Қаржы тиімді игерілуі тиіс

Сарыағаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында мәслихат депутаттарының 7-шақырылымдағы кезектен тыс ХІІ сессиясы болып өтті. Сессия отырысына бюджет мәселесі негіз болды. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғалымжан Мейманбаев пен ауылдық округ және кент әкімдері мінберге шығып баяндама оқыды.

Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ

Биыл Қазақтың дауылпаз ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына – 110 жыл. Осыған орай, №32 Қасым Аманжолов мектебінде «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты сазды әдеби кеш болып өтті.

Сарыағаштық ұстаздар тәжірибе алмасты

Білім – білгеніңмен бөлісу арқылы көбейіп, мұнымен адамның тәжірибесі де арта түседі. Еліміздің ертеңі – жас ұрпаққа саналы білім мен сапалы тәрбие беру мақсатында №32 Қасым Аманжолов мектебінде білікті, білімді ұстаздар өзге мектеп мұғалімдерімен тәжірибе алмасты. Нақтырақ тілші сабақтайды.

Желден жарық сөніп қала беретін…

Жемісті өлке тұрғындары осы уақытқа дейін тозығы жеткен электр бағаналарын пайдаланып келген. Тіпті сәл жел көтерілгенде жарық сөніп қала беретін көрінеді. Қазіргі таңда өңірде ескі бағаналарды жаңасына ауыстыру жұмыстары қарқынды жүруде. Енді ауылдағы 291 тұрғын үй сапалы электр жарығымен қараша айында қамтамасыз етіледі дейді мамандар.

Жастар неге дария білімнен бас тартуда?

Пандемия түрлі саланың дамуына едәуір кедергі келтірді. Осыған байланысты Қарақалпақ ауылдық кітапханасы қысыл таяң кезде де өз жұмысын қашықтан жалғастырып келді. Десек те қазіргі таңда кітапқұмар жастар азайған. Жасөспірімдердің ұялы телефоннан шықпай, дария білімнен бас тартуының себебі неде? Біз қайтсек олардың кітапқа деген құштарлығын оята аламыз? Тілші сабақтайды.

20 жылдан соң күтпеген жерден үйлі болды

Күні кеше Құркелес ауылдық округінде жалпақ жұрттың есінде қалатындай, жүрекке жылу сыйлайтын елеулі оқиға болды. Сөзден гөрі іске жақын құркелестіктер, айрандай ұйыған ауызбіршілігінің бекем екендігін тағы да дәлелдеді. Жергілікті тұрғындар 20 жылдай үй тауқыметін тартқан отбасына су жаңа 5 бөлмелі үйді табыстады. Жиылған қауымды ерекше қуанышқа бөлеген жиынды тілші жалғайды.

Салықшылар жоспарды артығымен орындады

Сарыағаш ауданы бойынша кірістер басқармасы 2021 жылдың 9 айына өндірістік емес төлемдер бойынша бекітілген жоспарды 119 пайызға артығымен орындады. Бөлімнің бас маманы Әлібай Тұңғышбай жергілікті бюджетке түсетін өндірістік емес төлемдер түсімдерінің ағымдағы жағдайы жөнінде баяндады.

«Мен аспанның қызымын»

Киелі Келес өңірінде Жүзімдік ауылының тумасы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, қарымды қалам иесі Анар Бәкіроваға арнап еске алу кеші өтті. Жиынға аудан әкімі, әріптестері, өнер және мәдениет саласының майталмандары, туған-туыстары қатысты. Әдеби-сазды кешпен түйінделген шараны тілші жалғайды.

Тұмауға қарсы екпе керек пе?

«Тұмауға қарсы вакцина кез-келген вирустан қорғайды»-, дейді медицина мамандары. Жұқпалы ауруға қарсы жаппай жоспарлы егу жұмыстары елімізде 15-қыркүйекте басталды. Сарыағаш ауданына Гриппол+ екпесінің қанша дозасы келтірілді, кімдерге бірінші болып салынады? Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.

«DARMEN» жиһаз үйі ашылды

Сарыағаштықтардың жиһаз таңдауға деген мүмкіндіктері артты. Қаламызда жаңадан бой көтерген «Дәрмен» жиһаз үйінде халық арасында жоғары сұранысқа ие тауарлардың барлығы дерлік бар. Сауда үйінің арнайы салтанатты ашылуы болып, тұтынушыларға есігін айқара ашты.