Алимент төлеуден жалтарғандардың саны – 800-ге жуық

Өкінішке қарай, шаңырағы шайқалып, ажырасатындардың қатары жыл санап артуда. Дәл қазіргідей нарық заманында жалғызбасты аналарға баланы асырау оңайға соқпайтыны белгілі. Статистикаға сүйенсек, Келес ауданында алимент төлеуден жалтарып жүрген 800 борышкер бар. Былтырмен салыстырғанда, аталмыш цифрлар мүлде кемімеген. Аудан прокуратурасы осы тұста қандай жұмыстар атқаруда? Көріп, біліп қайттық.
Қоқыс полигоны стандартқа сай ма?

Елімізде шамамен 4 мыңға жуық қоқыс полигоны бар. Олардың барлығы да санитарлық-экологиялық талаптарға сәйкес келмейді. Өкінішке қарай, сәйкес келетіндері саусақпен санарлықтай. Тиісінше, біз Сарыағаш қаласында орналасқан полигонға табан тіреген болатынбыз. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.
Бір тәулікте 3 өрт оқиғасы орын алды

Сарыағаш ауданында маусым айының 7 күнінде дала өртінен 3 оқиға тіркелді. Апат айтып келмейді. Бұл бірінші рет болған жағдай емес. Жылдар бойғы, сол, байырғы жыр. Көбіне жазық даланы шарпыған жалынға АДАМ кінәлі болып жатады. Бұл салғырттық па, әлде салақтық? Құрметті тұрғындар, еңсені тіктеп, жауапкершілік танытып, далалы жерде темекі тұқылы мен оттықтарды пайдаланбаудың сәті келген сыңайлы. Биыл жауын-шашын жеткілікті мөлшерде түсті екен деп, тайраңдап кетуге де болмайды. Нақтырақ алдағы бейнесюжетті көрейік.
Референдумның маңыздылығы түсіндірілді

Референдумға небәрі 7 күн қалды. Тиісінше, маусымның 5-інде орын алатын саяси өзгерістердің маңыздылығын түсіндіру мақсатында халық қалаулысы Динара Динашова дарбазалықтармен кездесті. Нақтырақ алдағы бейнесюжеттен көрейік.
Сарыағаштық жастар референдумды қолдайды

Жаңа Қазақстанды құру жолында Ата заңымызда жаңаша үрдісте, уақыт талабы мен замана сұранысына сай болуы қажет. Референдумды қолдау мақсатында құрылған штабтардың жұмысы жалғасуда.. Күні кеше Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Байділдә Жылқышиев сарыағаштық жалынды жастармен кездесіп, 5 маусымда өтетін саяси өзгерістердің маңыздылығын оларға жіті түсіндірді.
Референдум – Жаңа Қазақстан құрудағы маңызды қадам

Референдум – жаңа Қазақстан құрудағы маңызды қадам. 5-маусымда Конституция баптарының үштен бір бөлігін өзгерту бойынша Республикалық референдум өтеді. Бүгінде референдумды қолдау тобы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде. Бүгін дәл осы мақсатта саялы өлкеге арнайы келген Түркістан облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Байділдә Жылқышиев №68 Талғат Оспанов мектебінде халықпен кездесті.
Халықаралық автошеру

Ұлы Жеңістің 77 жылдығы және ТМД жанындағы интернационалист-жауынгерлер комитетінің құрылғанына 30 жыл толуына орай, Өзбекстан Республикасының «Ветера»н ардагер-жауынгерлері мен мүгедектері ұйымы және Тәжікстан Республикасының «Ауған соғысы ардагерлер одағының» бірлесуімен ағымдағы жылдың 21-24 мамыр аралығында Халықаралық автошеру өткізу жоспарланған болатын. Ауған соғысы ардагерлерін бір арнаға тоғыстырған жиын турасында алдағы бейнесюжетте.
Күдікті құрықталды…

Түркістан облысының полицейлері Сарыағаш ауданында үш алаяқтық қылмысқа қатысы бар күдіктіні ұстады. Жас жігіт жергілікті тұрғындарға «үйге газ құбырын кіргізіп беруге және заңды құжат жасауға» уәде беріп, ақысын алған. Алайда қаражатты алғаннан кейін ізін суытып үлгерген. Қазіргі таңда күдікті қолға түсіп, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Өнер өлкесіндегі өнерпаздар марапатталды

Мамырдың 21-і халқымыздың бай мәдени мұрасы мен руханиятының дамуына зор үлесін қосып келе жатқан мәдениет саласы қызметкерлерінің мерейлі мерекесі. Осыған орай, Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде салтанатты іс-шара болып өтті. Онда аудан әкімінің орынбасары Нұрполат Талипов пен зиялы қауым өкілдері өнерлі өлке өнерпаздарын мерекемен құттықтады. Қоғамдық сананың жаңғыруы мен адамдардың рухани дамуына үлес қосып жүрген маңдайалды мамандардың еңбегі еленген кеш турасында Халима Мақсатқызы тарқатады.
Жаңа Қазақстан – жаңа Конституция

Жаңа Қазақстан – жаңартылған Конституция. 5 маусым тарихи күн. Қазақстан Конституциясына толықтырулар мен өзгертулер енгізуге қатысты халық піркірі сұралып, азаматтық қоғам үн қосар күн. Тәуелсіз Қазақстан тарихында 3-рет өткелі отырған референдумды насихаттау мақсатында Парламент Мәжілісінің депутаты Қайнар Абасов сарыағаштық жалынды жастармен кездесті. Тақырыпты әрмен қарай Халима Мақсатқызы өрбітеді.