуде. Ауданда екпе салдыруы тиіс 101 700 адам толығымен вакцинаның 1-ші компонентін қабылдады.

Жалпыға бірдей декларация

Декларация – елдің саяси экономикалық даму принциптерін мәлімдейтін мемлекеттік құжат. 2020 жылдан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларация енгізілді. Осының төңірегінде туындайтын сан сауал жетерлік. Сонымен, бұл азаматтарға не үшін керек? Нақтырақ тілші тарқатсын.