Халықаралық музей күні

18 мамыр – Халықаралық музей күні. Бұл күнді әлемнің барлық музейлері атап өтеді. Айтулы дата дүние жүзіндегі 150-ден астам елде ресми мереке ретінде тіркелген. Бізде де аталған мереке назардан тыс қалып көрген емес. Атаулы күнге орай, Сарыағаш аудандық тарихи өлкетану музейінде “Ұлы дала мұралары” атты тағылымы мол шара болып өтті. Нақтырақ Халима Мақсатқызының бейнематериалында.

Қазақшаңыз қалай?

Қабланбек ауылдық округіне қарасты №13 «Мәңгілік ел» жалпы орта білім беретін мектебінде «Қазақшаңыз қалай?» атты тағылымға толы іс-шара өтті. Ұйымдастырудағы мақсат – өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесін көтеру, олардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру. Аталмыш сайысқа Сарыағаш ауданындағы 12 мектептің оқушылары қатысты. Сонымен, тартысқа толы сайыстың нәтижесі қандай ? Тілші бейнематериалынан көрейік.

Рухани мәні зор басқосу

Эстония республикасы Таллин қаласында әскери борышын бірге өтеген оңтүстік және батыстың азаматтары киелі қарт Қазығұрттың басында рухани мәні зор жиын өткізді. Жиынды өткізудегі басты мақсат – жастардың әскери өмірге деген қызығушылығын арттыру және бірге борышын өтеген жандардың ішінде қаза болғандарын еске алу, оларға құран бағыштау.

Аудан әкімі көктеректіктермен кездесті

Әдеттегі үрдіспен бейсенбінің күнінде Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев халықпен кездесті. Бұл жолғы жиын курортты аймақ – Көктерек кентінде өтті. Өңір халқымен өткен басқосуда әкім ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021 жылғы қорытындысымен таныстырып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Мәдениеті мен өнері озған ауыл

Қызылжар ауылдық округіне қарасты мәдениет үйінің қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстары толайым. Оны талай өнер додасында топ жарып жүрген қызылжарлық өнерпаздың жетістіктерінен-ақ аңғаруға болады. Ал мәдениет ошағының басшылығы ауыл мәдениетін дамыту жолында қандай жұмыстар атқаруда? «Көрсем, білсем, үйренсем» деген өнерге құштар ауыл балаларына мүмкіндіктер қарастырылған ба? Алдағы бейнесюжеттен көрейік.

Робототехника мектебі ашылды

Саялы өлке тұрғындары үшін жағымды жаңалық. Өңірімізде бұрын-соңды болмаған, балалардың бос уақытын тиімді өткізуге, одан қала берді жаңа заман талабына сай, алғыр да білімді болып кемел келешекке нық адым басуға орасан зор көмегін тигізетін «робототехника және бағдарламалау» орталығы ашылды. Жаңа технология көші ілгері дамыған заманда мұндай орталықтар облыс көлемінде жоқтың қасы. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.

Қайырымды жандардан қолдау қажет

Рамазан айының соңғы күнінде Сарыағаш қаласында қайырымдылық бағытындағы ауызашар ұйымдастырылды. Халық қалаулылары мен жеке кәсіпкерлер және дін өкілдері қатысқан жиынның мақсаты – жалғызбасты анаға қол ұшын созу болатын.

Бірлігі бекем келестіктер

Қазақстанда 130-ға жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. 1-мамыр «Қазақстан халқының бірлігі» күніне орай, Келес аудандық мәдениет үйінде кең көлемде іс-шара болып өтті. Ұйымдастырудағы мақсат – ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. Онан бөлек, киелі сахна төрінде әуезді ән мен күмбірлеген күйлер шырқалып, мың бұралған бишілер көңілді кештің сәнін келтірді.

Түркістанды ән мен күйге бөлеген келестіктер

Өнерін сақтаған ел өркендейді. Түркістан қаласында “Түркістан – түркі әлемінің жүрегі ” атты мәдениет күндері өтіп жатқаны белгілі. Күні кеше өнер айдынында желкенін көтеріп, желмен жарысқан жүйріктей, шашасына шаң жұқпай жүйткіп келе жатқан Келес ауданы мәдениет саласының қызметкерлері “Керуен сарай” көпсалалы кешенінде бар өнерін ортаға салып, жиылған көпке рухани демалыс сыйлады.

Екпеден бас тарту – ертеңге қауіп

Сарыағаш аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел болып өтті. Бүгінгі жиынға түрлі сала мамандары қатысып, екпеге қатысты өздерінің тараптарынан атқарылып жатқан жұмыстар турасында баяндама жасады. Сонымен қатар, күн тәртібінде бірқатар мәселелер талқыланды.