Митинг: арандатуға жол бермеуге шақыруда

Қаңтардың екісінде батыс жұртшылығы жанармай бағасының екі есе өсуіне байланысты наразылық танытып, митингке шыққан болатын. Жаңаөзендіктерді қолдау мақсатында Қазақстанның кей өңірлерінде де шерулер ұйымдастырылды. Олардың қатарында сарыағаштықтар да бар. Бірқатар қалалардағы митингтің соңы – тәртіпсіздікке ұласты. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел арасындағы түрлі арандатушыларға сенбеуге шақыруда.

Сан дертке дауа орталық өз жұмысын бастады

Дертке шалдығыпғ аурухана мен аурухана сандалып жүретін күндер артта қалды. Өңірімізде бұрын-соңды болмаған «Қазақ емханасы» өз жұмысын бастады. Білімді, білікті медицина саласының мамандарды кез-келген ауруға санаулы минуттар ішінде нақты диагноз қойып, аурудан айығуыңызға өз септігін тигізеді. Аудан тұрғандары үшін аянбай қызмет жасаймыз, «Ем алыңыз, дем алыңыз» деген арнайы ұранымен, бүгін қазақ және шығыс медицина орталығының салтанатты түрде ашылуы болып өтті. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.

Табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясының отырысы болып өтті. Күн тәртібінде қаншама жылдардан бері жыр болып келе жатқан Таскескен АГТС-сын іске қосу жұмыстарының барысы бойынша жауапты мамандар есеп берді. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.

Шындықтың шырағы – Шаханов!

«Тілге пейілін бермегендер, Ұлтын ерте «жерлегендер». Бар саналы ғұмырын қазақ үшін, қазақ тілінің мүддесі үшін сарп еткен ақын, драматург, композитор Мұхтар Шаханов саялы өлкемізге сапарлатып келді. Елдің біртуар азаматы Арыстанбаб жоғары колледжі студенттерімен кездесуге келіп, тараптар арасында сүбелі сұқбат өрбіді. Әдеби-сазды кешке ұласқан жиын барысы алдағы бейнесюжетте.

Тұрғындар аңсаған қоқыс контейнері…

Сарыағаш ауданына қарасты №4 көпқабатты үй маңында түрлі қоқыстар тарыдай төгіліп жататын. Бұған дейін арнамыздан осынау түйткілді мәселені көрсеттік те, жергілікті билік өкілдеріне жеткіздік те. Нәтиже бар. Араға 4 ай салып, аталған көпқабатты үй маңына қоқыс контейнерлері орнатылып, тұрғындар игілігі үшін қолданылуға берілді. Нақтырақ алдағы бейнесюжтте.

Үздіктер марапатталды

Ағымдағы жылдың 26 қарашасы күні «Түркістан арена» стадионында «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының тестілерін» тапсыру бойынша тестілеу өтті. Оған ауданымыздағы 9 жастан асқан баладан бастап аға буын өкілдеріне дейін қатысты. Сарыағаш ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әбіләзім Жаншуақов жоғары деңгейде нормативтік талаптарды орындағандарға марапаттар мен төсбелгілер тарту етті.

Тәуелсіздік – ұрпаққа аманат

Елдің еңсесін тіктеп, халық болып тәу еткен Тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл толады. 30 жылдық мерейтой қарсаңында Қызылжар ауылдық округінде орналасқан №72 мектепте «Тәуелсіздік – ұрпаққа аманат» атты тәрбие сағаты болып өтті. Сәні мен салтанаты жарасқан кеш барысы алдағы бейнесюжетте.

Тағы да жаңа штамм…

Альфа, бета, гамма, дельта, омикрон. Қазір дүние жүзіне 32 мутацияны біріктірген омикрон штамы тарап жатыр. Ұлыбританиялық вирусологтардың сөзіне қарағанда, коронавирустық инфекцияның жаңа штамы «дельтаға» қарағанда қауіптірек. Осыған байланысты елімізде бірқатар шектеу шаралары қабылданды.

Мобильді аударымдар: аңызы мен ақиқаты

Мобильді ақша аударымы үшін кім салық төлейді? Қарашаның соңында халық арасында қызу талқыға түскен гу-гу әңгіме, міне, осы. Ал ақиқаты қандай? «Енді әрбір жасаған ақша аударымдарына салық төлеу керек» деп желіде желдей ескен ақпарат кімдерге қатысты? Халима Мақсатқызының бейнематериалында.

Тәуелсіздік – мәңгілік елдің мәртебесі

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Сарыағаш аудандық орталық кітапханасында оқушылар мен студенттер арасында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің мәртебесі» атты әдеби байқау болып өтті. Ұйымдастырудағы мақсат – өскелең ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. Әдебиетке жаны құштар тәуелсіздік ұрпақтары аталған байқауда жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, арнайы марапаттарға ие болды. Толығырақ Халима Мақсатқызының бейнематериалында.