Далалық оқу-жаттығу жиыны басталды

Бүгін үрдіске айналған мектеп оқушыларының далалық оқу-жаттығу жиыны басталды. Осыған сәйкес, Жартытөбе ауылдық округінде жетекші мектеп болып бекітілген №68 Талғат Оспанов атындағы білім ошағында іс-шараның салтанатты түрде ашылуы болып өтті. Әскери өмірдің алғашқы әліппесімен танысқан оқушылармен жүздесіп қайтқан тілші тақырыпты әрмен қалай жалғасын.

Келестіктер ұлағатты ұстазды еске алды

Жақсының аты өлмейді. Ардақты ұстаз, белгілі математик – Ешанқұлов Еркінбек Қалтайұлын еске алуға орай, киелі Келесте оқушылар мен мұғалімдер арасында математика пәнінен аудандық олимпиада болып өтті. Ұстаздар мен шәкірттерді бір арнаға тоғыстырған сайыс турасында алдағы бейнесюжеттен көрейік.

Қызғалдақтың отаны – Қазақстан

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы және Сайрам Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бірелсе ұйымдастыруымен «Қызғалдақтың отаны -Қазақстан» атты акция ұйымдастырылды. Бұл шараға Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары, зиялы қауым өкілдері қатысты. Сондай-ақ қылқалам шеберлері үшін табиғат аясында суретшілер байқауы өтті. Онан бөлек, оқушылар шығарма жазып, өрендер өз өнерлерін ортаға салды.

Басқарма басшысы «Үздіктерді» қабылдады

Салық мәдениетін көтеру мен тұтынушылар мүддесін қорғау мақсатында, яғни «Е-Salyq Азамат» және «Е-Salyq бизнес» мобильдік қосымшалары мен «Е-Salyq Бот» чатының қолдануын салық төлеушілер арасында кеңінен насихаттау аясында белсенді қызмет атқарған жандар жуырда ғана Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде марапатталған болатын. Марапат алғандардың қатарында біздің ауданның азаматтары да бар.

«Батыл тойтарыс – 2022» оқу-жаттығу жиыны өтті

Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қаулысына сәйкес, 11-22 сәуір аралығында Қазығұрт ауданының 102 ге тарта әскери міндетті азаматы арнайы әскери полигонда ұйымдастырылған жиынға қатысуда. Мұнда әскери міндеттілері, әскерде жүріп алған білімдері мен біліктіліктерін одан әрі шыңдап арттыруда. Тақырыпты толығырақ тактикалық-саптық оқу жаттығуға қатысып қайтқан тілші жалғайды.

Шот-фактура жүйесіне өзгертулер енгізілді

ҚР Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 қарашасындағы №1127 бұйрығына сәйкес, электрондық шот-фактуралардың тізбесін бекіту туралы бұйрығына өзгертулер енгізілді. Аталмыш өзгертулерді енгізу – көлеңкелі бизнестен арылуға өз септігін тигізеді дейді мамандар. Алдағы уақытта құрылыс материалдарын сатушы тұлғалардың барлығы пилоттық жоба кезеңінде электрондық шот-фактуралар жазуы міндетті.

Өз қолымен көлік құрастырды

Шалғайда жатқан Байғабыл ауылының тумасы ауыл шаруашылығына арналған тың туындыны құрастырып шығарды. Жалпы Келес ауданын кішігірім өнертапқыштар мекені десек артық айтқандық емес, себебі бұған дейін де тыңнан түрен салып, түрлі темір тұлпарлар құрастырып жүрген азаматтарды да көрдік. Ал бүгін біз қожалыққа көмекші көлік құрастырған Абзал Жасұзақ турасында айтамыз…

Салт-дәстүрді дәріптеді

Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығы мен Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымның бірлесе ұйымдастыруымен киіз үй мен алтыбақан аясында керемет іс-шара болып өтті. Жалынды жастар Қозы көрпеш – Баян сұлу күніне орай бас қосып, әуезді ән мен күмбірлеген күй шырқады.

Бозбала мен бойжеткен

Сарыағаш аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен бүгін Ұлттық ғашықтар күніне орай, аудандық мәдениет үйінде ауқымды шара болып өтті. Жастар арасында өткен «Бозбала мен бойжеткен» атты байқауға жарасымды 10 жұп қатысты. Мінберде сөз алған Нұрғали Отаров, баршаны айтулы мерекемен құттықтап, салтанатты кештің шымылдығын түрді.

Бір мезетте 4 ауылға газ берілді

Бүгінгі хабарымызды қуанышты жаңалықтан бастасақ. Қаншама жылдардан бері табиғи газдан тарыққан Құркелес ауылдық округіндегі Ақ үй, Құркелес, Дастан, Алғабас ауылдарына көгілдір отын берілді. Сәйкесінше, аудандағы газдандыру жүйесі 74 пайызға жетті. Нақтырақ алдағы бейнесюжеттен көрейік.