Мәдениет ошағының құрылысымен танысты

Жыл өткен сайын өңіріміз жаңа нысандармен толығып келеді. Аудан әкімі Мұхит Отаршиев Диханбаба елді мекенінінде жергілікті өнер майталмандары мен жұртшылықтың сұранысына сай бой көтеріп жатқан мәдениет үйінің құрылысымен мұқият танысып шықты. Толығырақ тілші сюжетінде.
Әкімнің халықпен кездесуі жалғасуда

Аудан әкімі Мұхит Отаршиевтің халықпен кезекті кездесу керуені Ақжар ауылдық округінде болып өтті. 2022 жылдың соңында ақжарлықтармен қорытынды жиында жүздескен әкім мырза, ең алдымен, өткен кездесулерде халық тарапынан айтылған талап-тілектердің орындалу барысын баяндады.
Уәде орындалды ма?

Дербісек ауылдық окруігін өркниеттен өгейлік көріп отыр деуге келмейді. Десе де, аудан әкімі Отаршиевтің дербісектіктермен өткен тоқсандағы кездесуінде барлығы 28 проблема көтерілген болатын. Шыдамы таусылып, зәрезап болған тұрғындардың бұл мәселелерінің бүгінде бірқатары шешіліп, өзгелері орындалу үстінде. Бұл жөнінде аудан әкімі күні кеше Дербісек жұртшылығымен болып өткен жиында баяндады.
Ұлт ұстазын ұлықтады

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде, онан бөлек елімізде ауқымды түрде аталып өтуде. Қазақ ұлтының ұлы тұлғасының мерейтойына орай, бүгін Қызылжар ауылдық мәдениет үйінде тағылымы мол шара болып өтті. Толығырақ сюжет көрейік.
Жемқорлық – қоғамға қастық

Жемқорлық – қоғамға қастық. Бүгін Қызылжар ауылдық округінде қоғамдық кеңестің жанынан құрылған комиссия мүшелерінің ақпараттық түсіндіру жұмыстары өтті. Онда сыбайластыққа қарсы іс қимыл жүргізу мен оған жол бермеу жайы сөз болды. Аталған шара медицина, білім саласы және мәдениет саласы қызметкерлері арасында ұйымдастырылды.
БІРЛІГІ БЕКЕМ ЖОНАРЫҚТЫҚТАР

Қаншама жылдардан бері аңқасы кеуіп, кенезесі кебірсіген Жонарық елді мекенінің тұрғындары бүгінде көтеріңкі көңіл-күйде. Себебі – ауылға олар көптен күткен ауыз суды кіргізу жұмыстары жүруде. Мұнан бөлек, ынтымақ пен берекесі жарасқан ауылдағы ағайын Алла үйін салып, оны аяқтауға шақ. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.
Сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды

Тәуелсіз Қазақстан тарихында 7-рет өткен Президент сайлауында 11 953 465 қазақстандық дауыс беру құқығына ие болды. Пайызға шаққанда белгіленген уақытқа дейін сайлаушылардың 69,43 пайызы өз таңдауын жасап, белсенділік танытқан. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы брифинг өткізіп, комиссия төрағасы саяси додада бағын сынаған Президенттікке үміткер 6 кандидаттың қанша дауыс жинағанын мәлімдеді.
Президент кім болмақ?

Сайлау науқаны басталды, таяқ жерге тасталды. Елімізде Президент сайлауы осымен 7-рет өтіп жатыр. Бұл сайлаудың әрбір қазақстандыққа үлкен жауапкершілік, азаматтық борыш жүктегендігін таңның атысымен-ақ өз кандидаттарын таңдауға келген сарыағаштықтардан байқауға болады. Сайлаушылардың әрқайсысы ел мүддесі үшін, егемен еліміздің ертеңі үшін, болашағымыз үшін дауыс берді. Тақырыпты толығырақ Халима Мақсатқызы тарқатады.
Сайлауға алғаш рет қатысып, үшінші мыңжылдықтың шымылдығын ашқан Бауыржан Мекен өз таңдауын жасады
«Құр уәде бере алмаймын»

«Құр уәде бере алмаймын». Әдепкі үрдісше бейсенбіде аудан әкімі Мұхит Отаршиев халықпен кездесті. Бұл жолғы жұртшылықпен кездесу керуені Жемісті ауылдық округінде жалғасты. Әкім мырза, ең алдымен, өткен тоқсандағы кездесуден халық тарапынан айтылған талап-тілектердің орындалуы жөнінде баяндама жасады.