Шебер сабақтар шеруі басталды

Ел болашағы, өр үмітті ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолында өз еңбектерін қазіргі заман талабына сай ғылыммен ұштастыра алатын, сондай-ақ оқыту мен тәрбие беру мақсатында жан-жақты үнемі ғылыми ізденісте жүретін ұлағатты ұстаздарымыз ауданымызда жетерлік. Ал біздің айтайын деп отырғанымыз, балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында аянбай тер төгіп келе жатқан №75 Жамбыл Жабаев мектебінің ұстаздарының шеберлігі жөнінде болмақ. Нақтырақ алдағы бейнесюжеттен көрейік.
Ұлтттық ойындардың дамуы қай деңгейде?

Қазақтың ұлттық ойындары көкпар мен аударыспақ қазіргі таңда қарқынды дамып келуде. Бір ғана Келес өңірінде ат құлағында ойнайтын жасөспірімдер жетерлік. Олар өздерінің қажыр-қайраттары мен ептілігінің арқасында көптеген чемпионаттарда ел мерейін асқақтатып алтыннан алқа тағынып, биік шыңдардан көрінуде. Нақтырақ Халима Мақсатқызының бейнематерилында.
«Арай – 2022» байқауында бағыңды сына

30 жылдан бері таланттылардың басын қосқан «АРАЙ-2022» аудандық жас эстрада әндерін орындаушылар және мәдени іс-шара жүргізушілерінің байқауы ағымдағы жылдың ақпан айының 18-де болып өтеді. Талай сахна саңлақтарын үлкен сахналарға жетелеген аталмыш байқау екі кезеңнен тұрады. 16-25 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.
Жүзімдік әкімі қандай баға алды?

Әділдік, кішіпейілділік, іскерлік, мейірімділік атты төрт ұғымды бір ғана сөзге сыйғызған дана халқымыз, әуелден әкім мырзалардың халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, жоқ-жітігін түгендеп отыратындығын дәлдеп айтқан сыңайлы. Ал қазіргі әкімдер қандай? Халықтың көңілінен шыға ма? Бүгін нысанамызға Жүзімдік ауылдық округінің әкімі ілікті. Халима Мақсатқызының бейнематериалынан көрейік.
Ем алуға асығыңыз!

Өңірімізде өткен жылдың соңында ашылған «Қазақ» емханасынан дертіне шипа тапқан тұрғындардың саны артқан. Әрине, ондағы білікті де білімді сала мамандары адамның денсаулығын ең бірінші орынға қойып, ауруынан айығуына бар күш жігерін салады. Содан кейін болса керек, табиғи емдеу жолдарын ұстанатын адамдар саны көбейген. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.
Испаниядағы қазақ баласы

Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда қазақ футболының көші ілгерілеп келеді. Себебі, шетел асып шеберлігін шыңдайтын отандастарымыздың қатары артқан. Олардың бірі – Олжас Ибадуллаев. Бала шақтағы футболға деген қызығушылығының арқасында Испаниядан бір-ақ шыққан Олжас жайлы алдағы бейнесюжеттенн көрейік.
Жылға әкімі қандай баға алды?

Өңірімізде халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, олармен күні бойы бірге болып, қордаланған проблемаларын шешуге барынша ықпал жасайтын әкім мырзалар жетерлік. Өткен шығарылымдардан көргендеріңіздей, жергілікті тұрғындардың әкімге беретін бағасын анықтау үшін түрлі өңірлерге барған болатынбыз. Бүгін жолымыз Жылға ауылдық округіне түсті. Ал Ғабит Бижановқа халық қандай баға берді? Халима Мақсатқызының бейнематериалынан көрейік.
Эпид ахуал көңіл көншітпейді

Қазақстан өңірлеріндегі эпид ахуал тым күрделі. Бір ғана Түркістан облысы сары аймақта, қалғандары қызыл, ал жасыл аймақта бірде-бір өңір жоқ. Сарыағаш ауданында да жыл басынан бері коронавирус жұқтырғандардың саны артқан. Мамандар осылай дейді.
Әкім бол, халқыңа жақын бол!

Президенттің 11-қаңтардағы мәлімдемесінен әкімдерге қатысты айтылған сөзді негізге алып, біздің арнаның түсірілім тобы ауыл-ауылды аралауды бастап та кетті. Мақсат – аймақ басшысына халықтың беретін бағасын анықтау. Ал бүгінгі нысанамызға Тегісшіл ауылдық округінің әкімі Таңсық Кемелбеков ілікті. Халима Мақсатқызының бейнематериалынан көрейік.
Дарбазалықтар көгілдір отынға қол жеткізді

Қаншама жылдардан бері отын тасып, көмір жағып күнелткен дарбазалықтардың бүгінде қуанышында шек жоқ. Себебі, мұндағы 915 тұрғын үй көгілдір отынға қол жеткізбек. Қазіргі таңда кезең-кезеңмен құжаттарына сәйкес, газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүруде. Нақтырақ алдағы бейнесюжеттен көрейік.