Қазақ вальсінің королі – 92 жаста

Бүгін, 15 тамыз – ұлы композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алып, телегей теңіздей сезім сыйлаған көңіл пернесін дөп басып, ыстық ынтызарлықтың, шексіз сүйіспеншіліктің төлқұжатындай болған әндердің авторы бүгін 92 жасқа толды. Қазақтың кең даласын әнмен тербеген Шәмші, көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналды. Шәкеңнің көзін көрген ауданымыздың құрметті азаматы Рахымберді Оспанов, композитор турасында жылы естеліктермен бөлісті.

Дарбазалық өнерпаздардың халыққа тартуы

Мәдениеті озған елдің ертеңі – еңселі, болашағы – жарқын болары хақ. Айталық, мәдениет пен өркениеттің мекені болған саялы Сарыағашта әр аптаның жұмасында дүркіреп, әр ауылдық округтің өнерпаздары қала тұрғындарына рухани, мәдени демалыс сыйлауды үрдіске айналдырып үлгерді. Бүгін жоспарға сәйкес, Дарбаза ауылдық мәдениет үйінің өнерлілері халыққа концерттік бағдарламасын тарту етті.

Мемлекеттік бағдарламаларды насихаттады

12-тамыз «Халықаралық жастар күніне» орай қаламызда орналасқан Алып сауда орталығында іс-шара болып өтті. Жастар ресурстық орталығының бастамасымен ұйымдастырылған жиында аудандық жұмыспен қамту орталығы мен отбасы банкінің кеңесшілері ондағы жастар мен тұрғындарды мазалаған сауалдарға жауап беріп, өз кеңестерін берді. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.

Абайдың туған күнін атап өтті

Бүгін қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына – 177 жыл. 2020 жылы Үкімет қаулысымен «10 тамыз – Абай күні» деп ресми түрде бекітілген болатын. Осыған орай, ауылдық мәдениет ошақтарында тағылымы мол іс-шара болып өтті. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.

Әуесқой футбол лигасы өз мәресіне жетті

Келес ауданында ағымдағы жылдың 3-наурызында басталған әуесқой футбол лигасы өз мәресіне жетті. 2 айға созылған аяқдоп бәсекесінде 18 және 35 жастан жоғары өңір азаматтары жасыл алаңда жасындай жарқырап өзара кіл мықтыны анықтады. Осыған орай, аудандық мәдениет үйінде салтанатты марапаттау кеші болып өтті. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.

Ана сүтінің маңыздылығы

Дүние есігін шыр етіп ашқан әр сәбидің ең алғаш татар нәрі – анасының ақ сүті. Әр жыл сайын тамыздың 1-нен 7-не дейін бүкіл әлемде ана сүтін еметін балалардың денсаулығын нығайту үшін ана сүтін емізуді насихаттайтын іс-шара болып өтеді. Яғни қазіргі таңда әлем бойынша «Дүниежүзілік бала емізу апталығы» өткізілуде. Аталмыш шарадан Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы да шет қалмады. Нақтырақ алдағы бейнесюжеттен көрейік.

Аға буынның кейінгі ұрпаққа аманаты

Келес ауданында тағылымы мол шара ұйымдастырылды. Мәдениет үйінде өткізілген тарихи кеште көненің көзі – абыз аналарымыз өз аманатын артынан еріп келе жатқан жастарға тарту етті. «Ұрпақтар сабақтастығы – дәстүрлер жалғастығы» атты салтантты кештің ашылуында сөз алған Келес ауданының мәдениет майталманы, ардагер Жұмағұл Ыбыраев ақ жаулықты аналарымызға ақ тілегін арнап, жүрекжарды жылы лебізін жеткізді.

Балық өсіріп, пайдаға кенелген

Балық та байлық көзі. Келес ауданында балық өсіріп, алыс-жақын маңдағы аудан мен Қазақстанның көпшілік өңірін балық өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған «Көшім» шаруа қожалығы бар. Мұнда 2022 жылдың 1-тоқсанының өзінде 36 тонна балық сатылған. Қожалық иесі Райс Тастанов тағы да 28 көл жасап, олардың санын 42-ге жеткізіп, жылына 400 тонна өнім шығаруға ниетті. Білікті балық өсіру бағбаны туралы алдағы бейнесюжеттен көрейік.

Миллион теңге ұтып алуға мүмкіндік

Түркістан облысында «Zhas project» шағын бизнесті қолдауға берілетін грант байқауы басталды. Бұл жұмыссыз жүрген жастарға берілетін зор мүмкіндік. 1 миллион қаржыны жеңіп алу жолы да оңай. Ол үшін тың идеяңыздан жоба құрастырып, 10 тамызға дейін комиссияға ұсынсаңыз болғаны. Бүгін аталмыш жоба бойынша брифинг болып өтті. Тақырыпты толығырақ әріптесім тарқатады.

ЖРО: Жұмыс жүйелі ме?

Жыл басынан бері Келес аудандық Жастар ресурстық орталығына қарасты талантты жастарды қолдау бөлімі негізгі 3 бағыт бойынша көптеген мәдени, рухани және спорттық сайыстар ұйымдастырды. Оған шамамен өңірдің 1000-нан аса жастары қатысқан. Ауыз толтырып айтарлықтай өткізілген іс-шаралар тек мұнымен шектелмейді. Онан бөлек, үлгі мен өнегеге толы, жақсылыққа бастайтын жұмыстары арқылы еріктілеріміз көптің еңсесін тіктеген шаралар легі тағы бар. Нақтырақ алдағы бейнесюжетті көрейік.