Жайдарман бастау алды

Жастардың шығармашылығы мен әзілі бір арнада тоғысқан «Жайдарман» Сарыағаш ауданында биыл да қызықты кезеңін бастады. Бұл жолғы байқауда ауданның әр түкпірінен 12 команда өз өнерлерін паш етіп, бақ сынайтын болады.
Ұлттық өнер ұлықталған күн

Ауданда жыл сайынғы дәстүр бойынша терме мен халық әндерін орындаушылардың байқауы өтеді. Биыл да осы игі дәстүрден жаңылмай, байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл өнер сайысына ауылдық мәдениет үйлерінен 17 талантты өнерпаз қатысты. Толығырақ, алдағы бейнесюжетте.
«Бірлігіміз жарасқан» фестивалі жалғасуда

Сарыағаш қаласында өткен «Бірлігіміз жарасқан» фестивалі – еліміздегі қоғамдық келісімді нығайту және этносаралық қарым-қатынастың тұрақтылығын сақтап қалуға бағытталған ауқымды шаралардың бірі болды. Бұл жолы фестивальді өзбек этномәдени бірлестігі жалғастырды.
Оқушылардың дұрыс тамақтануы – басты назарда

Қазіргі таңда елімізде мектеп оқушыларының дұрыс әрі уақытылы тамақтануы мәселесі басты назарда. Денсаулықтың негізі – дұрыс тамақтану екені белгілі, әсіресе мектеп оқушыларының денсаулығы үшін бұл өте маңызды. Шәкәрім атындағы №27 мектептің асханасында 600 оқушы күн сайын ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Мектеп басшылығы мен мейірбикенің айтуынша, берілетін тағамдардың құрамында қажетті дәрумендер мен қоректік заттар бар және бұл тағамдар арнайы тексерістен өтеді.
Халық игілігі үшін…

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуы – еліміздің жергілікті басқару жүйесінің дамуындағы маңызды белес. Осы уақыт ішінде мәслихат депутаттары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды бастамаларды көтеріп, ел игілігі үшін ауқымды жұмыстар атқарды. Солардың бірі – Жәнібек Сүлейменов.
Келестік өнертапқыш оқушы

Келес ауданында Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Әділбек Думан Данабекұлы үйде орнатылатын ерекше «smart сарқырама» моделін құрастырды. Жас ғалымның бұл жаңалығы үйдегі жайлылықты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.
Оркестр ұжымы Сарыағашта

Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі Сарыағаш ауданында «Жайықтан сазды сәлем» атты керемет концертін өткізді. Кеш барысында оркестр ұлттық музыкамен бірге қазақ халқының бай мәдениетін насихаттап, көрермендерге ерекше рухани тағылым сыйлады.
Фестиваль жалғасуда

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың тапсырмасымен өтіп жатқан «Бірлігіміз жарасқан!» фестивалі этносаралық келісім мен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ аудан тұрғындарына әр түрлі этномәдени орталықтардың салт-дәстүрі мен мәдениетін таныту мақсатында ұйымдастырылуда. Бұл шараның бұл жолғы кезеңі әзірбайжан этномәдени бірлестігінде өтті.
Көпбалалы аналар құрмет құшағында

Ақ жаулықты аналар құрметке бөленді. Аудан әкімі Арман Абдуллаев бүгін алтын мен күміс алқа иеленген 20-ға тарта ақ жаулықты анаға мемлекеттік наградаларды табыс етті. Толығырақ, аудан әкімдігінде өткен алқалы жиын жайлы алдағы сюжетте.
Тарихтың терең қатпарына саяхат

Сарыағаштық ардагерлер «Туған жеріңді таны» танымдық саяхаты аясында Ұлытау облысына арнайы барды. Ұлытау облысындағы тарихи орындар мен мәдени ескерткіштерді аралап шыққан ардагерлер үлкен рухани және танымдық тәжірибе жинады. Ардагерлердің тарихтың терең қатпарына жасаған саяхаты алдағы бейнесюжетте.