Киіз үйді көркемдеген келестіктер

Түркістан төрінде өткізіліп жатқан «Сәлем саған, Түркістан» мәдениет және өнер фестиваліне Киелі Келес өңірі де қатысты. Тәуелсіздіктің төл құрдасы «Жанубий Қозоғистон» қоғамдық-саяси газетінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған байқауда аталмыш аудан киіз үйді жабдықтау бойынша жүлделі орынды иеленді. Тақырыпты тілші сабақтайды.
Ұлттық тағам әзірлеуден байқау өтті

Түркістан қаласында ұйымдастырылған «Сәлем саған, Түркістан» фестивалі аяқталуға шақ. Күні кеше Қожа Ахмет Яссауи кесенесі маңындағы «Этноауыл кешенінде» Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына және «Жанубий Қозоғистон» қоғамдық-саяси газетінің мерейтойына арналған аудандар арасында облыстық тағам байқауы өткізілді. Аталған байқауға Сарыағаш ауданы да қатысып, жүлделі орын иеленді. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.
Алтын құрсақты анамен кездесу

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Түркістан облысы Ақсу өңірінде «Анаға тағзым» атты мұражай ашылмақ. Ондағы басты мақсат – оннан аса баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты аналарымыздың өнегеге толы өмірін кеңінен насихаттау. Ал Сарыағаш ауданында алтын құрсақты аналар саны шамамен 70-ке жуық екен. Тақырыпты толығырақ тілші жалғайды.
Алимент төлеуден жалтарғандардың саны 800-ге жуық

Келес ауданында мемлекетке берешегі бар борышкерлерді анықтау мақсатында ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Сандарды сөйлетер болсақ, өңірде баласына алимент төлемей жалтарып жүргендердің саны 800-ге жуық. Оларға қандай шара қолданылады? Рейдтік шарадан қандай да бір нәтиже шықты ма? Тілші сабақтайды.
Футболдан жолдастық кездесу өтті

Өткен сенбіде №5 Сыдық Исмайылов атындағы жалпы орта мектебінің 2004 жылғы түлектерінің кіші футболдан дәстүрлі жолдастық кездесуі болып өтті. Мақсаты – жолдастар арасындағы достық қарым-қатынасты, салауатты өмір салтын нығайту. Таласқа, тартысқа толы ойын барысын тілші жалғайды.
Сарыағашта футзалдан аудан лигасы басталды

Сарыағашта футзалдан, түрлі елді мекендерден жиылған әуесқой командалар арасында аудан лигасы басталды. Өңір жастарының футболға деген қызығушылығы өте жоғары деңгейде. Аталған лига шамамен 3 айға ұласады. Аяқдоп шеберлерінің басын қосқан сайысты Халима Мақсатқызы тарқатады.
Ауыл болып екпе алды

Әлімтаулық ағайындар қауіпті індетке қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыруда көпке үлгі. Сондай-ақ күз, қыс мезгілдерінде өршитін жедел респираторлық ауруға қарсы гриппол+ вакцинасын белгіленген адамдардың 100 пайызы толықтай алып үлгерген көрінеді. Сонымен қатар елімізде балалар мен жүкті әйелдерге салынуы жоспарланып жатқан phizer екпесі жөнінде де халық арасында түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Ханбибі оқулары

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі Ханбибі оқулары болып өтті. Саялы өлкеде туған ақын қыздың жалынды шығармаларын өңіріміздің түкпір-түкпірінен жиылған 19 көркемсөз шеберлері асқан шеберлікпен, жүрекке жеткізе орындап шықты. Сөз құдіретін қастерлей білетін дарынды жастар арасында кім бас жүлдені иеленді? Нақтырақ Халима Мақсатқызы сабақтайды.
Ботулизмнен сақ болыңыз!

Ботулизм – сирек кездесетін, өте қауіпті ауру. Аурудың негізгі көзі – дұрыс консервіленбеген тағамдар. Дүкен сөрелерінде тұрған тосаптар мен түрлі маринадталған көкөніс және балық өнімдерін тұтынғанда нені ескеру керек? Нақтырақ тілші тарқатады.
Балалар мен жүкті әйелдерге арналған екпе

12 және 18 жас аралығындағы балаларға сонымен қатар жүкті әйелдерге Америка құрама штатында өндірілген файзер вакцинасы салынуы жоспарлануда. Аталған екпенің жанама әсерлері бар ма? Ол ерікті түрде жүргізіле ме? Тиімділігі қандай? Тілші жалғайды.