Әкімге алғысын жаудырды

Аудан әкімі Мұхит Отаршиевтің халықпен кезекті кездесуі Ақжар ауылдық округінде болып өтті. Бұл жиын өзге ауылдық округтерде өткен кездесулерден ерек болды. Себебі, алдыңғы басқосуда халық тарапынан айтылған талап-тілектердің орындалғанына ақжарлықтар риза болса керек, олар әкім мырзаға тек қана алғыстарын жаудырды. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.
Бүлдіршіндер үшін алғашқы қоңырау соғылды

Бүлдіршіндер үшін алғашқы қоңырау соғылды. Қошқар ата ауылдық округіне қарасты Жамбыл-2 ауылында жаңа мектеп жаңа оқу жылында пайдалануға берілді. Білім ордасының ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев, ұстаздар мен оқушыларды білім күнімен құттықтап, жүрекжарды жылы лебізін білдірді.
Әлемдік сахнаға жол ашылады

Мәдениеті мен өнері озған елдің ертеңі еңселі, болашағы жарқын болары хақ! Аудан әкімі Мұхит Отаршиев өңірде рухани байлықты дамытуда және мәдени дәстүрлердің дамуы мен сақталуына үлес қосып жүрген «Саялы Сарыағаш» этно-фольклорлық ансамблімен кездесті. Басқосуда бірқатар мәселелерді талқылап, әкім мырза өзінің тарапынан Сарыағаштың атын талай өнер додаларында танытып жүрген ансамбльге барынша қолдау көрсететіндігін жеткізді. Келелі жиында әкім, алдымен, күрделі жөндеуден өтіп жатқан мәдениет үйі турасында сөз қозғады.
Дербісекке ауыз су қашан беріледі?

Аңқасы кеуіп, кенезесі кебірсіген дербісектіктер, ауыз судың жоқтығынан әбден ызалы. Күні кеше аудан әкімі Мұхит Отаршиев Дербісек жұртшылығымен кездесіп, олардың түйткілді мәселелерін тыңдап, тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді. Жиында халық бөлім басшыларын сынға алып, атқарып жатқан жұмыстарына көңілі толмайтындықтарын жеткізді. Кездесу басында әкім мырза, әдеттегідей, өткен кездесулерде тұрғындар тарапынан айтылған талап-тілектердің орындалып жатқаны турасында баяндама жасады.
Кешенді оқу-жаттығу жиыны басталды

«Апат айтып келмейді. Төтенше жағдайларға дайын болуымыз қажет». Бүгін Келес ауданында кешенді оқу-жаттығудың теориялық және практикалық іс-шаралары бастау алды. 3 жылда 1 рет ұйымдастырылатын бұл жиынға ауылдық округ әкімдері мен аудан әкімі аппаратындағылар, бөлім басшылары қатысты. Нақтырақ жиынға қатысып қайтқан Халима Мақсатқызының бейнематериалында.
Жылғалықтардың жанды концерті

Мәдениеті мен өнері озған елдің ертеңі еңселі, болашағы жарқын болмақ! Айталық, мәдениеттің мәйегі саналған Сарыағаш өлкесінде әр аптаның жұмасы әр ауылдық округтің өнерпаздары концерттік бағдарламасын қала тұрғындарына тарту етуді әдетке айналдырып үлгерді. Талай таланттыны баптаған Жылға ауылдық мәдениет үйі де аталмыш шарадан тысқары қалған жоқ. Олар жанды дауыста әсем әндер шырқап, жиылған көптің ыстық ықыласына бөленді. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.
Еске алу турнирі өтті

Футбол – миллион жанның сүйікті ойыны. Ауданымызда кіші футбол күн санап дамып келеді. Сәйкесінше, салауатты өмір салтын ұстап, бос уақытын тиімді өткізетін жастардың да қатары артқан. Бұған М.Ломоносов мектебінің 2001-2002 жылы туған түлектерінің ұйымдастыруында өткен футбол турнирінде куә болдық. Ендеше теңбіл доп аламанындағы тартысты бәсекені аладағы сюжеттен көрейік!
Жаңа оқу жылында – жаңа мектеп

Жаңа мектепте – терең білімнен сусындамақ. Аудан әкімі Мұхит Отаршиев Жемісті ауылдық округінде жаңадан бой көтерген Күмісай Тасболатова атындағы зияткерлік мектепке табан тіреді. Өңір басшысы білім ұясының бірқатар сыныптары мен лабаратория кабинеттерін аралап, жаңа заман талабына сай соғылған мектепте оқушыларға барлық жағдайлар жасалғанын көріп, таңданысын да жасырмады.
«Жас отбасыларға жер учаскелерін беру қажет»

Жастарға тұрғын үй салу мақсатында жер учаскелерін беру жан-жақты қаралады. Жемісті ауылдық округі тұрғындарының түйткілді мәселесі жайында аудан әкімі өңір тұрғындарымен кездесу барысында тыңдап қайтты. Алқалы жиында алғаш боп сөз алған Мұхит Отаршиев, әдепкі үрдісше алдыңғы кездесуде тұрғындар тарапынан айтылған талап-тілектердің орындалып жатқаны бойынша баяндама жасады.
Ардагерлер кубогы

Сарыағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, сондай-ақ «Сарыағаш» әуесқойлар лигасының ұйымдастыруымен «Мамыр ата» спорт кешенінде 40 жастан асқан азаматтар арасында футболдан сайыс болып өтті. Аталмыш кубок ойынына барлығы 9 команда қатысты. Ендеше талас пен тартысқа толы ойын барысын алдағы бейнесюжеттен көрейік.