Балаларға арналған ерекше іс-шара өтті

Сарыағашта орналасқан «Ақбота» бөбекжай болабақшасында бір мезетте балаларға арналған үш іс-шара өткізілді. Елдің ертеңі, еңселі болашағымыздың иелері болған бүлдіршіндеріміз аталмыш шарада өздерінің жан-жақты екендіктерін дәлелдеп, өзге балабақшалардан сарапшы ретінде келген меңгеруші мен әдіскерлерді тәнті етті. Қызық пен таласқа толы ойын барысын алдағы бенесюжеттен көрейік.

Түркістан аспанын ән мен жырға бөледі

Ер Түріктің бесігі саналған киелі Түркістан төрінде Сарыағаш ауданының мәдениет күндері өтуде. «Керуен сарай» туристік кешенінде өткен «Түркістан – текті төріміз» атты концерттік бағдарламаның алғашқы күнінде талай облыстық, республикалық өнер додаларында топ жарып жүрген «Саялы Сарыағаш» этно-фольклорлық ансамблі мен вокалды аспаптар ансамблінің өнерпаздары түркістандықтар мен қала қонақтарына өз өнерін тарту етті. Нақтырақ Халима Мақсатқызының бейнематериалында.

Мекеме басшысы 1 млн теңге талап еткен

Жұмыс орнын сақтап қалу үшін мекеме басшысы 1 млн тенге талап еткен. Келестік тұрғын Түркістан облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция бөліміне осылайша арызданған. Аталған жайт бойынша, ҚР ҚК-нің 190 бабы 2-бөлігі “Алаяқтық” бойынша тіркеліп, күдіктіні ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде Келес ауданына қарасты Абай ауылы көшелерінің бірінде күдікті пара алу үстінде ұсталған.

Грантты алыңыз, бизнесіңізді бастаңыз!

Мамыр айында заңды өзгертуге байланысты уақытша тоқтатылған қайтарымсыз грант ағымдағы жылдың 25-шілдесінде нақты бекітіліп, порталға тіркелу басталып та кетті. Сонымен, бастау бизнеске кімдер қатыса алады? Қайтарымсыз грантты жеңіп алу шарттары қандай? Бұл жөнінде Сарыағаш аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Динара Динашова айтып берді

Сенімге селкеу түсірмейік

ҚР Қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің тапсырысы негізінде Келес ауданында ерекше жиын болып өтті. 2 күннің ішінде Нұр-Сұлтан қаласындағы Діндерді зерттеу орталығының теологтары келестіктермен жүздесіп, арнайы дәріс оқыды. Тақырыпты толығырақ тілші жалғайды.

Қабланбектің жанды концерті

Күні кеше Қабланбек ауылының өнерпаздары саябаққа жиылған қауымға бар өнерін паш етіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ұлттық аспап домбыраны күмбірлетіп, жанды дауыста әндер айтып, көркемсөздің көсегесін көгерткен өнерсүйгіш жандар туралы алдағы бейнесюжеттен көрейік.

«Келес ауданының құрметті азаматы» атағы берілді

Бүгін ауданың экономикалық-әлеуметтік дамуына сүбелі үлесін қосқан бір топ ардагерлерімізге «Келес ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. Салтанатты шара басында сөз алған аудан әкімі Ақментай Есбаев, алдымен жаңа атақты иеленейін деп отырған жандарға жүрек жарды жылы лебізі мен ыстық ықыласын білдіріп өтті.

Сарыағашта мал ұрлаған қылмыстық топ құрықталды

Сарыағаш ауданында 16 мал ұрлығына қатысы бар қылмыстық топ ұсталды. Сарыағаштық тұрғын жергілікті полицейлерге жылқысының жоғалғандығы туралы арыз берген. Полиция бөлімінің мамандары жедел іздестіру шаралары арқасында 1 күдіктіні қолға түсіріп, кейіннен екі сыбайласын да құрықтады. Белгілі болғандай, олар мал ұрлау арқылы олардың иелеріне 10 млн теңгеден аса шығын келтірген.

2 баласы бар жүкті әйел өз-өзіне қол жұмсады

Келес ауданында жүкті әйел жіпке асылған күйінде табылды. Оқиға 16 шілде күні орын алған. Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысының сөзінше, марқұмның артында қос жанары жәутеңдеп 2 бірдей баласы қалды. Ал өзі жүктілігінің жетінші айында болған екен. Марқұмның қандай себеппен өз-өзіне қол жұмсағанын полицейлер дөп басып айтпай отыр. Ал қоғам белсенділері болса, аяғы ауыр келіншек тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан осы қадамға баруы әбден мүмкін деп топшылайды. Десе де мәселенің анық қанығын ішкі істер органдары анықтауда.

Коронавирус қайта өршіді ме?

Өткен тәулікте елімізде короновирус жұқтыру дерегі бойынша 1450 жағдай тіркелді. Жасыратыны жоқ, соңғы уақытта коронавирус, пандемия сынды сөздерді қолдануды мүлде қойған болатынбыз. Өкінішке қарай, қайта шапқан жау секілді ковид-19 қайта оралып күшіне енді. Енді баяғыша арқаны кеңге салып жүруге мүлде болмайды. Маскалық режимді, арақашықтықты сақтаған жөн. Әрине өзіңіз, өз денсаулығыңыз үшін.