Сарыағаш: Алтын күз мерекесін тойлады

Сарыағаш ауданында диқандар мен шаруаларға арналған «Алтын күз-2024» мерекесі болып өтті. Биылғы жыл сарыағаштық шаруалар үшін мол өнімге кенелген, толағай табысқа жеткен жыл болды. Аудандық мәдениет үйінде өткен мерекелік концертте ауыл шаруашылығы саласының үздіктеріне аудан әкімінің алғыс хаттары мен өнім өндіруден үздік деп танылған ауылдық округтер де анықталды. Толығыра,қ алдағы сюжетте.
МАМАНДАР ЕСКЕРТЕДІ

Сарыағаш аудандық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары менингит ауруының қаупі туралы халықты хабардар ету және санитарлық ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға менингиттің таралуы, белгілері және алдын алу жолдары туралы толық ақпарат беру.
ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ

Авторлар: Халима Мақсатқызы, Марат Жолдас
МЕКТЕПТАГІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚПЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСУ КЕРЕК?

Келес ауданына қарасты №41 Қаныш Сәтпаев мектебінде «Мектептегі зорлық-зомбылықпен қалай күресу керек?» тақырыбында аудандық семинар өтті. Аталған шараға ауданның бірнеше мектептерінен тәрбие ісінің орынбасарлары мен психологтар қатысты. Семинардың мақсаты – мектептердегі зорлық-зомбылықты алдын алу және оған қарсы тиімді шаралар қабылдау мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасу.
СПОРТШЫЛАР ӘКІМНІҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА

Ағымдағы жылы әлемдік спорт додаларында топ жарып, көк туымызды ареналарда желбіретіп жүрген бір топ спортшыларды бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев қабылдады. Оларға құрмет көрсетіп, бапкерлеріне де алғысын білдірді. Толығырақ, алдағы сюжетте.
САРЫАҒАШТА ЗАҒИПТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

13-қараша Халықаралық зағиптар күніне орай аудан әкімі Арман Абдуллаевтың қолдауымен ауданымызда мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап салтанатты іс-шара өтті. Шара барысында зағип жандарға сый-сияпаттар табыс етіліп, мәдениет қызметкерлерінің концерттік бағдарламасы ұсынылды. Толығырақ, ерекше сезім мен тағдырластардың басқосуына арналған мерекелік кештің барысын алдағы сюжеттен көре аласыздар.
Қызылжар: Жыр болған шағал

Күні кеше аудан әкімі Арман Абдуллаевтың Қызылжар ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі барысында тек осы бір ғана мәселе көтерілді. Жаскешуліктердің шынбайына батқан шағал ұрлау мәселесі қашан оңтайлы шешіледі? Неліктен табиғаттың байлығын заңсыз алып жатқандар жауапкершілікке тартылса да, әккі амалдарын әлі де болсын жалғастырып жүр? Толығырақ, алдағы бейнесюжетте.
Қабланбекте атқарылған жұмыстар

Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың аудан тұрғындарымен кездесуі Қабланбек ауылдық округінде жалғасты. Кездесуде, ең алдымен, аудан басшысы өңір экономикасын нығайту, тұрғындардың тұрмыстық деңгейін жақсарту бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Дербісекте қандай мәселе көтерілді?

Дербісек ауылдық округінде қаншама жылдан бері түйіні тарқатылмай келе жатқан ең өзекті пробелмалардың бірі – ауыз су мәселесі өзінің оң шешімін тапты. Халық көптен күткен таза ауыз суға қол жеткізді. Бұл туралы дербісектіктермен әкімнің кездесуінде айтылды. Ауылдық округ тұрғындары бұл жолғы жиында қандай мәселелер көтерді? Толығырақ, алдағы бейнесюжетте.
Ақжардағы кездесу

Сарыағаш ауданы әкімнің халықпен екінші жартыжылдықтағы кездесуі басталды. Бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша қоса атқарушы Мұрат Байгабулов Ақжар ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, өткен есептік жиында көтерілген мәселелердің шешілу барысын баян етіп, алдағы жоспарлармен бөлісті. Толығырақ, алдағы бейнесюжетте.