Зорлық-зомбылықсыз жарқын болашақ!

Зорлық-зомбылықсыз жарқын болашақ. Мінеки, бүгін дәл осындай атаумен Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен тағылымы мол іс-шара болып өтті. Аталмыш жиынды өткізудегі басты мақсат – кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Бұл кешке аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Полатов арнайы келіп, мінберде сөз алып, салтанатты жиынды ашып берді.
Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы

Қазақ ұлтының ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына орай, бүгін аудандық мәдениет үйінде көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы болып өтті. Сарыағаш аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен сайысқа қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдері де қатысты. Көркемсөздің көсегесін көгерткен шеберлер жайлы алдағы бейнесюжеттен көрейік.
Ахуалың қалай, ауылдағы ағайын?

Ахуалың қалай, ауылдағы ағайын? Естеріңізде болса, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездессін» деп жарлыққа қол қойған болатын. Жарлыққа сәйкес, Мемлекет басшысының пәрмені жер-жерде жүзеге асуда. Ал бүгін Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Ынтымақ ауылының тұрғындарымен кездесіп, олардың уәжіне құлақ түріп, мәселеге тереңінен үңіліп қайтты. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.
Су мен құрма таратты

Сарыағаштық жастар тағы да айрандай ұйыған ауызбіршіліктің озық үлгісін көрсетті. Олар қасиетті Рамазан айында Жібек жолы өткізу пунктіне барып, ондағы 30 күн ораза ұстауға ниеттенген жандарға ауыз су мен құрмалады үлестірді. Жалынды жастардың игі ісіне куә болып қайтқан тілші жалғайды.
Жастардың намысын жаныған кездесу

Сарыағаш аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ел намысын өзге елде қорғап жүрген Нұрбек Серікбайұлымен кездесу болып өтті. Аталмыш тағылымы мол шараға ауданның бір топ жастары қатысты. Нұрбек Серікбайұлы оларға жемісті жеңіске жетудің қыр-сырымен бөлісіп, ағалық кеңесін берді. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.
Мағжан сенген жастармен кездесу өтті

Мағжан сенген саялы өлке жастарымен бүгін келелі кездесу болып өтті. Ел үміті болған жалынды жастар Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айдос Созақбайұлымен кездесті. Бүгінгі жиында кіші буын өкілдеріне мемлекет тарапынан қарастырылған мүмкіндіктер турасындағы сан-сауалдар кеңінен талқыланды. Нақтырақ тілші бейнематериалында.
Алла үйі ел игілігіне берілді

Рамазан айы қарсаңында сәуір айынының бірінші жұлдызында, қасиетті жұма күнінде Қызылжар ауылындағы Алла үйі ел игілігіне берілді. Осыдан болар, киелі мекенде қазығы қағылған мешіттің ашылуына жиналған қауымның қарасы басым. Дәстүрге сәйкес, Алла үйінің ашылуы құран аятымен ашылды.
Бірлігі жарасқан келіндер

Жонарық ауылының келіндері айрандай ұйысқан ауызбіршіліктің озық үлгісін көрсетті. Нақтырақ айтсақ, қыстан кейін ел-жұрт бір-бірімен амандықпен қауышып, жақсылықпен көрісетін ұлттық мерекеміз – Наурыз мейрамы қасиетті жұма күні Ақылбек ата көшесіндегі келіндердің ұйымдастыруымен тойланды. Жамағатқа жеті астың құнары сіңген наурыз көжеден дәм ұсынылды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Дарбазалық оқушылар топ жарды

Дарбаза ауылдық округіндегі №63 жалпы орта білім беретін мектебінің 2 бірдей оқушысы үстел теннисі және волейболдан ҚР чемпионы атнады. Талабы биік, спортқа құштар оқушылардың тағы бір тобы Темірлан қаласында өткен футболдан 2-орынды иеленді. Аталмыш мектеп ұжымы мен оқушылар аудан атын республика мен облысқа танытқан чемпиондарды салтантты түрде күтіп алды. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.
Мәдениеті мен өнері озған ауыл

Әуелде үйірме таппай жан-жаққа сабылып жүретін жасөспірімдер көп болатын өңірімізде. Әсіресе, ауылды жерлерде. Қазір мұның барлығы артта қалды. Себебі заман ағымына, әр баланың ыңғайына қарай ауылдық мәдениет клубтарында көптеген үйірмелер ашылды. Бүгін түсіру тобымыз Әлімтау ауылдық клубына табан тіреген болатын. Ендеше балаларға үйретері көп үйірмелер хақында алдағы бейнесюжетте.