Оңтүстіктен солтүстікке

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Павлодар өңірінің делегаттары Келес ауданына да табан тіреді. Мақсат – оңтүстіктен солтүстікке көшуге ниетті тұрғындарға қандай мүмкіндіктер қарастырылғандығын жіті түсіндіру. Нақтырақ басқосуға қатысып қайтқан тілші жалғайды.
Гүлдің бабын тапқан – Махан Ауешов

Дербісек ауылдық округінде махаббат пен сұлулықтың символы болған әсем гүлдердің бабын тапқан Махат Ауешов есімді азамат бар. Ол 20 жылдан бері кәсібінің нәсібін көріп, жұпар иісі аңқыған гүлдердің түр-түрін ерекше әдіспен баптап, өсіріп өзге аудандар мен облыстарға экспорттайды. Тақырыпты толығырақ бағбанмен жүздесіп қайтқан Халима Мақсатқызы жалғайды.
Аладопты алақанда ойнатқан арулар

Аса көрнекті Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туғанына биыл – 110 жыл. Осыған байланысты Құркелес ауылдық округіне қарасты №69 ж.о.б.б. мектепте ауқымды спорттық іс-шара болып өтті. 9 мектептің арулары бақ сынасқан жарыс барысы Халима Мақсатқызының бейнематериалында.
Көшпелі семинар Сарыағашта

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың хамттамалық тапсырмасына сәйкес, облыстағы ақпараттық жұмысты жақсартуға әдістемілік көмек көрсету мақсатында Ақпараттық талдау орталығының директоры Сейдулла Ибадуллаұлы бүгін аудандық мәжіліс залында көшпелі семинар өткізді. Аталмыш семинарға жергілікті БАҚ өкілдері, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, баспасөз хатшылары қатысты.
Жаныңызға рахат, бойыңызға қуат сыйлайтын кофейня

Саялы өлкеде шағын және орта бизнесті дамытамын деушілердің қатары күннен күнге артып келеді. Соның бір дәлелі, қаламызда жаңадан ашылған «Golden tree» кофейнясы. Аталған кофейняның негізін қалаушы жас кәсіпкер Азамат Асилбеков, күні кеше талғамы жоғары кофеқұмар жандар үшін ерекше үлгідегі демалыс орнының есігін айқара ашты.
Шығармашылық пен сүйіспеншілікке толы кеш

№75 Жамбыл Жабаев мектебінде бүгін өзін-өзі тану апталығы соңына таяп, салтанатты түрде қорытындылау кеші болып өтті. Онда ән мен өлеңге құштар оқушылар үшін байқаулар ұйымдастырылып, шебер қыздар сайысы да болып өтті. Мерекелік кеште аталған мектептің директоры Жүніс Мекенбаев мінберде сөз алып, ашып берді.
Дертіңізге шипа іздесеңіз…

Өңірдегі сан дертке дауа «Қазақ» емханасы тұрғындарға есігін айқара ашқаннан бері көптің алғысына ие болуда. Аталған орталықтың басшысы академик Толқын Ақанұлы саялы өлкеге арнайы келіп, тамыр ұстау арқылы ауруын анықтап, дерттен айғуына барын салады. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.
Еркін күрестен облыс чемпионаты басталды

2022 жыл ТМД халық шығармашылығы және «Мәдени мұра» жылына арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы Түркістан облысының Чемпионаты бүгін бастауын алды. Аталмыш жарысқа облыста орналасқан 17 өңірден 500-ге жуық балуан өз бағын сынасуға келген. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.
«Аудан территориясында 33 пойыз тоқтатылған»

Тұрғындардың пойыздардың қозғалыс аймағында қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы өкінішке орай, өлімге алып келетін ең басты себептердің бірі. Ақпанның 7-11 күндері аралығында өтіп жатқан «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы аясында бүгін «Сарыағаш» станциясында ауқымды іс-шара болып өтті. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.
Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда еліміздің 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық қорытындылары туралы айтылып, Үкіметтің 2022 жылға арналған жоспарлары пысықталды.