САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР НАЗАРЫНА!

Ағымдағы жылдың 16-қыркүйегінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайловтың төрағалығымен елде тауарларды таңбалау және қадағалау жөнінде кеңес болып өтті. Қорытындыға сәйкес, темекі, алкаголь,сыра өнімдеріне қатысты қандай өзгерістер енгізілді? Шағын бизнеске тигізер пайдасы қандай?
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Хусниддин Хасанұлы, Ерлан Сәрсенбеков
«ҚЫЗЫЛЖАР ПРЕМЬЕР ЛИГАСЫ 2021»

Қызылжар ауылдық округінің әуесқой футбол ойыншылары арасында өтіп жатқан премьер лига өз мәресіне жетуге шақ. 6 айға жалғасқан спорттық жарысты аталған окургтегі Тәуелсіздіктің құрдастары ,яғни, 1991 жылы туған жастар ұйымдастырған. Таласты бәсеке барысын тілші жалғайды.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы
ҚҰРКЕЛЕСТІК ҰСТАЗДАР ӨЗАРА БАҚ СЫНАСТЫ

Құркелес ауылдық округінде мектеп мұғалімдері арасында спорттық жарыс өтті. Іс-шара аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты кәсіподақтың қолдауымен ұйымдастырылды. Дәл осы күні ұстаздар мектептегі жұмысын бір сәтке ұмытып, спортта да осал еместіктерін көрсетті. Білім ошақтарының ұстаздары өзара бақ сынасқан сайыс барысы алдағы бейнесюжетте.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Жасұлан Әлібеков,АЙдос Дәулет
ҰЛТ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ НАУҚАН

Жалпыұлттық халық санағының дәстүрлі кезеңі аясында интервьюерлер үйлерді аралап жүргеніне міне 20 күн. Бұл кезеңде осыған дейін онлайн санақтан өтпеген тұрғындар қамтылады. Әрқайсымымыз елдің саналы азамат,азаматшалары ретінде Санақтың маңызын жете түсінуіміз қажет. Ал сұқбатшылар жұмысы барысында қандай қиындықтарға тап болуда? Санақтан әлі де өтпеген тұрғындар нені білуі керек? Толығырақ алдағы бейнесюжетте.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Айдос Дәулет
ӘН ШЫРҚАҒАН ӘЖЕЛЕР

Әжелер салған ән қандай?! Бүгін Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде «Ақ әжелер әуені атты» аудандық фестиваль болып өтті. Қазіргі қоғамда қазақтың халық әндерін шырқаған асыл жандарымыз ұлттық музыканы дәріптеушілер, есті әндерді келер ұрпаққа жет¬кізетін насихатшылар іспетті. Толығырақ алдағы бейнесюжетте
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ерлан Сәрсенбеков
ӘУЕСҚОЙЛАР АРАСЫНДАҒЫ ФУТБОЛ ЛИГАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Бүкіл аудан көз тіккен «Сарыағаш әуесқой» лигасы ойындары өз мәресіне жетті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, аудандағы бұқаралық спортты дамыту, жастардың уақытын босқа өткізбеу мақсатында теңбіл доп додасын Олжас Ержанұлы ұйымдастырған. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан қай командалар болды? Үздік деп танылған ойыншылар кімдер? Тілші жалғайды.
Авторлар: Халима Мақсатқызы,Аман Асылбек
POS – ТЕРМИНАЛДЫҢ ПАЙДАСЫ ҚАНДАЙ?

ХХІ ғасырда нарықтың қоғамға енгені соншалық қызмет көрсетушілер де, тұтынушылар да заман көшінен тысқары қалмас үшін соңғы заманауи технологияларды пайдалануда. Осыған сәйкес, 2013 жылдың басында қолма-қол ақшасыз төлем жүргізуге мүмкіндік беретін пос терминалдарды жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде орнатуы міндетті еді. Ал аталған терминал кәсіпкер және тұтынушылар үшін қаншалықты тиімді?
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Хусниддин Хаснұлы, Ерлан Сәрсенбеков
САРЫАҒАШТЫҚ ӨНЕРПАЗДАР КИЕЛІ ТҮРКІСТАНДА

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Саялы Сарыағаш» этно- фольлорлық ансамблі, күні кеше Түркістан төрінде шығармашылық кеш өткізді. Қазақилықтың иісі аңқыған іс-шараға ҚР мәдениет қайраткерлері де қолдау білдіріп, өз өнерлерін тыңдармандарға паш етті. Әуезді ән, күмбірлеген күймен көрермендерді ерекше сезімге бөлеген кешті тілші жалғайды.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ерлан Сәрсенбеков, Асан Қазақбаев
ХАЛЫҚ САНАҒЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСҚАН КЕЛЕСТІКТЕР

Әр он жылда өтетін ұлттық халық санағының 2 кезеңінің басталғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Санақтың дәстүрлі кезеңінде сөмке асынып, қолына планшет ұстап, шарф тағып келген интервьюерлер үйіңіздің есігін қаққаны анық. Сізден халық санағына керегі қойылатын сұрақтарға тек шынайы әрі дұрыс жауап беру. Бұл еліміз үшін және біз үшін өте маңызды. Сондай-ақ сауалнамашылар жұмыс барысында қандай қиындықтарға тап болуда, санаққа қатысатын тұлғалар нені білуі қажет? Халима Мақсатқызы жалғайды.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Айдос Дәулет
ОНЛАЙН САБАҚТАН МЕЗІ БОЛҒАН

Онлайн оқудан әбден мезі болған оқушылар жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастады. Әлемді әбігерге салған вирустың әлі де күшін жоймауы себебінен, әр оқушының денсаулығына салғырт қарамайтын білім ұяларында санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Ал шалғайда орналасқан Қарақалпақ ауылына қарасты №26 Т. Өстеміров мектебінде аталған шаралар қаншалықты сақталған? Тілші жалғайды.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Жасұлан Әлібеков,Асан Қазақбаев