12 айдың түйіні

Жыл бойы өңір тұрғындары үшін мемлекет тарапынан атқарылған игі істер жетерлік. Осы ретте, Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Асылхан Бақтиярұлы, өткен жылды нәтижелі қорытындылып, алға қойған жоспарлар легімен бөлісті. 2021 жылы ардагерлер және мүмкіндігі шекетеулі жандарды қолдау мақсатында, олардың игілігі үшін көптеген тындырымды тірліктер атқарылған.

Емі талайдың дертіне шипа

Адамның ішкі ағазаларын ота жасамай-ақ емдеу, шығыс халықтарының мәдениетіне тән ежелден келе жатқан емдеу тәсілі. Арнамыздың өткен шығарылымдарынан көргендеріңіздей, өңірімізде сан дертке дауа «Қазақ емханасы» орталығы ашылған болатын. Міне, араға көп уақыт салмай, аталған емханадан дертіне шипа іздеген сарыағаштықтар ем алып, беті бері қарағанын айтып, алғыстарын жаудыруда.

Әкімде де әкім бар, іскерлігі бір бөлек

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент мәжілісінің отырысында әкімдердің алдына шығуын айтып, қажетсіз бюрократиядан айығу керектігін жеткізді. Әкім бол, халқыңа жақын бол деген сөзді жанына серік еткен біздің әкімдер халыққа қаншалықты жақын? Бүгінгі нысанамызға тұрғындардың мұң-мұқтажын біліп, жоқ-жітігін түгендеп отыратын Ошақты ауылдық округінің әкімі Нұрмаханбет Нархозиев ілікті.

Үкіметтен үміт көп

Қолжетімді әрі сапалы білім. Бұл – Қасым-Жомарт Тоқаев ұстанған басым бағыттардың бірі. 2025 жылға дейін Қазақстанда әлемдегі ең беделді 5 Жоғарғы оқу орындарының бөлімшесі ашылады. Бес университеттің екеуі Оралға тиесілі. Президент техникалық мамандықтарға барынша мән беріп, инженерлер мен өнеркәсіп иелеріне басымдық беруді тапсырды.

Тәулігіне 40 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін

Ажар Ғинияттың пессимистік сценарий бойынша болжамы. Атышулы жаңа штамның елімізде пайда болуына байланысты, ол елдегі эпидемиологиялық жағдай жөнінде болжам жасаған болатын. Сандарды естігенде шошисың, тіпті. Министрдің сөзіне қарағанда, оптимистік сценарий кезінде ревакцинациямен 100 пайыз қамтылған күннің өзінде, тәулігіне 17 500 жағдай тіркеледі-мыс. Ал қазіргі таңда елдегі эпид ахуал тым күрделі. Бетперде тағып, сақтық шараларын ұстамайтындар да бар. Бір ғана орталық аурухананың өзінде маска режимін сақтамайтындар да жетерлік.

Үкімет құрамы жасақталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет құрамын бекітті. Ажар Ғинаят – Денсаулық сақтау министрі, Дәурен Абаев – мәдениет және спорт министрі, Қайырбек Өскенбаев – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Болат Ақшолақов – Энергетика министрі, Асқар Омаров – Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Әлібек Қуантыров – ҚР-ның Ұлттық экономика министрі және Қанат Мусин – Әділет министрі болып тағайындалды. Ал 14 лауазымды тұлға өз қызметтерін әрмен қарай жалғастыра бермек.

Блок-бекеттердегі ахуал

Ел амандығы мен жұрт тыныштығын тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен полиция қызметкерлерінің Сарыағаш және Келес аудандарында орналасқан жалпы 6 бақылау бекеттеріндегі жұмыс қауырт. Нақтырақ алдағы бейнесюжеттен көрейік.

Блок-бекеттер қойылды!

ҚР бойынша жарияланған төтенше жағдайға байланысты сарыағаштықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағына 3 блок-бекет қойылды. Полиция қызметкерлері аудан аумағына кірген, шыққан автокөліктегілердің жеке басын куәландыратын және жол жүргізу куәліктерін, сондай-ақ жүк салғыштарын жіті тексеруден өткізуде.

Митинг: арандатуға жол бермеуге шақыруда

Бұқаралық ақпарат құралдарынан көргендеріңіздей, кей өңірлерде жағдай мәз емес. Әлдебір сыртқы арандатушылардың кесірінен Шымкент, Алматыда орналасқан стратегиялық маңызы бар нысандардың ту-талақайын шығарған. Осы ретте ауданымыздың көнекөз қариялары өңір тұрғындары мен қонақтарынан сабырға келіп, парасаттылықпен іс-әрекет жасауға, ел ішіне іріткі салуға тырысқан тараптардың сөзіне ермеуге шақыруда.

Қысқы демалыс уақыты ұзартылды

19-қаңтарға дейін Түркістан облысында жарияланған төтенше жағдайға байланысты оқу орындарындағы қысқы демалыс уақыты ұзартылды. Бұл жөнінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Ал балабақшалар штаттық режимде жұмыстарын жалғастырады.