Сарыағаш – сазды өлке

Мәдениеті озған елдің ертеңі еңселі, болашағы жарқын болары хақ. Айталық, мәдениет пен өркениеттің мекені болған Саялы Сарыағашта әр аптаның жұмасында дүркіреп, әр ауылдық округтің өнерпаздары қала тұрғындарына рухани, мәдени демалыс сыйлауды үрдіске айналдырып үлгерді. Бүгін жоспарға сәйкес, Дербісек ауылдық мәдениет үйінің дарындылары халыққа концерттік бағдарламасын тарту етті.
Жүрекке жылу сыйлаған кеш

Шын мықтыға тұсау жоқ. Күні кеше аудандық мәдениет үйінде жарық дүниені көзімен емес, жүрегімен сезетін, тағдыр тәлкегіне мойынсұнбаған Нұржан Төребаевтың шығармашылық кеші болып өтті. Зағип болғанына қарамай қазақ өнерін, мәдениетін насихаттауға өз үлесін қосып жүрген әншінің қазіргі таңда 60-қа жуық авторлық туындысы бар. Ендеше,махаббат пен сүйіспеншілікке толы концерт барысын алдағы бейнесюжеттен көрейік.
БАҚ өкілдері марапатталды

28-маусым – халықтың көзі, құлағы һәм тілі болып жүрген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің төл мерекесі. Мерейлі мерекеге орай, Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев, мылтықсыз майданның майталмандарын құттықтап, сый-сияпаттар тарту етті.
2 адам суға батып кетті

Қайғылы оқиға. Сарыағаш ауданында бір жұманың ішінде 2 адам суға батып кетті. Сүңгуірлердің тынымсыз тексерісінің арқасында бірінің мәйіті табылды, ал екіншісін іздеу жұмыстары жалғасуда. Осы тұста төтеншеліктер белгіленбеген, тыйым салынған орындарда шомылуға болмайтындығын ескертіп қайта-қайта дабыл қағуда. Құтқарушылар жыл сайын қауіпсіздік ережелерін айтып, әбігер болғанымен, тыңдап жатқан құлақ жоқ!
Судан келер қауіп көп

Жаз мезгілі бастала салысымен аудандағы өзендер мен тоған, каналдарда суға түсетін халықтың қарасы көбейе бастайды. Судағы сақтық шараларын сақтамау салдарынан қайғылы жайттар да орын алатыны жасырын емес. Шомылу маусымы басталғалы түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде. Бүгін төтеншеліктер және полиция бөлімінің мамандары, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан көлемінде рейдтік шара өтті.
Келестік полицейлер марапатталды

Соңғы 15 жылдан бері полицейлер 23 маусым күні төл мерекелерін тойлауда. Осынау атаулы датада ел тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін сақтауда сауысқандай сақ, қырандай қырағы келестік полицейлер құрметке бөленді. Нақтырақ айтсақ, Ішкі істер саласында тынбай тер төккен 11 азаматқа «Қазақстан полициясына – 30 жыл» төсбелгісі табысталды. Салтанатты шара барысы алдағы бейнесюжетте.
Қазақстан полициясына – 30 жыл

Жыл сайын 23-маусымда қазақстандық полицейлердің төл мерекесі тойланады. Биыл Қазақстан полициясына – 30 жыл. Қоғам тыныштығын қамтамасыз ету жолында күн-түн демей еліміздің өр рухты, айбынды тәртіп сақшылары аянбай еңбек етіп келуде. Бүгін аудандық мәдениет үйінде ел тыныштығын күзетуде талмай тер төккен азаматтар марапатқа ие болды. Нақтырақ Халима Мақсатқызының бейнематериалында.
Сот таразысы – әділдік айнасы

Сот қызметкерлері – сот жұмысының айнасы. Қоғамдағы заң үстемдігін толықтай қамтамасыз етіп, мемлекет атынан адам тағдырын тепе-теңдік жағдайда шешетін, қара қылды қақ жарған ең мәртебелі лауазым иелері өздерінің төл мерекесін Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет арнаулы датада тойлайын деп отыр. Талай жылдан бері күрмеулі мәселелерді тереңінен зерттеп, әрбір істің ақ қарасын ажыратып, әрдайым әділ шешім қабылдап келе жатқан Келес аудандық сотының мамандары да барша әріптестерін 24 маусым “Судья және сот қызметкерлері” күнімен құттықтады.
Өзбекстаннан келген делегаттарды қарсы алды

«Open Turkistan Youth – 2022». Түркістанда өтетін республикалық жастар форумына көрші Өзбекстан Республикасынан Туризм және мәдениет министрінің кеңесшісі Лола Рахманбаева бастаған бір топ делегаттар келді. Оларды таңертең саялы Сарыағаш және киелі Келес өңірлерінің жалынды жастары өз қонақжайлылығын көрсетіп, таңмен таласа, ән-күйден шашу шашып, керемет көңіл-күйде ерекше ыстық-ықыласпен қарсы алды.
Зорлық-зомбылыққа қатысты жиын өтті

Келес ауданында маусым айының 13-21 аралығында “Зорлық-зомбылыққа жол жоқ” акциясы өтіп жатқаны белгілі. Аталмыш акцияны өткізудегі мақсат – тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға және оны болдырмауға бағытталған. Осы акция барысында кей мәселелерді алдын алу үшін бір топ түсіндіру тобы мен арнайы мамандар және Ошақты ауылының тұрғындары әкімдікте бас қосты. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.