Айбыны асқақ ару

Шенді қыздарды құттықтау Сарыағаш ауданында жалғасын тапты. Ер адамдарға ұқсас өжеттілік, өр рухтылық, қайтпас қайсарлықты да өн бойына жинаған Ішкі істер органында енді ғана тәй-тәй басып келе жатқан Әсемай Анарбаеваны құттықтауды жөн көрдік. Себебі ел үшін, оның ішінде жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты, талай қылмыстың алдын алу, тыныштықты сақтау жолында жас та болса аянбай тер төгіп келеді.

Қызметі мен отбасын қатар алып жүрген – Эльмира Қанатқызы

Шұғылалы көктемнің шуақты күндерімен қатар келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында, жүзінен нұр шашып тұратын, әйелдер мен балалардың құқығын қорғап жүрген полицей Эльмира Есенбекованы арнайы құттықтаған болатынбыз. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін бұл салада барлығынан оза шауып, қызметте алдыңғы шепте жүретін ару жайлы алдағы бейнесюжеттен көрейік.

Сарыағаштық арулар құрметке бөленді

Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев бүгін нәзік жандыларымызды көктемнің сәулелі мерекесімен құттықтады. Нақтырақ айтсақ, мереке қарсаңында әйелдер қауымының бір тобы, таңертең аудандық әкімдік ғимаратында бас қосты. Дөңгелек үстел форматында өткен жиында Мұхит Баймұханбетұлы әр салада ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген аруларымызға, ең алдымен, ізгі ниетін білдіріп, жүректен шыққан тілегін жеткізді.

Жылға: Ахуалың қалай, ауыл кітапханасы?

Бүгінде Сарыағаш ауданының көлемінде 35 кітапхана бар болса, оның дені – елді мекендерде орналасқан. Кітап қоры жеткілікті. Ал ауылдағы ағайынның, әсіресе балалардың кітапқа деген қызығушылығы қай деңгейде? Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кітапсыз, кітапханасыз адам ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Кітапхана – білім мен мәдениеттің ошағы, жаңаша, тың идеялардың мекені. Электронды формат қанша қарқынды дамығанмен дәстүрлі кітапхананың ағартушылық қызметі ешқашан мәнін жоғалтпақ емес» деп кемел ой айтқан болатын. Біз жылға ауылының кітапханасына табан тіреген болатынбыз. Нақтырақ алдағы бейнесюжеттен көрейік.

Жасыл алаңдағы теңбіл доп додасы

Саялы өлкеде кіші футболдан 2007-2008 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында «Балалар жылына» орай, «Мамыр ата» спорт кешенінде «Мамыр ата» спорт мектебінің ашық біріншілігі болып өтті. Талас пен тартысқа толы ойын барысы алдағы бейнесюжетте.

«Южконд» тәттілер әлемі

Сарыағаш ауданында шағын және орта бизнесті дамытушы кәсіпкерлер жетерлік. Сөзімізге дәлел, 2014 жылы «Бәйтерек Шымкент» ЖШС кондитерлік фабрикасының негізін қалаған Ұлбосын Айдарова. Аталған кондитерлік цехте жылына 720 тоннаға жуық өнім өндіріледі. Мұнда білікті һәм кәсіби деген кондитерлер тәттінің 40-тан астам түрін дайындап, тұтынушыларға дәмді әрі сапалы өнімдерді ұсынып, қуантып келеді.

Жылға: кезегін күтіп тұрған келелі істер көп

Ауыл әкімдерінің есеп беру науқаны – елімізде дәстүрге айналған үдеріс. Сарыағаш ауданындағы барлық ауылдық округ әкімдері өткен аптаның бейсенбісі мен жұмасында халық алдында жыл бойы атқарған жұмыстарына есеп берген болатын. Тілшіміз Халима Мақсатқызы Жылға ауылына барып, ондағы бірінші басшының есебіне қатысып қайтты. Ел не деді?

«Парасат» пікірталас клубы құрылды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Келес ауданында «Парасат» пікірталас клубы құрылды. Клуб мүшелігіне қоғам белсенділері, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялар мен түрлі этностардың өкілдері, кәсіпкерлер мен депуттатар, БАҚ және жастардан құралған 21 азамат кірді.

Қарттар үйіндегі қариялар өмірі

Қазақ қашан да ардагерін ардақтап, қарттарын қадір тұтқан халық. Қазіргі таңда өкінішке қарай, жалғызбасты немесе ұл-қыздары бар қарияларымыз қара шаңырақты емес қарттар үйін пана етіп жүрген жайы бар. Қарияларымыздың хал-жағдайын білу мақсатында түсірілім тобымызбен Түркістан облыстық №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барған болатынбыз. Онда сарыағаштық 10 қария қызмет алуда.

Бізге керегі тек мейірім мен жылуық қана…

Қамқорлыққа мұқтаж жалғызбасты ақсақалды қариялар мен ақ жаулықты әжелердің саны өкінішке қарай күн санап артып келеді. Бұл – көңіл қуантарлық жәйт емес, әрине. Бір ғана Сарыағаш ауданының өзінде қазіргі таңда 126 жалғызілікті қарт бар. Қиналғанда жанына демеу болатын жанды іздейтін бұл кісілерге әлеуметтік қызметкерлердің тигізіп жатқан көмегі орасан. Нақтырақ алдағы бейнесюжеттен көрейік. Авторлар: Халима Мақсатқызы, […]