Ұстаздар тәжірибе алмасты

Білім – білгеніңмен бөлісу арқылы көбейіп, мұнымен адамның тәжірибесі де арта түседі. Еліміздің ертеңі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру мақсатында №1 Мұхтар Әуезов мектеп-гимгназиясында білімді, білікті орыс тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары өзге аудандардан келген ұстаздармен тәжірибе алмасты. Нақтырақ Халима Мақсатқызы жалғайды.

Өнерлі де өнегелі шаңырақ

Мықты мемлекеттің іргесін берік қалайтын ол – бірлігі бекем отбасылар. Біздің өңіріміз де ондай отбасылардан кенде емес. Бүгін біз өнерлі де өнегелі жанұя, шаңырағына бақ пен береке ұялаған Шапулатовтар отбасы туралы айтпақпыз. Нақтырақ сюжет көрейік.

Мен – елімнің қорғанымын

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани тірегі болып, қоғамның дамуына азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыруға негіздейтін ең маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда әскерге барудан жалтаратын жастардың қатары көбейіп кетті. Олардың бойындағы патриоттық сезімді арттыру мақсатында Сарыағаш ауданы бойынша Шекара басқармасында тағылымы мол экскурсия болып өтті. Толығырақ сюжет көрейік.

Тұмауға қарсы вакциналау басталды

Республика бойынша ЖРВИ-ға қарсы екпе егу науқаны 3-қазанда басталды. Ресми деректерге сүйенсек, былтыр елімізде аталмыш аурумен 3 млн 900 мың адам ауырған. Жыл сайын қарашада басталып, сәуір айына дейін созылатын бұл инфекцияға қарсы екпені бүгінде ауданымыздан 5 санатқа жіктелген адамдар қабылдауда. Нақтырақ сюжет көрейік.

Кимешегін күн сүйген дербісектік әжелер

Қазақи тәрбиенің бастауы, қайнар көзі саналатын – әжелер өнегесінің қай қоғамда болмасын алар орны ерек. Әжелер өнегесі ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, ғасырдан ғасырға жалғасатын тәрбиенің таусылмас қайнар көзі. Ал қазір біз, қазақы қаймағы бұзылмаған Дербісек ауылындағы асыл әжелер туралы айтпақпыз. Ендеше, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды қайта жаңғыртып, жастардың санасына сіңіріп жүрген алтын құрсақты аналар жайында сюжет көрейік.

Жетістіктер ауыз толтырып айтарлықтай

Қазақилықтың иісі аңқыған саялы өлкеміздің әу бастан мәдениеті мәйекті, өнері өрісті екендігі баршаға мәлім. Талай облыстық, республикалық өнер додаларында үнемі топ жарып жүретін сарыағаштық өнерпаздардың жыл басынан бері жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Осылай деген мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әбіләзім Жаншуақов өзі басқарып отырған бөлімнің 9 айда атқарған жұмыстарына тоқталды. Толығарақ сюжет көрейік.

Облыс әкіміне қордаланған проблемаларды жайып салды

«Сарыағаш пен Келес аудандарында мәселелер көптеп жиналып қалыпты. Шын айтамын. Осы екі аудан бойынша арнайы жиналыстар өткіземін». Осылай деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Келес ауданына іссапары барысында тұрғындардың өтініштері мен талап-тілектерін тыңдап, тұщымды жауап берді. Жауапты сала мамандарына тапсырма беріп, мәселелерді жан-жақты қарап, шешу жолдарын тапсырды. Халима Мақсатқызы нақтырақ.

«Ұстаз жолы – ұлы жол»

Мұғалімдерге құрмет! Аудан басшысы Мұхит Отаршиев білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін және жоғары жетістіктері үшін ұстаздарға марапаттар мен сыйлықтар тарту етті. Қызылжар ауылдық мәдениет үйінде болып өткен салатанатты кеш жайында толығырақ сюжет көрейік.

Түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде

Былтыр Ұшқын ауылдық округінде газдан уланып қаза тапқан 4 адамның өлімі қоғамдық резонанс тудырған болатын. Белгілі болғандай, оқыс оқиға пеш пайдалану ережелерінің талаптарын сақтамағандықтан орын алған. Бұл жайт биыл да қайталанбасына кім кепіл? Бүгін жылыту маусымының басталуына орай, Ұшқын ауылдық округінде өңірлік ТЖБ, ТҮКШ, газ шаруашылығының бірлесуімен профилактикалық шара өтті. Нақтырақ Халима Мақсатқызының бейнематериалында.

Кең болсаң, кем болмайсың!

“Кең болсаң, кем болмайсың. Қолы ашықтың, жолы ашық” деген қағиданы ұстанған кәсіпкерлер бүгін зағип жандарды бір қуантты. “Rijk Zwaan” компаниясы өздерінің табиғи өнімдерін мүмкіндігі шектеулі жандарға үлестіріп, оларға қоғамнан шетте қалмағанын сездіртіп, жан-дүниелерін жадыратты. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандардың басын бір ортаға жинап, аталмыш игі іс шараны ұйымдастырған Кәтепкүл Мергенбаева диқандарға өз алғысын білдірді.