Замануи жиһаз құрастыру цехы жұмыс жасауда

Өңірде орта және шағын бизнес дамып келуде. Сәйкесінше, аудан бюджетіне инвестицияны көптеп тартатын кәсіпкерлердің саны күн санап артуда. Ал біздің бүгін айтайын деп отырғанымыз, Сіргелі елді мекеніндегі жиһаз цехы. Аталмыш кәсіпорын жылына 5000 дана жиһаз құрастырып шығуға қауқарлы. 10 жылдан бері отбасылық кәсіппен айналысып келе жатқан Утешовтар туралы нақтырақ сюжет көрейік.

Азық-түлік себеттерін тарту етті

Аудан әкімі Мұхит Отаршиев Қабланбек өңіріне іс-сапары барысында әлеуметтік жағдайы жағдай төмен отбасылардың үйіне табан тіреді. Ондағы мақсаты – «Қамқорлық» жобасы аясында аталмыш жанұяларға азық – түлік себеттерін үлестіріп, олардың мұң-мұқтажына құлақ түру. Нақтырақ тіліші бейнематериалында.

Халық атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдірді

“Қабланбек ауылдық округінің жағдайы өзге ауылдармен салыстырғанда жоғары”. Қабланбек ауылдық округі тұрғындарымен кездескен өңір басшысы Мұхит Отаршиев, жергілікті халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, көкейтесті сұрақтарына жауап берді. Әкім мырза әдеттегідей, ең алдымен, өткен кездесулерде халық тарапынан ұсынылған талап-тілектердің орындалуы турасында баяндама жасады.

Дихан бабалықтар әкімге дән риза

Мемлекет басшысы «барлық деңгейдегі әкімдер халықпен кездесулер өткізсін» деп Жарлыққа қол қойған болатын. Бүгін Президент тапсырмасына сәйкес, Жібек жолы ауылдық округінің әкімі Дихан баба елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Әкім мырза, ең алдымен, 9 айдың қорытындысын залға жиналғандарға баяндап, өңірде қандай ілкімді істер атқарылғандығын жеткізді.

Ұстаз есімі ұлықталды

Бар саналы ғұмырын шәкірттердің сапалы білім мен саналы тәрбие алуына сарп еткен ұстаз Тұрдалы Қазбековтың есімі ұлықталды. 1989 жылдан 2005 жылға дейін директорлық қызметті атқарған ұстазға Майлықожа мектебінде физика кабинеті салтанатты түрде ашылды. Тақырыпты толығырақ келісті кешке қатысып қайтқан әріптесім жалғайды.

Жекеменшік емхана халыққа сапалы қызмет көрсетеді

Басы ауырып, балтыры сыздаған сарыағаштықтарға жағымды жаңалық. «Аян» емдеу-сауықтыру» орталығынан бар жағдайы жасалған, стандартқа сай, ауруына шипа іздеген қала тұрғындарына арнап емхана ашылатынын хабарлаймыз. Жалпы аталмыш шипажайға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жанына дауа іздеген сырқаттар келіп, жан-жақты шипа алып жүр. Міне, осыған қарап мұндағы дәрігерлердің жоғары білімді және тәжірибелі маман екендіктерін бірден аңғаруға болады. Нақтырақ сюжет көрейік.

Бүгін – Құтқарушылар күні

Арна тілшілерінің құтқарушыларды құттықтау рәсімі Келес ауданында жалғасын тапты. Қандай қайғылы, қасіретті оқиға болмасын, бар күш-жігерін салып, антына адал болып жүрген құтқарушыларымыздың атқарып жүрген жұмысы ерен. Елдің қауіпсіздігі үшін бастарын қатерге тігіп жүрген құтқарушылар да Қазақстандағы барша әріптестерін атаулы мерекемен құттықтады. Толығырақ алдағы бейнесюжеттен көрейік.

Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойын атап өтті

Қазақ ұлтының бұлбұл әншісінің бірі, ән өнерінің падишасы – Роза Бағланованың туғанына биыл 100 жыл. ЮНЕСКО деңгейінде тойланатын тұлғалар тізіміне енген даңқты әншінің ғасырлық мерейтойы жыл басында-ақ басталып кеткен болатын. Сарыағаш аудандық мәдениет үйі де Халық қаһарманының 100 жылдығына орай танымдық-музыкалық бағдарлама өткізді. Нақтырақ Халима Мақсатқызы тарқатады.