Балалар мен жүкті әйелдерге вакцина салына бастады

Келес ауданында жүкті әйелдер мен жасөспірімдерге екпе егу жұмыстары басталды. Өңірде Pfizer вакцинасын алғашқы күндері 18 адам алған. «Аталған екпенің тиімділігі 95 пайыздан жоғары, тәжірибеден өткен». Мамандар осылай дейді. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.

Сарыағаштық батыр ана

Жуырда Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ақсу өңірінде “Анаға тағзым” мұражайы ашылатындығы белгілі. Мақсатын айтып өтер болсақ, 10-нан аса құрсақ көтерген аналардың өнегелі өмірін кеңінен насихаттау. Осыған сәйкес, Сарыағаш ауданында да алтын құрсақты аналарды іздестіру жұмыстары қарқынды жүруде. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.

Ұлты – әзірбайжан, жаны – қазақ

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Көпұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз. Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады» деген керемет сөзі бар. Баршаға мәлім, Қазақ елі көп ұлтты мемлекет. Өткен ғасырларда тағдыр тауқыметін тартып, жер аударып келген өзге ұлт өкілдерін ата-бабамыз бауырынан сыртқа теппеген. Сәйкесінше, бүгін қазақ топырағында дүниеге келген әзірбайжан ұлтының өкілі Гудрад Алиев жөнінде көрсететін боламыз.

Өнер өлкесіндегі өнерпаздар

Киелі Келес өңірі өнерден кенде емес. Аудандағы Саз мектебі қазақтың төл өнерін, музыкалық аспаптарды жастар арасында кеңінен насихаттап, оларды өнерге баулу мақсатында жүйелі түрде жұмыс істеп келеді. Аталған мектеп 5 сала бойынша балаларға сапалы білім беруде. Толығырақ алдағы бейнесюжеттен көрейік.

Бір тал кессең, он тал ек!

Ағаш егу – тазалықтың, жақсылықтың нышаны. Әрбір азамат қоршаған ортаны таза ұстауы, көгалдандыру, абаттандыруы қажет. Бұл – баршаға ортақ іс. Келес ауданында ағаш егу бойынша игі іс-шара қолға алынды. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.

Қырғызстанда топ жарған сарыағаштықтар

Көршілес Қырғызстан Республикасында өткен «Токтор Ата» республикалық ашық туниріне сарыағаштық дзюдошылар да бой көрсетіп, айыр қалпақ ағайындарды өз шеберліктерімен тәнті етті. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған оғландарымыздың барлығы елге жүлдемен оралды. Толығырақ Халима Мақсатқызының бейнематериалында.

Төмен пайызбен несие беріледі

Биыл елдің біраз бөлігінде орын алған қуаңшылық өңірімізді де айналып өтпеді. Төрт түлігін жайылымға жіберейін десе, шөп жоқ. Ал малдарына жем-шөпті сатып алатын қаржысы жоқ шаруалар тығырыққа тіреліп, шарасыз күйде қалды. Халықты бүйірден қысқан мал азығын сатып алу үшін шаруаларға төмен пайызбен несие берілетін болды. Бұл жөнінде Келес ауданында өткізілген брифингте айтылды. Алдағы сюжеттен көріңіздер.

Үстел теннисінен жарыс өтті

Бүгін бастауын алған «Студенттік лигада» үстел теннисінен №2 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде тартысқа толы қызықты ойын болып өтті. Спорт десе, жеген асын жерге қоятын, салауатты өмір салтын ұстанған колледж студенттері керемет ойнау мәнері мен техникалық шеберліктерін көрсетті. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.

Мықтылығын дәлелдеген жас спортшылар

Аудан абыройын талай боз кілем додаларында асқақтатып жүрген Нұрбала Зайнул мен Дәрмен Есенгелді бұл жолы да жарады. Олар Алматы облысында өткен Республикалық турнирде алтын мен күмістен алқа тағынды. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.

Қос Айшаның жемісті жеңісі

Дзюдодан Нұрсұлтан қаласында өткен Республикалық турнирде ауданымыздың №2 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің арулары Ташкенбай Айша мен Әлжаппар Айша жүлделі орындарға ие болды. Шынашақтайынан жапон спорт түрін жанына серік еткен қыздар өз салмақтарында осал еместіктерін қарсыластарына дәлелдеді. Аталған турнир Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өтті.