Мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған мүмкіндіктер

Тағдырдың тәлкегіне түскен жарымжан жандарды қоғамға бейімдеп, олардың еңсесін тіктеп, өзгелер секілді өмір сүрулеріне қолайлы жағдай жасау – бүгінгі қоғамның басты талабы. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне қарасты №8 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Мұхан Жүнісов, Сарыағаш ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілген қолдауларлар мен осы сынды 10 айда атқарылған жұмыстар туралы брифинг өткізді. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.

Бабалар аңсаған Тәуелсіздік!

Еліміздің тәуелсіздік алуы – халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, №55 Жәутіков мектебінде іс-шара болып өтті. Аталған кешті Сарыағаш аудандық қоғамдық келісім, тарихи-өлкетану музейі және Қабланбек ауылдық округі әкімшілігі бірлесе ұйымдастырды. Мақсаты – ел ертеңі өскелең ұрпаққа ата-баба аңсаған тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенімізді ұқтыру болып табылады. Нақтырақ алдағы бейнесюжеттен көрейік.

«MAKSMART» автокөлік мінгізді

Сарыағаштықтар көптен күткен «MAKSMART» дүкендер желісінің кезекті ұтыс ойыны өз мәресіне жетті. Әр 3 ай сайын тұтынушыларға ерекше көңіл-күймен қоса, бағалы сыйлықтар тарту ететін дүкеннің бұл жолғы бас жүлдесі – Шевролет Кобальт автокөлігін Келес ауданынан жалғызбасты ана тізгіндеді. Жиылған қауымды ерекше қуаныш пен сезімге бөлеген шара барысы алдағы бейнесюжетте.

Келесте «Елдіктің жеті тұғыры» талқыланды

«Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жариялаған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттарын Нұр Отан партиясы Келес аудандық филиалында депутаттар өзара талқылады. Жиында халық қалаулылары аталған қағидаттардың маңыздылығын жете түсініп, оң көзқарастарын білдірді.

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Баршаға мәлім, ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында республика көлемінде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде. Осыған байланысты Келес ауданында да түрлі мекемелер мен білім ұяларында кең көлемде іс-шаралар ұйымдастырылып, жалпақ жұрт арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.

Жас боксшылар жарысы

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 1-желтоқсан «Тұңғыш Президент күніне» орай, аудандар арасында бокстан байрақты бәсеке басталды. Аталмыш спорттық шарада 2008-2009, 2010-2011 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар өзара бақ сынасады. Қарашаның 25-і мен 29-ы аралағында өтетін рингтік жұдырықтасудың күні кеше ашылу салтанаты болып өтті. 8 ауданның өзара мықтыларын бір шаршы алаңға біріктірген жарыс барысы алдағы бейнесюжетте.

Былғары доп додасы

Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі «Түркістан облысы әкімінің кубогы» үшін спорттың былғары доп түрінен 2005-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында аудандық іріктеу сайысын ұйымдастырды. Аталған жарысқа өңірімізде орналасқан білім ұяларының кіл мықтылары қатысты. Нақтырақ тілші бейнематериалында.

Ел анасының саялы өлкеге сапары

Саялы өлкемізге сапарлатып келген Ел анасының іс-сапары ауданымыздағы орталық кітапханада өз жалғасын тапты. «Әр облысқа барған сайын, ең әуелі, Алла үйіне, сонан соң білімнің дариясы кітапханаға кіремін» деген ұстанымымен Сәуле Мешітбайқызы ұлттың рухани азығы саналған кітап әлемінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Сәуле Мешітбайқызымен кездесу өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы аясында «Nur Otan» партиясы, Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан дәуірі» қоғамдық-саяси газеті, «Ел Ана» сайтының бірлескен «Ауыл – Ел бесігі» атты экспедициясымен ауданымызға келгені мәлім. Саялы өлкеге сапарлатып келген Ел анасы өңірдегі зиялы қауым өкідерімен кездесіп, өзінің қандай мақсатта келгендігі жөнінде ең алдымен сөз қозғады.

Италиялық бояулар дүкені ашылды

Жоғары сапа мен үйдің көркемдігіне аса қатты мән беретін сарыағаштықтар үшін қаламызда құрылысқа арналған замануи италиялық бояулар дүкені ашылды. Тікелей Италиядан жеткізілетін бояу түрлерінің кең топтамасы әлемдік нарықта 70 жылдан бері көшбасшы болып келуде. Экологиялық таза өнімнен жасалған бояудың адам денсаулығына қандай оң әсері бар? Тұтынушыларға қандай мүмкіндіктер қарастырылған алдағы бейнесюжеттен көрейік.