Әуесқой футбол лигасы өз мәресіне жетті

Бүкіл аудан көз тіккен Сарыағаш ауесқой футбол лигасы өз мәресіне жетті. 5 ай бойы жасыл алаңда жасындай жарқырап, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танылған аяқдоп шеберлерінен құралған командалар бүгін марапатталды. Аудандық мәдениет үйінде болып өткен марапаттау рәсімінде алғаш болып сөз алған Сарыағаш аудандық мәслихатының хатшысы Смайл Тасқұлов барша командаларды мерейлі жеңісімен құттықтап, өңірімізде футболдың дамуына сүбелі үлес қосқан жандарға да өз алғысын білдіріп өтті.
Бір күнде 33 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды

Келес ауданында осы уақытқа дейін екі қолға бір күрек таппай жүрген 33 азамат бір күнде тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Кезекті болып өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 22 жұмыс беруші 37 тұрақты жұмыс ұсынды. Аталмыш жәрмеңке «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде ұйымдастырылды. Толығырақ тілші бейнематериалында.
М.Шахановтың торқалы тойын тойлады

Қазақтың біртуар азаматы, Еңбек ері, заңғар ақын, шындықтың шырағы Мұхтар Шаханов – 80 жаста. Қоғам қайраткерінің торқалы тойы сонау Түркияда бастау алып, саялы Сарыағаш өлкесінде жалғасын тапты. Ақынның оқырмандары мен зиялы қауым өкілдері жиылған салтанатты кеш барысын Халима Мақсатқызы толығырақ тарқатсын.
Грант иегері атануға мүмкіндік артты

Соңғы 2-3 жылда колледждерге бөлінетін гранттар саны азайып кеткен болатын. Биыл жағдай мүлде басқа. Балалар жылына орай, еліміздегі колледждерге 128 мың грант бөлінді. Бұл көңіл қуантарлық цифрлар әрине.Оның ішінде өңірдегі №12 кәсіптік колледжге 225 грант бөлінген. Оқу орны 6 мамандық бойынша оқушыларды оқуға қабылдауға дайын. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.
Қызылжарлық өнерпаздар Сарыағаш аспанын әнмен тербеді

Қызылжарлық өнерпаздар Сарыағаш аспанын әсем әнмен тербетті. Тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй мен мәдени әрі рухани демалыс сыйлау мақсатында ұйымдастырылған сазды кеште өнер өлкесінің майталмандары тек жанды дауыста ән шырқады. Жүрекке жылу сыйлаған концерт барысы алдағы бейнесюжетте.
Еске алу турнирі өтті

Күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамының бүгін 3-күні. Осынау атаулы датада Құрама ауылының жастары марқұм ағалары мен бауырларын еске алып, футболдан турнир ұйымдастырды. Аталмыш сайысты өткізудегі басты мақсат – ауылдың спортсүйер тұрғындарын бір арнаға тоғыстыру, салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту. Тартыс пен таласқа толы ойын барысын алдағы бейнесюжеттен көрейік.
Ошақтылықтар құрбан айт мейрамын ерекше атап өтті

Құрбан айт мерекесіне орай, Ошақты ауылдық округінде, ауданда бұрын соңды болмаған сайыс алғаш рет ұйымдастырылды. Жаңа бастаманы көтерген Нұрмахан Нархозиев күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті мерекеде спортсүйер ауыл тұрғындарының басын қосты. Олар спорттың 3 түрінен өз бақтарын сынады. Талас пен тартысқа толы іс шара барысын алдағы бейнесюжеттен көрейік.
Имамдар бас қосты

Сарыағашта ерекше жиын болып өтті. Орталық мешітте болып өткен басқосуға Түркістан облысының бас имамы арнайы келіп, ауыл имамдарына олардың қызметінің сапасын арттыру мақсатында бірқатар мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, Еркебұлан Қарақұлов барша жамағатты санаулы күндерден соң тойланатын, Ұлық мейраммен құттықтады.
9 шілде – Құрбан айт мейрамы

9 шілде күні – мұқым мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамы басталады. Бұл жөнінде ҚМДБ бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді. Ал, исі мұсылман үшін Ұлық мейрамның мән-мағынасы қандай? Онлайн құрбандық шалуға бола ма? Аталмыш мейрамға дайындық Келес ауданында қалай жүруде?
Ұлттық домбыра күні ұлықталды

Өңірімізде жыл сайын, дәстүрлі түрде көмейінен күмбірлі күй төгілген қасиетті қазақ аспабы «Домбыра күні» өз деңгейінде аталып өтеді. Аталмыш шара биыл да жалғасын тапты. Бүгін аудандық мәдениет үйінде болып өткен домбыра фестивальнде, рухтың уызынан нәр алған 11-ге жуық күй орындалып, Саялы өлке аспанын тербетті.