«Шалғайдағы ауылдарға барынша көңіл бөліп отырмын»

«Шалғайдағы ауылдарға барынша көңіл бөліп отырмын». Міне, осылай деген аудан әкімі Мұхит Отаршиевтің кезекті кездесуі Жылға ауылдық округінде болып өтті. Өңірде түйткілді проблемалар жетерлік. Десе де, кезең-кезеңімен жоспарға сәйкес атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар да баршылық. Әкім мырза, ең алдымен, өткен кездесулерде халық тарапынан айтылған талап-тілектердің орындалуы турасында баяндама жасады.
Жылғадағы мектеп құрылысы аяқталуға шақ

Жылға ауылдық округінде балалардың игілігі үшін салынып жатқан 100 орындық білім ұясының құрылысы бітуге шақ. Осы уақытқа дейін жаңа ғимараттың жанындағы тоз-тозы шыққан, жарамсыз бастауыш мектебінде оқып жатқан оқушылардың ендігі қуанышында шек жоқ. Құрылысшылардың сөзіне қарағанда, нысан 2 айдың көлемінде аяқталып, пайдалануға беріледі. Сюжет көрейік.
Сауда орталықтарында оқу-жаттығу жиыны өтті

Жетісай базарларының бірінде орын алған алапат өрттен ондағы саудагерлер әбден зардап шекті. Тілсіз жау біздегі сауда орындарында қайталанбасына кім кепіл? Осыған байланысты, өрттің алдын алу мақсатында Келес ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес, өңірдегі сауда орындарында оқу-жаттығу жиыны мен түсіндіру жұмыстары өтті. Нәтижесінде, аталмыш нысандардан бірқатар кемшіліктер анықталып, арнайы мамандар талапқа сай келмейтіндігін жеткізді. Ал базар әкімшілігі бұл олқылықтарды қанша уақыт аралығында түзетеміз деп отыр? Сюжет көрейік.
Сарыағаш аспанын ән мен күйге бөледі

Әр аптаның жұмасында «Жеңіс саябағына» әр ауылдың мәдениет үйлерінің өнерпаздары келіп, сарыағаштықтарға өз өнерлерін паш етіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап жүргендігінен хабардар болсаңыздар керек-ті. Бекітілген жоспарға сәйкес, өткен жұмада концерттер керуенін Жібек жолы ауылдық клубының өнерпаздары тізгіндеді. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.
Президент жолдауын талқылады

Келес өңіріндегі «AMANAT» партиясының актив жиналысы өтті. Онда залға жиналған депутаттар мен түрлі сала мамандары Мемлекет басшысының жолдауын талқылады. Келелі жиында алғаш болып сөз алған Ахмет Жұмабеков, Президент жолдауындағы маңызды мәселелерге тоқталып, баяндама жасады.
Жолдау жүктеген міндеттер талқыланды

Сарыағаш ауданы әкімдігі ғимаратында Президент Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын талқылау өтті. Ол Қазақстанды одан әрі дамытуға, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық салаларды нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және саяси трансформацияны іске асыруға бағытталған. Болып өткен жиында партия белсенділері жолдауды жан-жақты талқылап, депутаттар сөз сөйледі.
Келестік оқушылар қоқыс жинайтын робот құрастырды

Тыңнан түрен салған №2 Ө.Жәнібеков мектеп-гимназиясының оқушылары қоқыс жинайтын роботты құрастырып шықты. Бұл жұмысқа шамамен 2 жылға жуық уақыт кеткен. Ағымдағы жылдың мамыр айында аудандық конкурстан бас жүлде алған олар, өз туындыларын күз айларында облыста өтетін сайыста сынамақ ниетте. 1 батырма арқылы адамдардың жұмысын жеңілдеткісі келген қыздар жайлы алдағы бенесюжеттен көрейік.
Ахуалың қалай, ауыл ауруханасы?

Денсаулықты сақтайтын – дәрігер болса, олардың халыққа қызмет жасауына мүмкіндік жасайтын – емхана. Дербісек ауылдық округінде көп өңірде жоқ ауылдық аурухана 2019 жылы пайдалануға берілген-тұғын. Сол сәттен бастап мұндағы халық аудан орталығындағы ауруханаға барып сабылмайтындай дәрежеге жетті. Білікті де білімді медицина саласының қызметкерлері балтыры сыздаған сан тұрғынға медициналық көмек беріп келеді. Тақырыпты толығырақ тілші тарқатсын.
Сегіз айдың түйіні

Келес ауданында жыл басынан бері 300-ден аса мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған. Иә, бұл шаралардың барлығы елдің рухани дамуы мен кемелденуі үшін өте маңызды. Қазақылығы бұзылмаған киелі өңірдің мәдениет және спорт саласы облыстың алды болып келуде. Аталмыш қос салада 9 ай көлемінде қандай тірліктер атқарылғанын бағамдау үшін Ербол Назаровпен аз-кем сұхбаттасқан болатынбыз. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.
Жол азабын тартып келеді

Ауданымызда өркениеттен өгейлік көріп отырған ауылдар әлі де болсын бар. Мәселен, қаншама жылдардан бері топырақпен жүріп, жауын жауған күндері батпақ кешетін жаңатұрмыстық тұрғындардың шыдамы әбден таусылған. Арнаға арызданған олар, азапқа салған бұл проблема ертерек шешілсе екен дейді. Себебі күн райы бұзылса, балаларымыздың мектепке баруы екіталай деп шырқырауда халық. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.