Қайырымдылық марафоны өтті

Өңірде «Шекара Марафон Сарыағаш-2022» қайырымдылық марафоны болып өтті. Аудан әкімдігі және Сарыағаш ауданы бойынша Шекара басқармасымен қоса аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен өткен марафонға 450-ге жуық адам қатысты. Салауатты өмір салтын жанына серік еткен салауатты ұрпақ жайында толығырақ алдағы бейнесюжеттен көрейік.

Сарыағаш аспанын ән мен күйге бөледі

Әр аптаның жұмасында Жеңіс саябағына әр ауылдың мәдениет үйлерінің жеңімпаздары келіп, сарыағаштықтарға өз өнерлерін паш етіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап жүргендігінен хабардар болсаңыздар керек-ті. Бекітілген жоспарға сәйкес, өткен жұмада концерттер керуенін Ақ үй ауылдық клубының өнерпаздары тізгіндеді. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.

Әкім мырза сарыағаштықтармен кездесті

Күн құрғатпай ауыл-ауылды аралап, ондағы ағайынның жағдайын біліп, олардың мұңы мен мұқтажын көріп, түйткілді мәселелерді шешіп жүрген Мұхит Отаршиевтің кезекті кездесуі Сарыағаш қаласында жалғасты. Толыбай батыр мектебіне жиналған бұқара халықпен жүздескен әкім мырза қала тұрғындарының көкейтесті проблемаларын тыңдады. Болып өткен жиында, алдымен, әкім Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына өз пайым-пікірін білдірді.

Партия жұмысы – пәрменді

Жолдау – жарқын болашақтың бастауы. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1-қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан Халқына жолдауын сол күннен бастап түрлі мекемелер мен қоғам арасында түсіндіру жұмыстары жүруде. Жолдау жүктеген міндеттерді саралау мақсатында бүгін Құркелес ауылдық округінде «AMANAT» партиясы мүшелерінің жиыны болып өтті. Нақтырақ сюжет көрейік.

Қайта сайлануға тыйым салынады

Қайта сайлануға тыйым салынады. Президент мандатының ұзақтығы жеті жылдық және бір мерзіммен шектеледі. Елімізде кезектен тыс Президент сайлауы 20-қарашада болып өтеді. Еске салсақ, Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет екендігін атап өтті. Бұл туралы қоғам белсенділері қандай пікірде? Сюжет көрейік.

Заман індеті – тұрмыстық зорлық-зомбылық

Мемлекет басшысы халыққа арнаған соңғы Жолдауында отбасылық қатыгездік үшін жазаны қатаңдату қажеттігі туралы мәлімдеді. Жанұялық жәбірлеу жайтының жиілеуі себепті зардап шеккендерге әлеуметтік көмек жобалары, орталықтар және сүйемелдеу секторлары жұмыс істейді. Мұндай арнайы орын Сарыағашта да бар. Осымен 10 шақты ауылды аралаған аудандық психологялық-сүйемелдеу секторының меңгерушісі Марат Тарақтиев, баршаға отбасылық зорлық-зомбылықты алдын алу турасында түсіндіру жұмыстарын жүгізді. Толығырақ сюжет көрейік.

Жаңаталаптықтардың жанды концерті

Әр аптаның жұмасында өтетін «Сарыағаш – сазды өлке» атты ауыл өнерпаздарының концерті жалғасуда. Жоспарға сәйкес, бұл жолы Жаңаталап ауылының таланттылары әсем әуенді әуелетіп, Сарыағаш аспанын ән мен күйге бөледі. Тек жанды дауыста ән шырқаған ауыл азаматтары жиылған көпке ерекше көңіл сыйлап, өткеннің есті әндерін сарыағаштықтарға тарту етті.

Ахуалың қалай, ауыл мектебі?

Шалғайда орналасқан Тасқұдық елді мекеніндегі №42 Ә.Жангелдин мектебі 2021-2022 оқу жылында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. Сапалы білімге сусындап өскен ауыл балалары «Елбасы медалі», «Алтын белгі», «Үздік» аттестаттарды иемденген. 200-ге тарта бала оқитын мектеп үшін бұл – үлкен жетістік. «Қыран түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға талап сылайды» демекші мұның барлығы білім ұясындағы білікті де білімді мамандардың арқасы. Толығырақ сюжет көрейік.

Достар, достар! Жүрсің қайда?

«Достар, достар! Жүрсің қайда? Бірге еді ғой жанымыз. Еске алып осындайда, кел шырқайық бәріміз». «Жамбыл» мектебінен түлеп ұшқандар 45 жылдан соң, саялы өлкеде қайта кездесті. Бүгінде ақ жаулықты ана атанып, ел ағасы болған сыныптастың барлығы үлкен өмірге қанат қақтырған білім ұясы мен аяулы ұстаздарын еске алып, алаңсыз албырт шаққа көз жүгіртті. Жүрекке ыстық мезгілдер, күлкі ұялатқан керуен кезеңдерді тебіреніспен еске алған түлектер жайлы алдағы бейнесюжеттен көрейік.

Ауыл өнерпаздарының концерті жалғасуда

Ауыл таланттыларының концерті жалғасуда. “Сарыағаш сазды өлке” атты концерттік бағдарламаны жоспарға сәйкес, күні кеше Әлімтау ауылының өнерпаздары тізгіндеді. Олар саябаққа жиналған сарыағаштықтарға күмбірлеген күй мен әуезді әндерді шырқап, жиылған көптің көзайымына айналып үлгерді.