Шалғайдағы ауылдарға газ берілді

Дарбаза ауылдық округіне қарасты Ердәуіт және 51 разъезд елді мекендерінің тұрғындары үшін биылғы қыс ерекше қуанышпен басталды. Себебі осы ауылдарға көгілдір отын жеткізіліп, тұрғындар отын тасу мен көмір жағудың машақатынан құтылды. Аталған қуанышты сәтке аудан басшысы Арман Айдарұлы арнайы келіп, тұрғындармен кездесті.
Әбілсапар Тұрғынбаймен кездесу өтті

Бүгін Сарыағаш аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Өлкеміздің тұғырлы тұлғасы» атты жобасы аясында жазушы, Халықаралық жазушылар одағының мүшесі, ақын Әбілсапар Тұрғынбаевпен оқырмандар арасында кездесу өтті. Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Жырым менің, сырым менің» атты шығармашылық кештің айшықты сәттері келесі бейнесюжетте көрсетіледі.
Ардагерлер арасындағы футбол

Сарыағаш ауданында спортшы ардагерлер арасында футболдан теңбіл доп бәсекесінен өтіп жатқан чемпионат өз мәресіне жетті. Тартысқа толы болып өткен біріншілікте қай командалар үздік атанды? Толығырақ, алдағы бейнесюжетте.
Халықтың базынасы қалай шешілмек?

Аудан басшысы Арман Абдуллаев бүгін кезекті рет жергілікті халықты жеке мәселелері бойынша қабылдады. Әкімнің қабылдауына келген сарыағаштықтар көкейтесті проблемаларды көтерді. Халықтың базынасы қалай шешілмек? Нақтырақ, алдағы бейнесюжетте.
Әр шақырылымның өз міндеті бар

1994 жылы еліміздің барлық өңірлерінде облыстық және аудандық жергілікті мәслихаттар құрылып, халықтың мүддесін қорғауға бағытталған ауқымды жұмыстар басталды. Бұл ретте Сарыағаш ауданының мәслихаты да өзіндік орнымен ерекшеленеді. Әр шақырылымда сол кезеңнің талаптарына сай жауапты тұлғалар қызмет етті. Соның бірі – жетінші және сегізінші шақырылымдарда мәслихат төрағасы болған Смайыл Тасқұлов.
Бабалар аңсаған азаттық

16 желтоқсан Тәуілсіздік мерекесіне орай №32 жалпы орта білім беретін мектебінде еліміздің Тәуелсіздік күніне орай үлкен әрі тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты – оқушылардың патриоттық сезімдерін арттыру, ұлттық рухты көтеру, жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу және ата-бабамыздың ерлікпен қол жеткізген тәуелсіздігін бағалауға үндеу болды. Іс-шараға мектеп оқушылары ғана емес, ата-аналар да қатысты.
Алты азаматтың құрметіне атаулы сынып ашылды

Тәуелсіздік күні меркесі қарсаңында №27 Шәкәрім атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 6 бірдей азаматтың құрметіне атаулы сыныптар ашылды. Ондағы басты мақсат – жастарға үлгі-өнеге көрсету, олардың бойында патриотизмді, тарихи сананы қалыптастыру, әрі ұстаздар мен ардагерлердің еңбек жолын, қажырлы еңбегін жастарға үлгі етіп көрсету. Тағылымы мол іс шара барысы толығырақ алдағы бейнесюжетте.
Сарыағаштық жалғыз майдангер 102 жаста

Сарыағаш ауданындағы сұрапыл жылдарда майданға аттанған бүгінде көзі тірі жалғыз ардагер Эрмахон Ишханов 102 жасқа толды. Бұл мерейлі датаға орай, Қорғаныс министрлігінің тапсырмасы бойынша Келес және Сарыағаш аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскери қызметкерлері мен жас сарбаздар ардагерді құттықтап, оның үйіне барды.
Өткеннен сабақ, болашаққа қадам

Бүгін Сарыағаш аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форум болып өтті. Аталған шараға пробация есебінде тұратын азаматтар, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен прокурорлар және кәсіпкерлер қатысты. Жиын соңында есепте тұрған азаматтарға арнап бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Футболдағы үздіктер марапатталды

Сарыағаш аудандық әуесқой футбол лигасының Күз-2024 А лигасы ойындары өз мәресіне жетті. Бірнеше ай бойы өз шеберліктерін көрсетіп, жүзден жүйрік мыңнан тұлпар танылған аяқдоп шеберлерінен құралған командалар марапатталды. Марапаттау рәсімінде алғаш болып сөз алған Сарыағаш аудандық мәслихатының төрағасы Рысбек Дүйсенов барша командаларды мерейлі жеңісімен құттықтап, өңірімізде футболдың дамуына сүбелі үлес қосқан жандарға да өз алғысын білдіріп өтті.