Халықаралық театр күнін тойлады

Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер. Күні кеше «Дүниежүзілік театр күні» аталып өтті. Осыған орай, Келес аудандық өнер өлкесіндегі өнерпаздар Мұхамметқали Хасеновтың “Оралу” атты спектаклін сахналады. Жыл сайын жаңа қойылымдармен көрермен жүрегіне жол таба білген “Келес Халық” театрының ұжымына жиылған көпшілік өз ризашылықтарын білдірді. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.

Боз кілемде белдескен балуандар

Дербісек ауылдық округінде орналасқан «Орал ата» спорт кешенінде дзюдодан ауданаралық сайыс болып өтті. Аталмыш спорттық шара 2022 жыл «Балалар жылына», Әз Наурыз мерекесі және Орал Нарбаевты еске алу мақсатында ұйымдастырылды. Боз кілем додасына сайдың тасындай іріктелген 100-ге тарта бала қатысып, өзара кіл мықтыны анықтады. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.

Қош келдің, Әз Наурыз!

Наурыз – кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түстіністіктің мерекесі. Қазақтың төл мерекесі Әз-Наурызды сарыағаштықтар да тойлаудан шет қалмады. Бүгін орталық саябақта ұлық мерекені аудан тұрғындары бар сән-салтанатымен атап өтті. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.

Дарбазалықтар Наурыз тойын тойлады

Наурыз – кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Бүгін Дарбаза ауылдық округінде Ұлыстың ұлы күніне арналған дүбірлі той болып өтті. Алаңға жиналғандардың қарасы басым. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін бәрі осында. Араға 2 жыл салып көппен бірге тойлаған мейрам барысы Халима Мақсатқызының бейнематериалында.

Президент жолдауын талқылады

Бүгін Сарыағаш ауданы әкімдігі ғимаратында алқалы жиын болып өтті. Онда аудан әкімі бастаған ауылдық округ әкімдері, депутаттар, дербес бөлім мамандары қатысып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауымен толық танысып, онда жүктелген міндеттерді жан-жақты саралады. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.

Президент халыққа жолдауын жариялады

Бүгін президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа жолдауын жариялады. «Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды бірге құруға кірістік» деп сөзін бастаған президент алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды тізбектеп, айқындап берді. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.

Әнұран қандай деңгейде орындалуда?

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің ең қасиетті символдары. Кез келген мемлекет елтаңбасымен еңселі, туымен тұғырлы, әнұранымен айбатты. Осы тұста әрбір қазақстандық рәміздердерді ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халықтың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз. Ал алты құрлыққа танылған, рухты көтеретін әнұранымызды өскелең ұрпақ біле ме? Онан бөлек салтанатты іс-шараларда қандай деңгейде орындалуда? Халима Мақсатқызы анықтап көрді.

Аладопты алақанда ойнатқан арулар

Келес өңірінде 2022 жыл «Балалар жылы» және ТМД халық шығармашылығы «Мәдени мұра» жылына, сондай-ақ 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай волейболдан аудандық жарыс болып өтті. Аталмыш сайысқа өңірдегі 10 ауылдық округтен 100-ге тарта ару қатысты. Ұйымдастырушылар алқасы жарысқа қатысушыларға салауатты өмір салтын насихаттауды бос сөзбен емес, нақты іспен көрсетті. Аладопты алақанда ойнатқан арулардың таласқа толы бәсекесін алдағы бейнесюжеттен көрейік.

Кәсіпкерлерге жағымды жаңалық

Келестік кәсіпкерлер үшін жағымды жаңалық. Салық саясатына толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Енді үйден шықпай-ақ «Е-Салық бизнес» мобильді қосымшасы арқылы өз салықтарыңызды төлей аласыздар. Бұл қосымша кәсіпкерлердің салық төлеу процесін едәуір жеңілдеткені сөзсіз. Орын алған өзгерістердің басты мақсаты – кәсіпкерлерге қолайлы жағдай қалыптастыру. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.

«Ұстаз барысы – 2022»

Сарыағаш ауданынында бұрын-соңды болмаған спорттық жарыс болып өтті. «Ұстаз барысы – 2022» атты бозкілем додасында ауданға қарасты 77 білім ордасынан сайдың тасындай іріктелген 100-ге тарта мұғалімдер өз бақтарын сынады. Талас пен тартысқа толы ойын барысы алдағы бейнесюжетте.