Жастар жұмыссыз қалмайды

Жастар жұмыссыз қалмайды. Бүгін елдегі барлық колледждерде “Жұмыс берушілер күні” өтті. Дәл осындай келісті кештің бірі өңіріміздегі Абу Али Ибн Сина жоғары медициналық колледжінде де ұйымдастырылды. Жоспарға сәйкес, ынтымақтастықты дамыту үшін қажетті нормативтік-құқықтық базаның өзекті мәселелері және серіктес мекемелер мен колледж жетістіктері, перспективалары талқыланған жиын турасында алдағы бейнесюжеттен көрейік.

КЕЛЕСТІК САНЖАР ТАШКЕНБАЙ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Иорданиядан сүйінші хабар. Жерлесіміз, келестік Санжар Ташкенбай Қазақстан қоржынын майлады. Ол 48 келі салмақта былғары доп шеберлерінің аламанында қарсыластарын алып та, шалып та жығып, алтыннан алқа тағынды. Төрткүл дүние алдында ел абыройын асқақтатқан сайыпқыранның әжесі, жалпы бүкіл қазақ елі Санжардың жетістігіне жүректері алып-ұшып қуануда. Жүрегінде намыс оты ұшқындаған Санжар туралы толығырақ Халима Мақсатқызының сюжетінде.

«Әкімнің атқарған жұмысына ризамын»

«18 жылдан бері көкке ұшқан талап-тілегіміз сіз келгеннен соң орындалды». Ақментай Есбаевтың халықпен кезекті кездесуінде осылай деген Жүзімдік жұртшылығы, әкім мырзаның атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп, өңірдегі қордаланған толғақты проблемаларын да жеткізді. Әдепкі үрдісше аудан басшысы, ең алдымен, өткен кездесуде халық тарапынан айтылған талап-тілектердің орындалу процесін баяндады.

“Пәтерлерді көктемде табыстауды жоспарлап отырмыз”

WhatsApp мессенджерінде “Сарыағаштағы көпқабатты тұрғын үйлер түнде халыққа табысталып жатыр” деген қауесет тарады. Белгілі болғандай, бұл ақпар жалған! Жауапты сала мамандары сенімді дереккөздерге сенуге шақыруда. Олардың сөзінше, пәтердің кілттерін кезекте тұрған азаматтарға 2023 жылдың сәуірінде табыстау жоспарлануда. Толығырақ сюжет көрейік.

Азаматтық белсенділік танытатын кез келді

Кезектен тыс Президент сайлауы – еліміздегі қоғамдық саяси үрдістер мен геосаяси ахуалға әсер ететіні сөзсіз. Себебі халық қашан да әділ сайлау мен әділетті сенімге иек артқан. Дәл осы сайлауда саналы таңдау жасау – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды кезең болмақ. Осы ретте Келес ауданының тұрғындары да баршаны ұлт мүддесі, ел болашағы үшін мемлекет тарихындағы маңызды оқиғаға белсене қатысуға шақыруда.

Рухани құндылықтар мекені

Музей, ең алдымен, ғылыми әрі тарихи зерттеу мекемесі. Ол өзі жинаған жәдігерлері арқылы халыққа, зерттеушілерге негіз боларлықтай қор жинаушы. Осындай тарихтың қоймасындай болып отырған Сарыағаш аудандық тарихи-өлкетану музейі – өңірдің өткені мен бүгінгісін жинақтап, зерттеп, өскелең ұрпаққа жеткізіп отыратын киелі орын. Жыл басынан бері бұл орында қандай жұмыстар атқарылды? Тарихи жәдігерлер қоры қалай толығуда? Тілші анықтап көрген болатын.

Сайлау-2022: «Жұдырықтай жұмылатын кез келді»

Сарыағаштық білім саласының педагогтары алдағы кезектен тыс президенттік сайлауға қатысуды әрбір қазақстандықтың борышы деп санайды. Сондай-ақ, дауыс берушілерді таңдау жасау арқылы еліміздің болашағы үшін маңызды қадам жасауға шақырады. «Жұдырықтай жұмылатын кез келді» деп осындайда айтса керек-ті. Нақтырақ сюжет көрейік.

Әкім мырза жақсы жаңалықпен жұртшылықты құлағдар етті

Бүгін Келес ауданының әкімі А.Есбаев Бірлесу ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Халыққа есеп беру кешінде сөз басын алда өтетін сайлауға қатысуға шақырудан бастаған өңір басшысы, ел үшін саяси маңызы зор науқанға біркісідей атсалысуға үндеді. Мұнан соң, әдеттегідей, өткен кездесулерде халық тарапынан айтылған талап-тілектердің орындалу процесін баяндады.

Топырақта доп қуалаған балалардың қуанышы

Топырақта футбол ойнап, доп қуалаған Нұрлы жол елді мекенінің балалары бүгінде ерекше көңіл-күйде. Себебі ауылда бұқаралық спортты дамыту мақсатында барлық спорт жабдықтарымен қамтамасыз етілген заманауи үлгідегі ашық спорт алаңшасы ашылды. Спорттық нысанның ашуылуында арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Отаршиев, жергілікті тұрғындарды құттықтап, ондағы ел ағалары, ең алдымен, лента қию рәсімін жасады.